Get Mystery Box with random crypto!

ӘРЕКЕТ ЛОГИКАСЫ Мінез қалыптастыру оңай емес. Адамның бойына | Авторлық блог | Амангелді Байғозы

ӘРЕКЕТ ЛОГИКАСЫ

Мінез қалыптастыру оңай емес. Адамның бойына туа бітпейтін қасиет. Жаттығу, практика арқылы келеді.

Басты моментті біліңіз. Әрекет логикасының мәні -> мақсат жоқ жерде болмайды.

Мысал үшін бөлек ұзақ пост қажет болар. Сондықтан алгоритмге бірден көшкім кеп тұр.

-

Алдыңда бөгет тұрғанда оны айналып өтуің керек. Егер ол мәселені басқаның мойнына іліп, өзің шешім іздемесең - сенен профессионал шықпайды. Кез келген салада.

Бөгетті көрдің бе - шешімін ізде. Тапсырма берілді делік саған. Бұрын-соңды кездеспегенсің оны. Түсініксіз, ал түсініксіз дүние қорқынышты көрінеді. Миың ойланып, қиналып шешім іздеуге мәжбүр. Яғни дискомфортқа тап болды, ол енді комфорт іздеуде. Сені барынша әлгі істен аластатып, жайбырақат күйіңе оралуыңды қалайды.

Демек, тапсырма берілсе. Түсінбесең не істеу керек?

1. Білмейсің бе? - Білетіннен сұра;

2. Айтпайды ма? - Басқадан сұра;

3. Басқалар да білмейді немесе айтпайды ма? - Демек дұрыс подход, қарым-қатынас құрмайсың.

4. Подходты қалай табасың? - Жолдарды ізде, психология продаж бойынша кітап оқы, практика жаса

5. Психология жайлы оқуға уақыт жоқ, тапсырманы тез орындау керек пе? - Интернет ресурс, сай әдебиеттерден ізден.

6. Тағысын тағы.

Талдауға болатын ситуация өте көп.
Кәсібімнің аясында (электрика) бастапқыдағы проблемалардың көбісін осы жолмен шешетінмін. Кейін қажет адамға - қажет сұрақ қою арқылы - уақыт пен күшімізді үнемдей бастаймыз.

-

Жоспарда 10 пункт тұр. Қайсысын бірінші, қайсысын соңғы қылып орындау қажет? Оның жауабын дағдыланған миың айтады. Приоритет бойынша реттілікті өзі құрылатын болады. Сол жоспарды біреулер бір аптаға созса, басқасы 1 күнде орындап тастайды. Себебі ол:

1. Әрекет маңыздылығы бойынша реттілікті қоя алады;

2. Кенеттен орын алған ситуацияға баға беріп, жағдайға байланысты дереу дұрыс шешім қабылдайды;

3. Коммуникация орнатады: кімге қандай сұрақты қалай қоюды біледі;

4. Мән-мағынасыз әрекеттерді сұрыптап, оларды орындамайды;

5. Еш пайдасы жоқ, уақыт пен күшті шығындайтын сұрақ, адам немесе проблеманы сұрыптайды.

Бұның бәрі бар. Болады. - Тек егер айқын мақсатың болған кезде.