Get Mystery Box with random crypto!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

Telegram арнасының логотипі kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Арнадағы тақырыптар:
Insideout
Ойжұмбақ
Арна мекенжайы: @kalkastop
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.52K
Арнадан сипаттама

Каналға жаңа жылда өсіп-өркендеуге тілекші болам десеңіз 🤗
77078399871

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-06-10 14:49:09 Грамматикалық фактчекинг

жақында Мұрат Әбділданы ұзақ мерзімге соттады

Мурата приговорили…

Орыс тіліндегі ана формадағы баяндауышта бастауыш жасырынып тұрады. Қазақ тілінде олай емес. Мұрат соттады, Әбділданы Мұрат соттады болып кетеді.

Лингвистикалық экспертизадан мұндай сөйлем өтпеуі керек
1.6K viewsNazgul Kozhabek, 11:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 11:14:04
Грамматикалық фактчекинг

Орысшада баяндауышы көпше түр, өткен шақтағы етістіктен жасалған сөйлемді аудару - қазіргі медианың бас ауруы. Мына сөйлемнің бастауышы Тоқаев та, референдум да, Азаттық та болуы мүмкін. Әрқайсы сөйлемге түрлі мағына береді, қалауыңша тәпсірлей бер.
1.9K viewsNazgul Kozhabek, 08:14
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 06:41:58 кенелік энцефалит

клещевой энцефалит

"Кенеден жұғатын энцефалит" еді анығында
1.7K viewsNazgul Kozhabek, 03:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 05:09:31 Кейінгі трендке орай “хиджабтағы, орамалдағы” деген қате қайтадан жылтыңдап көрініп жатыр.

в хиджабе, в платке

орысша “в доме” деген мен “в хиджабе” деген бір форма болса да, қазақша олай емес.

хиджаб киген / хиджабты, орамал таққан / орамалды

Орамал киілмейді, тағылады, салынады, байланады
1.8K viewsNazgul Kozhabek, 02:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 21:37:55 дағдарысты коммуникациялар

кризисные коммуникации

Коммуникациялар дағдарып тұрғандай…

Коммуникациялардың еш жерінде дағдарыс жоқ, бұл жерде дағдарыс кезіндегі коммуникация сөз болып тұр.

-ты-дыланған тілден мағына іздемеңіздер.
1.8K viewsNazgul Kozhabek, edited  18:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 16:23:56 вирусты бөлшектер

вирусные частицы

-ты -ті -ды -ді -лы -лі жұрнағын қолдануға ресми тыйым салынбаса, осы кеткені - кеткен.
1.8K viewsNazgul Kozhabek, 13:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 16:21:58 сілтілі-қышқылды баланс

кислотно-щелочной баланс

"Сілті-қышқыл балансы"
1.8K viewsNazgul Kozhabek, 13:21
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 13:27:19 алаяқтықты иемдену

мошенническое присвоение

Бұл өмірде бәрін көрдім деп жүргем
1.9K viewsNazgul Kozhabek, 10:27
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 06:43:10 Таусылу мен сарқылу бір ме?

Жоқ. Ыдыстың ішіндегі нәрсе таусылғанда, ыдыс сарқылып қалады.

Шай таусылады, самауырын сарқылады.

Кен таусылады, кен орны сарқылады.

Адамның қуаты таусылады, адам сарқылады.
795 viewsNazgul Kozhabek, 03:43
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 17:35:51 арендалық субсидия

“арендная субсидия” ма деп іздесем, тіпті ондай жоқ

“субсидирование аренды / арендованного жилья” деген бар

қазақшасы - тұрғын үй жалдауға субсидия беру / берілетін субсидия

Шындағанда, жылжымайтын мүлікке қатысты “жалдау/жалдамалы” деген де қате, бұл адамға қатысты айтылады: кісі жалдау, жалданып жұмыс істеу. Ал мүлік “жалға алынады”, не кей өңірде айтылатындай - “майланады”.

Сонда “тұрғын үйді жалға алуға берілетін субсидия”.
1.4K viewsNazgul Kozhabek, edited  14:35
Ашу / Түсініктеме