Get Mystery Box with random crypto!

Durys Tandau | by Omeke

Telegram арнасының логотипі durystandau — Durys Tandau | by Omeke D
Telegram арнасының логотипі durystandau — Durys Tandau | by Omeke
Арна мекенжайы: @durystandau
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 105
Арнадан сипаттама

2024 және 2025 түлектеріне арналады!

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-07-26 07:31:18 Тамыз ҰБТға кіретіндер үшін лайфхақ: соңына дейін тыңдаңыз! Ұнаса достарыңызбен бөлісіңіздер
758 views04:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:29:41 ​​ Құрметті достар!

2022 жылғы ТАМЫЗ айындағы ҰБТ-ға тіркелу app.testcenter.kz сайтында 25-30 шілде аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз!
Тестілеудің өзі 10-13 тамыз аралығында өтеді.

Бұл ҰБТ-ға келесі тұлғалар қатыса алады:
қалауы бойынша жоо-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;
жоо-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
жоо-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін мен шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;
жоо-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
жоо-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

Тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ОРЫНДЫ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркілері бойынша таңдайды.
МАҢЫЗДЫ: Негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.
788 views04:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:28:42 Баршаға сәлем!

51,000 талапкерге немесе таңдау пәніне сай мамандығы келмейтін талапкерлерге арналған пост. Енді сіздер қайтадан ҰБТ тапсыру арқылы ақылы бөлімге түсе аласыз. Егер ол жерден де сәтсіз нәтиже шықса онда өзіңізге ұнайтын университетке/мамандыққа шартты түрде оқуға түсіп жыл бойы тағыда 4 рет ҰБТ тапсырып шекті балл ала аласыз. Осы 4 рет тағыда сәтсіз аяқталса университет Сізді автоматты түрде оқудан шығарады.
748 views04:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 17:42:54 Уаде еткендей толық ақпарат осы сілтемеде!
477 views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 17:42:30 Құрметті түлектер мен жоғары оқу орындарының студенттері!
«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды.
Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.
Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер (түлектер) өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында өтінім береді.
Маңызды: үміткер өтінімді өз бетінше береді және осы үдеріс үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, бұл ретте ҰБТ-ға қойылатын талаптар жыл сайын өзгеруі мүмкін екенін ескергені жөн, сондықтан бұл ақпаратты қабылдаушы ЖЖОКБҰ-дан алдын ала нақтылауы қажет.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының: https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs.html сайтынан табуға болады.
538 views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 08:32:23 Сүйінші!

Тағы бір грант түрі пайда болды. Енді 2022 талапкерлері “Қазақстан халқына” қорынан грант жеңіп ала алады

Нақты жүйесі белгілі болмағынымен шамалап грант конкурсы нәтижесі белгілі болғаннан кейін басталуы мүмкін. Осы телеграм каналымда жаңалықпен бөлісіп отырамын. Қапы қалмаңыздар. 2022 түлектерімен бөлісіп отырыңыз.

Еске сала кетейін “Грантқа апарар жол V 1.0” атты тренингте “Грантқа түсудің 7 жолы!” тақырыбын қозғап осында грант түрлерін үнемі айтып кеткен едім. Сол тренингке қатысқандар жақсы біледі. “Тек мемлекеттік грант емес басқа да грант алу жолы көп, ең бастысы уақытылы үлгеру керек, мүмкіндік болса мамандардан ақыл кеңес алып отырыңыздар” деген болатынбын. Себебі бұндай грант түрлерін көпшілік білмегендіктен өкінішке орай таныс-тамырлар (дер кезінде ақпарат келеді оларға ) алып кететіні мәлім. Бірақ бұл грант барлығына ортақ. Сондықтан өз құқығыңызды қорғап мүмкіндіктен пайдаланып қалыңыз!
1.6K views05:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:39:06
607 views06:39
Ашу / Түсініктеме