Get Mystery Box with random crypto!

«Көпбалалы отбасы» мәртебесі өмір бойы сақталуы тиіс ҚХП атын | Қазақстан Халық партиясы

«Көпбалалы отбасы» мәртебесі өмір бойы сақталуы тиіс

ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында «Көпбалалы отбасы» мәртебесі өмір бойы сақталуы тиіс екенін мәлімдеді.

– Қазақстан Халық партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында 4 және одан да көп баланы дүниеге әкелген немесе асырап алған көпбалалы ананың мәртебесін өмір бойы сақтау қажет деп санайды. Қазір көпбалалы отбасының үлкен баласы кәмелетке толғаннан кейін көпбалалы аналар мәртебеcінен айырылады, – деді депутат.

Г. Танашеваның түсіндіруінше, көпбалалы отбасыларды қолдай отырып, біз еліміздің болашағына өлшеусіз үлес қосамыз және оның қауіпсіздігі мен өркендеуін қамтамасыз етеміз.