2022-07-15 13:39:58
Damumed қосымшасында тіркелу 2 кезеңнен тұрады
Алдымен сіз келесі іс-қимылды орындап, бастапқы тіркеуден өтесіз:
«Профиль» қойындысын таңдап, кейін «Кіру» және «Тіркелу» батырмаларын басыңыз;
Логин мен құпиясөзді ойлап табыңыз;
Өз деректеріңізді енгізіңіз;
Телефон нөмірін растау үшін суреттегі кодты енгізіңіз;
SMS-кодты теру арқылы телефон нөміріңіздірастаңыз.
Бастапқы тіркеуден өткеннен кейін сізге қосымшаның тек кейбір функциясы ғана қолжетімді болады:
Дәрі іздеу;
Ақылы қызметтердің кестесін қарау;
QR-код арқылы медициналық құжаттардың түпнұсқалылығын тексеру.
Маңызды: Мобильді азаматтар базасы eGOV арқылы немесе сіздің емхананың тіркеу бөлімі арқылы жеке басын куәландырғаннан кейін қосымшаның толық функционалын пайдалана аласыз.
576 views10:39