Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан Халық партиясы

Telegram арнасының логотипі halykparty — Қазақстан Халық партиясы Қ
Telegram арнасының логотипі halykparty — Қазақстан Халық партиясы
Арна мекенжайы: @halykparty
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 423

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 7

2023-05-06 09:01:39
Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қарулы күштері желдің өтінде, жардың шетінде тұрып, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен аумағымыздың тұтастығына кепіл болды. Ал мемлекет қазақ елінің айбынын асырып, ордасын орнықтыру міндетін мінсіз атқару үшін қорғаныс қабілетін күшейтіп, әскерилерді қолдауға басымдық берді.

Бейбітшілікке бағытталған салиқалы саясат мемлекеттілігіміздің мызғымастығы мен елдік мүддені нығайтты. Нәтижесінде әскер сапында болу рухы мықты адамдардың мәртебелі әрі жауапты міндетіне айналды.
Жас сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеуді – абыройлы іс деп білді. Ал әскери киім киген адам жауапкершілігі жоғары, нағыз ұлтжанды азамат саналды.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері бүгінде әлеуеті мықты армия. Қазір ол жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп тұр.

Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметшілердің азаматтық борышына абырой, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, бақытты ғұмыр, татулық пен береке тілейміз.

Аспанымыз ашық, іргеміз берік болсын. Тыныштыққа тұтқа болып, бейбітшіліктің бесігін тербете берейік!

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Қазақстан Халық партиясы
15 views06:01
Ашу / Түсініктеме
2023-05-05 15:14:26
Бүгін Мәжілісте Қазақстандағы діни ахуал мәселелерін талқылаған Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Оған комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов жетекшілік етті. Жиынға депутаттармен қатар, Бас Прокуратура, ҰҚК, министрліктер мен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы өкілдері және сарапшы мамандар қатысты.

Тақырып бойынша Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ішкі істер министрлігі өкілдері баяндама жасады. Олар статистикалық мәліметтермен қатар, дін саласындағы мемлекеттік саясатты реттеу бойынша қолданылатын шаралар мен ұсыныстарына тоқталды.

Жиын қорытындысында Асхат Аймағамбетов дін саласындағы мемлекеттік басқару және реттеу мәселесін шешу бойынша бірқатар мәселені алға қойды.

«Үкімет жанындағы комиссияның әлеуетін тиімді қолдану, дін саласындағы мемлекеттік саясатты заңнамалық, ғылыми-теориялық, бағдарламалық жетілдіру мәселесі күн тәртібінде. Тиісті әдебиетті экспертизадан өткізу бойынша да жұмыс ақсап тұрған сияқты. Одан соң мектептерге миссионерлерді, діни уағыз айтатын адамдарды жақындатпау керек. Мемлекеттік органдар айтылған мәселелер бойынша ұстанымдарын бізге екі аптаның ішінде берсін. Қажет болса, депутаттар өзіміз бастамашылық етіп, заңнамалық тұрғыда реттеуге дайынбыз», – деді А.Аймағамбетов.

Толығырақ parlam.kz сайтынан оқи аласыздар.

@mazhilis_kz
30 views12:14
Ашу / Түсініктеме
2023-05-04 06:34:29
Жатақханалардағы орын тапшылығы өз алдына, олардың жағдайы да сын көтермейді. Себебі басым бөлігі өткен ғасырдың ортасында салынған.

Жатақханалар жыл сайын косметикалық және күрделі жөндеуден өтетініне қарамастан, апатты жағдайға жеткен.
ҚХП мүдделі ведомстволарға студенттік тұрғын үйді субсидиялаудың қолданыстағы тетігін қайта қарауды ұсынды.
66 views03:34
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 17:19:30

68 views14:19
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 14:55:22 Экономия Минздрава на обеспечении пациентов с редкими заболеваниями гарантированным объемом лекарственных средств у нас все больше напоминает эксперименты над людьми.

Проблему нехватки жизненно-необходимых препаратов поднял на пленарном заседании руководитель фракции Народной партии Казахстана, депутат Магеррам Магеррамов. Он подчеркнул, что сейчас казахстанцы, страдающие редкими заболеваниями, требующими особого лечения и дефицитных лекарств, безуспешно обивают пороги государственных лечебных и медицинских учреждений.
54 views11:55
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 14:53:13 Денсаулық сақтау министрлігінің сирек кездесетін аурулары бар науқастарды дәрі-дәрмектің кепілдендірілген көлемімен қамтамасыз етудегі үнемшілдігі адамдарға жасалып жатқан тәжірибеге ұқсайды.

Пленарлық отырыста «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов адамдардың өмір сүруіне аса қажетті дәрі-дәрмек тапшы екенін мәлімдеді. Ол ерекше емдеуді, қолға түсе бермейтін дәрі-дәрмекті қажет ететін, сирек кездесетін аурулардан зардап шегіп жүрген жандар қымбат дәрі-дәрмек алу үшін медициналық мекемелердің табалдырығын тоздырып жүргенін жариялады.
51 views11:53
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 14:52:08 Многодетным семьям нужен пожизненный статус
Народная партия Казахстана продвигает свою предвыборную инициативу об утверждении пожизненного статуса для многодетных матерей и их семей, и снижении для данной категории пенсионного возраста. В настоящее время, многодетные матери теряют свой статус после достижения детьми совершеннолетия.

Депутат Мажилиса от НПК Гаухар Танашева напомнила Правительству, что Президент РК Касым-Жомарт Токаев поручил законодательно усилить меры по защите прав женщин и детей, а также акцентировано работать над продвижением семейных ценностей.

– Поддерживая многодетные семьи, мы делаем важный вклад в будущее нашей страны и обеспечиваем ее безопасность и процветание, подчеркнула мажилисвумен. – Ухудшение демографической ситуации может стать угрозой для государства.
49 views11:52
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 14:50:55
«Көпбалалы отбасы» мәртебесі өмір бойы сақталуы тиіс

ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында «Көпбалалы отбасы» мәртебесі өмір бойы сақталуы тиіс екенін мәлімдеді.

– Қазақстан Халық партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында 4 және одан да көп баланы дүниеге әкелген немесе асырап алған көпбалалы ананың мәртебесін өмір бойы сақтау қажет деп санайды. Қазір көпбалалы отбасының үлкен баласы кәмелетке толғаннан кейін көпбалалы аналар мәртебеcінен айырылады, – деді депутат.

Г. Танашеваның түсіндіруінше, көпбалалы отбасыларды қолдай отырып, біз еліміздің болашағына өлшеусіз үлес қосамыз және оның қауіпсіздігі мен өркендеуін қамтамасыз етеміз.
58 views11:50
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 14:49:53 Народная партия Казахстана просит Правительство разобраться со странной системой выплаты индивидуального подоходного налога (ИПН) родителями, имеющими детей с инвалидностью.

Согласно Налоговому Кодексу РК, ряд категорий граждан освобождены от уплаты ИНП, если их доход не превышает 882 минимальных расчетных показателя (МРП) в год. Это 3 042 900 тенге в год или 253 575 тенге в месяц. К такой категории относятся родители, опекуны и попечители ребенка с особыми потребностями.

– Как только доход превысит 3 042 900 тенге, он тут же начнет облагаться ИПН, – отметил, выступая на пленарном заседании, глава фракции НПК, депутат Мажилиса Магеррам Магеррамов. – К сожалению, почему-то не учитывается то, что у родителя ребенка с инвалидностью может быть еще несколько детей. И часть семей – это женщины в одиночку воспитывающие таких детей.
41 views11:49
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 14:49:00 Қазақстан Халық партиясы мүгедектігі бар балалардың ата-аналары жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босатылуы керек деп санайды.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 346-бабына сәйкес кейбір адамдар табысы 882 АЕК мөлшерінен аспаса жеке табыс салығын төлеуден босатылады. Бұл жылына 3 042 900 немесе айына 253 575 теңге. Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршылары жеңілдік жасалуы тиіс санатқа жатады.

– Табыс 3 042 900 теңгеден асқаннан кейін бірден ЖТС салынады, – деді пленарлық отырыста ҚХП фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов. – Өкінішке қарай қандай да бір себептермен мүгедек баланың ата-анасының тағы бірнеше баласы бар екені ескерілмейді, ал олардың бір бөлігі мұндай балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған әйелдер.
44 views11:49
Ашу / Түсініктеме