Get Mystery Box with random crypto!

Ассистент деген кім? Ол қай сұрақтардың жауабын білуі керек? ⠀ | Жазира Байдалы

Ассистент деген кім? Ол қай сұрақтардың жауабын білуі керек?

Соғыс кезінде ассистент ту ұстаушының қасында жүрген. Кейін білім беру саласында ассистенттік пайда болды. Ұстаз болғысы келетін жастар ассистент болып педагогикаға терең бойлаған. Кейін ғылымға аяқ басқан жас ғалымдар ассистент атын иемденетін. Қазір ассистент бизнес әлемінде кең сұранысқа ие.

Ассистенттің 4 түрі бар: жеке, персонал, бизнес және әкімші.

Жеке ассистент бастығының комфортын ойластырады. Кездесу уақыттарын жоспарлап қана қоймай кей сапарларда серігі болады. Персоналды ассистент бастығының жеке бас мәселесін шешеді. Бұл көбіне отбасылық мәселелер. Мысалы, «Қызыма репетитор тауып бер» дегендей жұмыстар.
Бизнес ассистент - әмбебап маман. Ол құжаттарды реттейді, жобалар жүргізеді, кездесулер ұйымдастырады. Бұл ассистентті бастықтың оң олы деп айтуға болады. Бизнес ассистент болу үшін қаржы, заң, маркетинг, мероприятие, hr бойынша білім керек.
Әкімші ассистенттің жұмысы хатшыға ұқсайды. Тек оның мойнында жауапкершілік сәл көбірек болады.
Гуманитар адамнан мықты ассистент шығады. Себебі ассистент болу үшін ең бастысы эмоционалды интеллект керек. Ассистент болып жұмыс істеген адам аз уақытта жан-жақты білім алады. Ол үшін карьераны персонал ассистенттен бизнес ассистентке дейін жасау керек.

Ұзақ жыл бойы бір адамның ассистент болу комфорт аймағына айналып, дамуды тежеуі мүмкін.

Ассистент болғыңыз келе ме? Жалпы, кез келген салада мықты қызметкер болғыңыз келе ме? Мына 4 сұрақты үнемі қойыңыз.

Жұмысқа қандай талап қоясыз? Бұл жұмысты қашан бітіруім керек?
Бітірдім, тағы тапсырма бересіз бе?
Дамуым үшін қандай ақыл-кеңес бере аласыз?