Get Mystery Box with random crypto!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

Telegram арнасының логотипі kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Арнадағы тақырыптар:
Insideout
Ойжұмбақ
Арна мекенжайы: @kalkastop
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.52K
Арнадан сипаттама

Каналға жаңа жылда өсіп-өркендеуге тілекші болам десеңіз 🤗
77078399871

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-05-30 17:06:46
Грамматикалық фактчекиң:
Мәжіліс төрағасы туды қорлаған жас әншілерге қатысты пікір білдірейін деп сахнаға мас күйінде шыққан
Күлетін нәрсе емес негізі.
2.7K viewsNazgul Kozhabek, edited  14:06
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 08:48:26 Айтпақшы, достарым ArtKöshe деген тәуелсіз театр ашып, алғашқы қойылымы - SEN мюзиклін ұсынғалы жатыр. Бұл мюзикл - сенім, махаббат және медиа сауат жайлы. Қарапайым спектакль қою қандай қиын болса, мюзикл жасау тіпті қиын. Достарымның айлар бойғы еңбек нәтижесін көргіңіз келсе, сенбі-жексенбі Алматыда болсаңыз, мюзикл премьерасына келіңіз. Бұл мюзиклде жас актерлермен қатар, dudeontheguitar, Jeltoksan есімімен танылған әншілер де ойнайды. Билеттер мына жерде: https://ticketon.kz/place/artkoshe
2.2K viewsNazgul Kozhabek, 05:48
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 08:48:26 Менің де достарым
2.1K viewsNazgul Kozhabek, 05:48
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 05:22:08 Американдық

АмерикаНец

онда АлматиНец АлматыНдық болсын
2.6K viewsNazgul Kozhabek, 02:22
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 05:03:35 Грамматикалық фактчекиң

Бір сала қызметкерлерінің жалақысы өсетіні туралы айтып жазғанда, осынша теңгеге өседі десеңіз, ол қызметкерлердің қазіргі бар жалақысына осынша теңге қосылатынын айтқаныңыз. Байқаңыз. 300 000 теңге алатын адамның жалақысы 500 000 мыңға өседі/көтеріледі десеңіз, 800 000 теңге айлық қайда бар деген дауға қаласыз. Орысша “вырастут на…” дегенге де алданып қалмаңыз, ол да қате.

Денсаулық сақтау саласы мамандарының жалақысы ( айлығы деуге болмайды) 500 000 теңгеге ДЕЙІН өседі/көтеріледі.
2.7K viewsNazgul Kozhabek, edited  02:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 16:45:18 қол ұшымызды созайық

қанша адам созса да, өзінікін не біреудікін созса да, бұл тіркес тәуелденбей, көптелмей, жіктелмей қолданылады. Және қол ұшы созылмайды, созылатын "көмек қолы" - орысшадан калька деп ойлаймын))))

қол ұшын берейік
1.3K viewsNazgul Kozhabek, 13:45
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 05:45:23 сызықты емес

нелинейный

бұл жердегі линия - сызық емес, желі
1.7K viewsNazgul Kozhabek, 02:45
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 05:26:03 соғысты жеңді

соғыспен соғысқан ба?

соғыстА, қарсыласын жеңді
1.7K viewsNazgul Kozhabek, 02:26
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 15:02:01 курстар неге сұранысқа ие?

курстарға неге сұраныс бар/сұраныс көп?
785 viewsNazgul Kozhabek, 12:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 14:46:43 ағзадағы мырыш құрамы

содержание цинка в организме

қан құрамындағы мырыш мөлшері
1.2K viewsNazgul Kozhabek, 11:46
Ашу / Түсініктеме