Get Mystery Box with random crypto!

Денсаулық сақтау министрлігінің сирек кездесетін аурулары бар | Қазақстан Халық партиясы

Денсаулық сақтау министрлігінің сирек кездесетін аурулары бар науқастарды дәрі-дәрмектің кепілдендірілген көлемімен қамтамасыз етудегі үнемшілдігі адамдарға жасалып жатқан тәжірибеге ұқсайды.

Пленарлық отырыста «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов адамдардың өмір сүруіне аса қажетті дәрі-дәрмек тапшы екенін мәлімдеді. Ол ерекше емдеуді, қолға түсе бермейтін дәрі-дәрмекті қажет ететін, сирек кездесетін аурулардан зардап шегіп жүрген жандар қымбат дәрі-дәрмек алу үшін медициналық мекемелердің табалдырығын тоздырып жүргенін жариялады.