Get Mystery Box with random crypto!

365 күндік пайдалы контент #5/365 ⠀ Прокрастинация – істі кейі | Жазира Байдалы

365 күндік пайдалы контент #5/365

Прокрастинация – істі кейінге қалдыру әдеті

Шаруаны тақалғанда тындыру көпшілігімізге тән. Соның кесірінен жұмыс өнімділігі мен денсаулығымызға нұқсан келеді

Неге ертеңге қалдыруға әуеспіз

Ондай жағдай бәрінің басынан өтеді. Алайда, кей адамдар үшін бұл айықпас дертке айналады. Қанша тырысса да, еш нәрсені уақытылы тындырмайды. Содан өз-өзіне налиды. Оның себебі әртүрлі: бірсарынды жұмыс, зейін қоюдан қиналу, шаршау, сәтсіздіктен қорқу, қызықсыз, ұнамайтын нәрсемен айналысу.

Прокрастинациядан құтылу үшін

Уақытты дұрыс бөлу
Егер сізге бір күнде бірнеше тапсырманы үйіп-төксе, не істеріңізді білмей қаласыз. Сол үшін маңыздылығына қарай істі бөліп қойыңыз. Осылайша сол іске зейін қоясыз. Эйзенхауэр матрицасын қолданып көрсеңіз болады.

Шынайы мақсат қою
Өзіңіздің шамаңызды біліңіз. Ағылшын тілін білмейтін адамға бір аптада ағылшынша сөйлеп үйрен десе, ол орындалмайтыны хақ. Сол үшін де қай уақытқа дейін орындап бітіру керегін дұрыстап ойластырыңыз. Тым қатаң режим ұстанбаңыз.

Қатаң күн тәртібінен бас тарту
Күн тәртібіңізге расымен маңызды істерді жазыңыз. Бірақ әр минут, секундын жоспарлау қажет емес. Жоспарланбаған істерге де уақыт қалдырыңыз. Тым қатаң күн тәртібімен жүру жалықтырады.

Есеп беру
Кешке өзіңізге есеп беріңіз: не істедіңіз, не бітірмедіңіз? Өзіне есеп бермейтін адам шаруаны ертеңге қалдырып, істі қиындататынын түсінбейді. Есеп беру арқылы қалай жеңгеніңізді байқайсыз. Ертерек бітіру арқылы бос уақыт пайда болғанына қуанасыз.