Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Мәжілісте Қазақстандағы діни ахуал мәселелерін талқылаға | Қазақстан Халық партиясы

Бүгін Мәжілісте Қазақстандағы діни ахуал мәселелерін талқылаған Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Оған комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов жетекшілік етті. Жиынға депутаттармен қатар, Бас Прокуратура, ҰҚК, министрліктер мен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы өкілдері және сарапшы мамандар қатысты.

Тақырып бойынша Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ішкі істер министрлігі өкілдері баяндама жасады. Олар статистикалық мәліметтермен қатар, дін саласындағы мемлекеттік саясатты реттеу бойынша қолданылатын шаралар мен ұсыныстарына тоқталды.

Жиын қорытындысында Асхат Аймағамбетов дін саласындағы мемлекеттік басқару және реттеу мәселесін шешу бойынша бірқатар мәселені алға қойды.

«Үкімет жанындағы комиссияның әлеуетін тиімді қолдану, дін саласындағы мемлекеттік саясатты заңнамалық, ғылыми-теориялық, бағдарламалық жетілдіру мәселесі күн тәртібінде. Тиісті әдебиетті экспертизадан өткізу бойынша да жұмыс ақсап тұрған сияқты. Одан соң мектептерге миссионерлерді, діни уағыз айтатын адамдарды жақындатпау керек. Мемлекеттік органдар айтылған мәселелер бойынша ұстанымдарын бізге екі аптаның ішінде берсін. Қажет болса, депутаттар өзіміз бастамашылық етіп, заңнамалық тұрғыда реттеуге дайынбыз», – деді А.Аймағамбетов.

Толығырақ parlam.kz сайтынан оқи аласыздар.

@mazhilis_kz