Get Mystery Box with random crypto!

Авторлық блог | Амангелді Байғозы

Telegram арнасының логотипі baygozy — Авторлық блог | Амангелді Байғозы А
Telegram арнасының логотипі baygozy — Авторлық блог | Амангелді Байғозы
Арна мекенжайы: @baygozy
Санаттар: Маркетинг
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 181
Арнадан сипаттама

А. Байғозының жобалары

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-02-17 20:25:43 ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Адам екі сәтте ғана тез дамиды:

1. Стрессовая ситуацияда шешім іздесе;
2. Үзбей күнде-күнде жаңа аз бірақ тұрақты білім алса.

Бұл үшінші пунткіге қатысты. Тұрақты даму мәселесі.

-

Ал тұрақтылыққа не бөгет болуы мүмкін?

- Білім потогын сезген соң адамда тәкаппарлық пайда болады. Алған білімі оған жеткілікті көрінеді. Түбі жаманға апарады. Мәселен сенің деңгейік басқадан жоғары болып тұрып тәкаппарлық танытатсаң. Қалғандары сенің деңгейіңнен асып кетуі бір сәт. Бұл факт;

- Белгілі бір деңгейді қанағат ету, тоқтап қалу. Қарапайым тілмен: бұл просто сенің потологың. Сенің потенциалың 1 400 000 айлық болуы мүмкін, бірақ 300 000 айлық сенің тоқтығыңа, қажетіңе сай келіп тұр делік. Тоқтық пен уайым жоқтық демекші оның бәрі еріншектікке алып барады.
174 viewsedited  17:25
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 19:47:22 ӘРЕКЕТ ЛОГИКАСЫ

Мінез қалыптастыру оңай емес. Адамның бойына туа бітпейтін қасиет. Жаттығу, практика арқылы келеді.

Басты моментті біліңіз. Әрекет логикасының мәні -> мақсат жоқ жерде болмайды.

Мысал үшін бөлек ұзақ пост қажет болар. Сондықтан алгоритмге бірден көшкім кеп тұр.

-

Алдыңда бөгет тұрғанда оны айналып өтуің керек. Егер ол мәселені басқаның мойнына іліп, өзің шешім іздемесең - сенен профессионал шықпайды. Кез келген салада.

Бөгетті көрдің бе - шешімін ізде. Тапсырма берілді делік саған. Бұрын-соңды кездеспегенсің оны. Түсініксіз, ал түсініксіз дүние қорқынышты көрінеді. Миың ойланып, қиналып шешім іздеуге мәжбүр. Яғни дискомфортқа тап болды, ол енді комфорт іздеуде. Сені барынша әлгі істен аластатып, жайбырақат күйіңе оралуыңды қалайды.

Демек, тапсырма берілсе. Түсінбесең не істеу керек?

1. Білмейсің бе? - Білетіннен сұра;

2. Айтпайды ма? - Басқадан сұра;

3. Басқалар да білмейді немесе айтпайды ма? - Демек дұрыс подход, қарым-қатынас құрмайсың.

4. Подходты қалай табасың? - Жолдарды ізде, психология продаж бойынша кітап оқы, практика жаса

5. Психология жайлы оқуға уақыт жоқ, тапсырманы тез орындау керек пе? - Интернет ресурс, сай әдебиеттерден ізден.

6. Тағысын тағы.

Талдауға болатын ситуация өте көп.
Кәсібімнің аясында (электрика) бастапқыдағы проблемалардың көбісін осы жолмен шешетінмін. Кейін қажет адамға - қажет сұрақ қою арқылы - уақыт пен күшімізді үнемдей бастаймыз.

-

Жоспарда 10 пункт тұр. Қайсысын бірінші, қайсысын соңғы қылып орындау қажет? Оның жауабын дағдыланған миың айтады. Приоритет бойынша реттілікті өзі құрылатын болады. Сол жоспарды біреулер бір аптаға созса, басқасы 1 күнде орындап тастайды. Себебі ол:

1. Әрекет маңыздылығы бойынша реттілікті қоя алады;

2. Кенеттен орын алған ситуацияға баға беріп, жағдайға байланысты дереу дұрыс шешім қабылдайды;

3. Коммуникация орнатады: кімге қандай сұрақты қалай қоюды біледі;

4. Мән-мағынасыз әрекеттерді сұрыптап, оларды орындамайды;

5. Еш пайдасы жоқ, уақыт пен күшті шығындайтын сұрақ, адам немесе проблеманы сұрыптайды.

Бұның бәрі бар. Болады. - Тек егер айқын мақсатың болған кезде.
145 viewsedited  16:47
Ашу / Түсініктеме
2022-02-03 20:19:25 1.ЖАУАПКЕРШІЛІК.

Жұмыс күні аяқталуға жақын. Соңғы минутты күтпей-ақ ноутбугымды жаптым. Үйге қайтуға заттарымды жинауға көшіп ем, күтпеген жерден басшы келіп қалды. Ертеңге тапсырма берді. Бірақ сөзін естіп, көзіне қарағанда басшым ол тапсырманың ертең дайын болатынына сенбейді. Мен де біраз мәрте ол сенімсіздікке себеп болған әрекеттер жасағанмын.

[Талқы жауапкершілік жайлы]



Бұл ситуация - катастрофа. Соған разбор жасайық:

1. Басшы неліктен сенбейді?
-Маманның жауапкершілігі жоқ екенін біледі және оған көзі әбден жеткен.

2. Басшы соны біле тұра неліктен ситуацияға жай қарайды?
-Басшының да басшысы бар демек, жалпы компанияның бизнес моделі сондай болып тұр. Маманның басшысының тікелей бастығы да оған қатаң талап қоймайды. Бұндай жүйе әсіресе нарықта өз орнын шегелеп алған үлкен компанияларда болады. Бірнеше отделдың осал жұмысы - жалпы компанияға зардабын келтірмейді.

3. Неліктен жауапкершілігі жоқ маманды жұмыстан қумайды?
-Бұл жүйе басшының көңілінен шығып тұр. Оның комфортына үлкен кедергі тиіп жатқан жоқ.

4. Бұндай маманды болашақта не күтіп тұр?
-Адамда прогресс қашан болады дейді. Критикалық стрессовый ситуацияларда болады. Жаңа қабілеттер ашылады. Бойыңда бұрын-соңды байқамаған таланттар ашылады. Ал адам табиғатынан комфортты іздейді. Зарплата түсіп тұрса, жан тыныш болса рахат емес пе? Болашақта бұндай маман стаждың арқасында ғана көтеріле алады.


Бұл сенің өмірің. Сәттілікке тәуелді болып, сол өміріңді шанс күтіп отырумен өткізбе.
Кездейсоқтыққа үміттенбе.
171 viewsedited  17:19
Ашу / Түсініктеме
2022-02-03 19:33:02
149 views16:33
Ашу / Түсініктеме
2022-01-30 17:51:55 Курс таңдау бойынша менің кішігірім еңбегім. Оқуға 10-12 мин қана уақыт кетеді.
374 views14:51
Ашу / Түсініктеме
2022-01-29 19:51:21 Ал егер одан тереңірек зерттесек. Расымен курстан алатын шынайы нәтиже қандай болады?

Көбін курс алмас бұрын "ақшам ақтала ма?" деген сауал мазалайды. Ол заңды. Бірақ одан да маңызды екі сұрақ бар:

1. Курсқа жіберген уақытым ақтала ма? - жаңа мамандықты игеру үшін уақыт, күш, тіпті жүйке - барлығын жұмсайсың.

2. Курсты пайдама жаратам ба? - үйреніп шығатын жаңалық сенің өміріңе, кәсібіңе демеу болуы тиіс. Жадыңды өзіңе қажетсіз ақпаратпен ластама.

http://t.me/baygozy
207 views16:51
Ашу / Түсініктеме
2022-01-29 19:41:45 "Онлайн курсты дұрыс қалай таңдаймын?" - деген сауал келді.

2020 жылы "Курсты дұрыс таңдау" деген тегін кітапша таратқан едім. Ол әлі де бар. Бүгін де актуалды саналады. Сондағы бір бөлімнен үзінді тезис:

Егер курс барысында белгілі бір скилл үйренсең, ақшаңды бекер жаратпадың. Скилл - жаңа шеберлік, әрекет. Мысалы Adobe Premiere Pro деген бағдарламаны үйренсең, демек курс нәтиже берді. Ал егер құр бос мотивацияға мен жалған уәдеге қанығып, соңында ешбір скилл үйренбесең - обал.

http://t.me/baygozy
185 viewsedited  16:41
Ашу / Түсініктеме
2022-01-26 13:12:56 Таң атпастан клиенттен шұғыл тапсырыс келді. Заказды қолыма алып танысқан бетте маманыма тапсырдым. Командамда 5 адам болатын. Бұл жолы заказды бізге екі ай бұрын қосылған Семей қаласының баласына бердім.

Дедлайн - 2 сағат. Алайда әлгі жігіт 20 минуттан соң: "дайын" - деп жазып тұр. Мен еш күдіксіз-ақ ол басқа жұмысты түрлендіре салғанын біліп қойдым. Қабылдамадым. Жұмысты басынан бастап қайта жасауға тапсырма бердім. Сөйтіп жазғаным бар еді: "Бір сағаттан соң жібере салыңыз" - деген жауап келді. Енді бұл тұста мен басқарушы ретінде "жақсы, солай жасаймын" деп айтсам екі орасан қателік жасамақпын:

1. Маман маған жұмыс жасайды, мен компетенциялық (тәжірибе мен білім деңгейі) тұрғыда одан жоғары тұрамын. Бірақ ол маман бола тұра менің орныма шешім қабылдағысы келіп тұр. Яғни шекара бұзылды.

2. Басқа адамға жасаған жұмысын өткізбек болғаны - клиентті алдағысы келгені. Егер маған білдірмей жасаса бір бөлек. Бірақ ол "сіз екеуміз ғана білеміз, клиент білмейді, алдай салайық" деп айтқысы келіп тұр. Оған көз жұмсам, өз ісіме немқұрайлы қараймын, жауапкершілігім жоқ және болашақта да жеңіл ақша үшін алдауға келісіп тұрғандай болушы едім.

Осы тұрғыда маман - клиент каналын барынша дұрыс жүйелеу керек. Жоғарыдағыдай ситуацияларды толық фильтрден өткізіп, қатемен жұмыс жасап тұрған жөн. Бұндай осал каналдар күндердің күнінде компанияның репутациясына соққы келтіреді.

http://t.me/baygozy
196 viewsedited  10:12
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 19:14:56 Егер біреу саған ақша табу әдісін сатпақшы болса сен мынаны біл: ол әдісті сату сол әдіс арқылы ақша табудан әлдеқайда жеңілірек.

http://t.me/baygozy
182 viewsedited  16:14
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 18:04:10 Жарыққа қанша төлейміз?

Бәріміздің үйімізде тұрмыстық техника бар. Әрбір құрылғы қолданысы үшін ақша төлесек те, қанша-қалай деп басты қатырмаймыз. Ал мен қазір сол шығын көрсеткішін есептеу жолын жазамын.

Рhilips брендінің светодиодты лампасы мен миксерін мысал қып келтіремін:

1. Светодиодты лампа. Тұтынуы 9 Вт. Оны 7 сағат қолданасыз делік. Сонда тәулігіне 45 Вт*сағ болады. Яғни 45 Вт*сағ үшін астананың тұрғыны болсаңыз соңғы тарифке сәйкес шамамен күніне 1,00935 тенге төлейсіз. Айына 30 тенге. Ол тек бір лампа.

2. Миксердің кезегі келді. Орташа тұтыну қуаты 450 Вт. Бірақ жиі қолданбаймыз. Егер үйде кондитер тұрмаса оны айына орта есеппен 4-5 сағат іске қосамыз делік. Яғни айлық тұтыну көрсеткіші 2250 ватт. Оның төлемі 50 тенге шамасын құрайды.

-

Қалай есептейміз?

1. Алдымен қызмет көрсететін кәсіпорынның сайтынан немесе операторынан тариф жайлы мәлімет аласыз. Сізге 22,50 тенге/кВт*ч сияқты ақпарат беруі мүмкін. Оның мәні: бір сағатта 1000 вт қолдансаңыз 22,50 тенге төлейсіз дегенді білдіреді.

Осыдан өзіңіздің бір сағатта тұтынатын қуат мөлшерін анықтайсыз да математикадағы бәрі сүйіп қолданатын пропорция әдісі арқылы бір сағаттық шығыныңызды табасыз.

http://t.me/baygozy
176 viewsedited  15:04
Ашу / Түсініктеме