Get Mystery Box with random crypto!

Durys Tandau | by Omeke

Telegram арнасының логотипі durystandau — Durys Tandau | by Omeke D
Telegram арнасының логотипі durystandau — Durys Tandau | by Omeke
Арна мекенжайы: @durystandau
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 105
Арнадан сипаттама

2024 және 2025 түлектеріне арналады!

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-08-02 10:54:44 ПедТест базасы қайтa қосылды!

Достар грант конкурсы кезінде жабылған педтест базасы (пед мамандықтарға арналған арнаулы емтихан) қайта ашылды.

Пед мамандықтарға ақылы оқимын дегендер, тамыз ұбт тапсырып шекті балл жинағандар міндетті түрде тапсыру керексіз!

Шетелдік студенттер де тапсыру тиіс! Әйтпесе ақылығы да түсе алмайсыздар!!!

Соңғы мерзім 24.08.2022!

Қазақпыз ғой деп соңғы күнге қалдырмаңыздар…
787 views07:54
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 16:54:22
1-2 курс осы мамандықтарда ақылы оқып жатқан студенттерге қосымша грант бар!

Толық инфо @omarbek56 инста парақшада (сториесте)

Әркім өзінің универіне хабарлассын!
712 views13:54
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 16:16:46 Құрметті негізгі ҰБТ-ны тапсырып, грант конкурсына қатысып жатқан талапкерлер!

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызға дейін білім беру гранттарының иегерлері белгілі болады.
Нақты күні туралы ақпаратты қосымша жариялаймыз.
Ал грант нәтижесімен «ИКС» КҮНІ www.testcenter.kz сайты (ҰТО-ның ресми сайты) және testcenterkz Telegram парақшасында таныса аласыздар!
Сондықтан біздің Telegram-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар. Сілтеме Stories-те.

Тестцентр парақшасынан!!!
804 views13:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 16:13:53
Жақсы жаңалық: алғашқы МИО гранты туралы ақпарат.
МИО дегеніміз (әкімдік гранттары ғой)

ХАБАРЛАНДЫРУ
 
Конкурс мәні
Жергілікті бюджет қаражатынан 2022-2023 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.
 
Конкурс ұйымдастырушысы
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
Пошталық мекенжайы: 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 504-кабинет
Байланыс телефондары: 8 (7282) 32-94-12

Грант сандары:

1. Жалпы конкурс

В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
5 грант!

В009 Математика мұғалімдерін даярлау 5 грант

В010 Физика мұғалімдерін даярлау
5 грант

В013 Биология мұғалімдерін даярлау 5 грант

В086 Жалпы медицина 5 грант!
 
БАРЛЫҒЫ: 25 грант

Жергілікті бюджет есебінен көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары арасындағы конкурс: барлығы 65 грант

Басқа да облыстарды кезеңбен салып отырамыз!
798 viewsedited  13:13
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 15:43:09 Бүгін 1 тамыз!

Универге небәрі 1 ай ғана қалды. Биылғы талапкерлер үшін өмірдегі ең маңызды қадамдардың біреуі. Әсіресе сүйікті мамандыққа, сүйікті университетке грантпен түсіп кетсе ғой!!! Пах шіркін… барлығының көзі де құлағы да Елордадан келетін хабарда.

Әринк грант конкурсының жауабын барлығымыз асыға күтіп отырмыз. Бірақ дәл қазір не істесекте ештеңе өзгерте алмаймыз. Күні-түні ойлау нәтижеге әсер етпейді, ал “былай жасау керек еді ғой” деп өкіну сізге қосымша стресстен басқа ештеңе бермейтіні анық.

Ақылды талапкер осы кезеңді барынша тиімді өткізеді. Олай болса Омекеден бірнеше лайфхак:

1. Отдуши демалыңыз (ақшаңыз болса демалыс орталығына барыңыз)
2. Тіл үйреніңіз (сізге оқу барысында ауадай қажет болады. Негізі күнделікті 30-45 минут уақыт бөлу жеткілікті. Тез және оңай тіл үйрену жайында арнайы тренингтерде айтып кеттім)
3. Кітап оқыңыз (ой-өрісіңізді өзгертеді. Азанда не кешке қарай небәрі 10 бет жеткілікті.
4. Студенттік өмірге дайындалыңыз (көпшілік қыркүйекте барғанда үйреніп аламын деп көштен кеш қалып жатады…дайындықпен барғандардың авторитетін көосеңіз ғой!)
5. Осының барлығына үлгеру үшін тайм менджментті (уақытты тиімді басқаруды) үйреніп алыңыз.

Студенттік өмірде соңғы сәтте сабақты көп оқыған емес сабақты уақытылы дұрыс оқығандардың оқу үлгерімі үнемі жақсы болады.
Тайм менеджментті үйренген студент сабағына да дұрыс көңіл бөледі, достарымен де қызықты уақыт өткізеді, әлеуметтік желіге лайк басуды да ұмытпайды.

ПыСы: суреттегідей жақсы жаңалық айтып қуанышты хабарды жеткізу Сіздерге де бұйырсын.
753 views12:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 15:43:06
745 views12:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 19:16:20 Live stream finished (15 minutes)
16:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 19:00:53 Live stream started
16:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 06:45:47 Уаууу! Шамамен 80%~ы шетелде оқығысы келеді.

Негізі шетелде оқу үшін үлкен дайындық керек. Дайындықсыз шетелге шығу (мейлі ақшаңыз төгіліп жатса да) теңізде құтқару күртешесіз жүргендей болады. Белгілі уақыттан кейін өзіңізді жоғалтып алуыңыз ғажап емес.

Жалпы шетелге түсудің өзі үлкен жауапкершілік талап етеді. ҰБТдан өте алмадым қой құрсын шетелге кеттім дей салу оңай емес.

Өз басым 18 мемлекетте болып біраз университеттермен тығыз байланыста болдым. Сондықтан осы процесстерді жақсы білемін.
Шетелдік университетке түсу процесі бірнеше айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Ал дайындықты неғұрлым ерте бастасаңыз, соғұрлым жақсы. Оған қанша уақыт кететінін түсіну үшін сіз таңдаған оқу орнында құжаттарды тапсыру мерзімдеріне назар аударыңыз. Кейде құжаттарды қабылдау оқу басталғанға дейін 10 ай бұрын аяқталады!

АҚШ (USA)
Америка университеттерінде құжаттарды тапсырудың екі әдісі қолданылады: мерзімінен бұрын тапсыру және негізгі.
Құжаттарды мерзімінен бұрын тапсыру мерзімі барлығына бірдей дерлік – 1 қарашаға дейін. Нәтижесі желтоқсанның ортасына қарай белгілі болады.
Құжаттарды негізгі тапсыру мерзімі 1 қаңтарға дейін. Нәтижесі наурыз айының соңында белгілі болады.

Ұлыбритания (UK)
⠀Медицина, стоматология және ветеринария факультеттері үшін Оксфорд пен Кембриджге, сондай-ақ басқа оқу орындарына құжаттарды тапсыру мерзімі 15 қазанға дейін.
Дизайн мен өнерден басқа басқа ЖОО мен мамандықтар үшін – 15 қаңтарға дейін.

ФРАНЦИЯ (France)

Тіркеу (электрондық құжаттар тізімі) әр жылдың 28 қарашасында басталып, келесі жылдың наурыз айының соңына дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде сіз университетті таңдап, өтініш жібересіз. 16 қарашадан мамыр айының соңына дейін тіркеу жарнасын төлеп, әңгімелесуден өту керек. Университеттен жауап маусым айының соңына дейін келуі керек.
Сабақтар қыркүйектің аяғында/қазанның басында басталады.

ГЕРМАНИЯ (Germany)

Жазғы семестрге өтініш берген кезде құжаттарды тапсыру мерзімі: 15 қаңтарға дейін.

АВСТРАЛИЯ

Құжаттар 1 желтоқсанға дейін тапсырылады, бірақ кейбір мамандықтар үшін келесі мерзімдер бар:
Мысалы, стоматология факультеті үшін – маусым айының соңы, ветеринария факультеті үшін – қыркүйек, психология факультеті үшін – қазан айы.
Сабақтар ақпан айында басталады.
87 views03:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 18:33:59
Кім шетелде оқығысы келеді?
Anonymous Poll
46%
Мен
16%
Ата-анам жібермейді
16%
Ақшам жоқ әйтпесе барар едім
22%
Қазақстанда оқыған жақсы емес пе?
94 voters176 views15:33
Ашу / Түсініктеме