Get Mystery Box with random crypto!

Жақсы жаңалық: алғашқы МИО гранты туралы ақпарат. МИО дегенімі | Durys Tandau | by Omeke

Жақсы жаңалық: алғашқы МИО гранты туралы ақпарат.
МИО дегеніміз (әкімдік гранттары ғой)

ХАБАРЛАНДЫРУ
 
Конкурс мәні
Жергілікті бюджет қаражатынан 2022-2023 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.
 
Конкурс ұйымдастырушысы
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
Пошталық мекенжайы: 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 504-кабинет
Байланыс телефондары: 8 (7282) 32-94-12

Грант сандары:

1. Жалпы конкурс

В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
5 грант!

В009 Математика мұғалімдерін даярлау 5 грант

В010 Физика мұғалімдерін даярлау
5 грант

В013 Биология мұғалімдерін даярлау 5 грант

В086 Жалпы медицина 5 грант!
 
БАРЛЫҒЫ: 25 грант

Жергілікті бюджет есебінен көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары арасындағы конкурс: барлығы 65 грант

Басқа да облыстарды кезеңбен салып отырамыз!