Get Mystery Box with random crypto!

Durys Tandau | by Omeke

Telegram арнасының логотипі durystandau — Durys Tandau | by Omeke D
Telegram арнасының логотипі durystandau — Durys Tandau | by Omeke
Арна мекенжайы: @durystandau
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 105
Арнадан сипаттама

2024 және 2025 түлектеріне арналады!

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-23 20:23:03 Әкімдік (МИО) гранттарының нәтижесі шыға бастады! Грантқа түскендерді шын жүректен құттықтаймын!

Егер МИОға түспесеңіз алдыда ДОП грантпен ВАКАТНЫЙ гранттан үміт үзбеңіз.

Қосымшада Нұр-Сұлтан (Астана) әкімдігі бөлген грант нәтижесі.
5.7K viewsOmarbek Koshkimbaiuly, 17:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 13:09:51 Арамызда магистранттар бар ма? Ааал құтты болсын!
1.5K viewsOmarbek Koshkimbaiuly, 10:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 13:09:23 Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі
1.1K viewsOmarbek Koshkimbaiuly, 10:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 22:05:32 Түрік квотасының нәтижелері белгілі болды!

Yasawi University қатарына қосылған студенттерді шын жүректен құттықтаймыз!

Кім грант ұтып алды?

https://ayu.edu.kz/archives/80362
2.2K viewsOmarbek Koshkimbaiuly, 19:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-21 08:00:41 Қайырлы таң!

Кеше түсімде жаңа грант түрі пайда болыпты. Хабарлап жатқаным сол сразу грантқа барлықтарыңыз түсіп жатыр екенсіздер! Қуанганымды көрсеңіз!
Түсім болса да азанда тұрғанда өзімді жеңіл сезініп тұрдым!

ПыСы: істеп жатқан жұмысыңызды жақсы көріп істесеңіздер кайф аласыз, бұл жұмыс сізге ляззат берсе түсіңізге кіретін болады!

Дұрыс таңдау жасаңыз, ұнайтын мамандық оқыңыздар!
1.9K viewsOmarbek Koshkimbaiuly, 05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 06:42:31 Қайырлы таң!

Естеріңізде болса 2022 талапкерлердің (университетке түсушілер) 80%-нан көбі мамандығын нақты таңдай алмағынын жазған едім.

(https://www.instagram.com/p/ChCJgODK2lj/?igshid=YmMyMTA2M2Y=)

Басым бөлігі “грант” болса болды десе араларында “ата-анамның арманын орындауға келдім” дегендерде аз емес еді.

Ең өкініштісі 4 жылдан кейінгі ащы статистика! Мен математикпін және де статистикаларға сенемін. Өкінішке орай соңғы 3 жыл қатарынан 4 жыл университет оқыған “болашақ маманның” 61%-ы өз саласында жұмыс істегісі келмейді. Оның себебі “ұнаймайтыны”. Ұнамаса неге түстің бұл мамандыққа деген сұраққа жауап сол баяғы “грант ғой ағай” деген жауабы!

Енді сұрақ… Сізде де осылай болмайтынына кім кепіл? Ұнап кетуі мүмкін ау деген “өзіңізді алдау” сезімі қаншалықты дұрыс! Ұнамаса ұнамады деуден не үшін қорқасыз… Естеріңізде болсын 61%дың барлығы кезінде грантқа түсіп “ұнап кетуі мүмкін ғой” дегендер!!!

Биылғы грантқа түсіп кеткендер үшін ауыр сынақ екенін түсінемін. Өздеріңіз ойланып шешім шығарарсыздар. Тегін ғой деп ұнамайтын салада 4 жыл оқу… Бұл туралы сабақтарымда талай айттым, шешім жолдарын көрсеттім. Шүкір жеке кеңеске келгендердің басым бөлігі менің айтқандарымды құптады. Өздерінің “ИКИГАЙ”ына сай мамандыққа түсуге мақсат қойды.

Енді менің мақсатым 11 сыныпқа көшкен жаңа талапкерлерге барынша қол ұшын беру. Аға-әпкелерінің қатесін қайталамаса екен деген үміт.

Осы мақсатта 10-11 сыныптарға арналған “Мамандықты дұрыс таңдау-өмірді таңдау” сабағына шақырамын. Сабақ 26-27-28 тамыз күндері жабық группада өтетін болады. Қатысу ТЕГІН!!!
Қатысу үшін wa.me/77783515658 вацапқа “Мамандықты таңдау сабағына қатысамын” деп жазыңыз! 9 сынып сәл ертелеу сондықтан тек 10-11 сыныптар ғана! Алғашқы 100 адам жетеді.

Ең бірінше таңдау пәнін таңдап алайын сосын соған сай мамандық таңдармын деу үлкен қате! Негізі керісінше болу керек. Мамандықты дұрыс таңдап алғаннан кейін соған сай келетін пәндерге дайындалу керек!
Мысалмен түсіндірер болсам: кез келген көлікке/автобусқа мініп алайын сосын менің баратын адреске барып бармайтынын анықтап алармын деген дұрыс па әлде нақты баратын адреске сай көлікке мінген дұрыс па? Шешім өздеріңізде!

3 күндік сабақта:
- мамандықты дұрыс таңдаудың қыр сырлары
- қай мамандық ұнайтынын анықтайтын профориентациялық тесттер
- болашақта қай мамандықтар сұранысқа ие, қай мамандықтар “өледі”
- өз ИКИГАЙыңды табу жолы
- мамандық таңдауда ата-ана рөлі
- әлі мектеп оқып жүріп грантқа түсу жолы!

Бұл сабақтан кейін мамандығын 100% дұрыс таңдайтыныңызға сенімдімін!

Ұмытпаңыз өмірде жар таңдау мен мамандық таңдауда қателеспеген жандар бақытты да бай өмір кешеді!

Олай болса дәл қазір вацапқа жаз!

wa.me/77783515658

(Достарымды шақырамын, туысым да құр қалмасын десеңіз as u wish дер едім)
3.6K viewsOmarbek Koshkimbaiuly, 03:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 11:06:18 Финиш
Уақытты тиімді басқару 3.

Ал достар , бүгін тайм - менеджмент сабағын қорытындылап аяқтадық
Сізбен бөліскен “Алтын кеңестер ” өміріңізді 180• градусқа өзгертетіне сенімдімін

Ары қарай не болмақ ?
Сіздерге ТА - МА-ША бонус сабағым бар
Жақын арада айтатын боламын !

Ал қазір төменге мына сұрақтарға жауап жазайық
- Сабақ қалай өтті ?
- Қандай ақпараттар алдыңыз ?
- Жалпы сабақ жайлы ойыңыз ?
1.7K viewsAluawka , 08:06
Ашу / Түсініктеме
2022-08-18 16:00:05 «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру грантына үміткерлер (талапкерлер) таңдалған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына 2022 жылғы 10-17 тамыз (мерзімі 23 тамызға дейін ұзартылды) аралығында өтінім береді.

Қысқаша 79 университетке 2350 грант үшін соңғы күн 23.08!!!

ПыСы: университте АҚЫЛЫ оқып жатқан 2-3 курс студенттер үшін 1500 грант бар екенін көпшілік біле бермейді.
Өтініш
taiburyl.kz сайты арқылы! Достарыңызбен бөлісіңіздер гранттан құр қалмасын!

Сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ның ақылы бөлімшелерінде оқитын студенттерге «Қазақстан халқына» Қорының қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік беріледі. ЖЖОКБҰ-ның ағымдаға студенттері үшін білім беру гранттарының саны әрбір жоғарғы оқу орнына квота айқындалмай, 1500-ге дейін ұлғайтылды.
1.8K viewsOmarbek Koshkimbaiuly, 13:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 13:59:24 Достар біздің командаға ассистент керек, қосылғыңыз келе ме?

Егер Сіз жан-жақты дамуды ойлап жүрген болсаңыз,
Камерадан қорықпасаңыз,
Екі тілді де еркін қолдана білсеңіз,
СММ ді түсінсеңіз бізге хабарласыңыз.

10-11 сынып оқушылар,Биылғы талапкерлер, 1-2 курс студенттер болады. (Кез келген қаладан болса болады бірақ Алматыдан болса тіптен жақсы)

Үміткер #ассистентболғымкеледі хаштагпен
1. Аты жөнін
2. Жасы/қаласы (оқушы/студент)
3. Инста парақшасы
4. Не үшін сізді командаға алу керекпіз? (Өзіңіздің артықшылығыңызды 2-3 сөзбен жеткізіңіз)
5. Мүмкіндік болса резюме қосып

wa.me/77783515658 нөміріне вацапқа бүгін 23:00 ге дейін жазыңыз!
67 views10:59
Ашу / Түсініктеме