Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан Халық партиясы мүгедектігі бар балалардың ата-аналар | Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясы мүгедектігі бар балалардың ата-аналары жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босатылуы керек деп санайды.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 346-бабына сәйкес кейбір адамдар табысы 882 АЕК мөлшерінен аспаса жеке табыс салығын төлеуден босатылады. Бұл жылына 3 042 900 немесе айына 253 575 теңге. Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршылары жеңілдік жасалуы тиіс санатқа жатады.

– Табыс 3 042 900 теңгеден асқаннан кейін бірден ЖТС салынады, – деді пленарлық отырыста ҚХП фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов. – Өкінішке қарай қандай да бір себептермен мүгедек баланың ата-анасының тағы бірнеше баласы бар екені ескерілмейді, ал олардың бір бөлігі мұндай балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған әйелдер.