Get Mystery Box with random crypto!

Банк ЦентрКредит Альфа-Банк Қазақстанды сатып алады «Альфа-Ба | Informburo_kaz

Банк ЦентрКредит Альфа-Банк Қазақстанды сатып алады

«Альфа-Банк» АҚ пен «Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстандағы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ сату туралы келісімге келді.

«Банк ЦентрКредит» 100% жай акцияларды сатып алып, «Альфа-Банк Қазақстанның» жаңа акционері болады. Кейін банкке ребрендинг жүргізеді.

Бұл «Альфа банк Қазақстанның» АҚШ пен басқа елдердің санкциялар тізімінен шығуына ықпал етеді. Осылайша, ол толық қазақстандық банк болады.

«Банк ЦентрКредит» депозиторлар алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін банкты өз қаражаты есебінен қолдауға, сол арқылы қалыптасқан жағдайды жедел түрде шешуге дайын.

t.me/informburo_kaz