Get Mystery Box with random crypto!

Таң атпастан клиенттен шұғыл тапсырыс келді. Заказды қолыма ал | Авторлық блог | Амангелді Байғозы

Таң атпастан клиенттен шұғыл тапсырыс келді. Заказды қолыма алып танысқан бетте маманыма тапсырдым. Командамда 5 адам болатын. Бұл жолы заказды бізге екі ай бұрын қосылған Семей қаласының баласына бердім.

Дедлайн - 2 сағат. Алайда әлгі жігіт 20 минуттан соң: "дайын" - деп жазып тұр. Мен еш күдіксіз-ақ ол басқа жұмысты түрлендіре салғанын біліп қойдым. Қабылдамадым. Жұмысты басынан бастап қайта жасауға тапсырма бердім. Сөйтіп жазғаным бар еді: "Бір сағаттан соң жібере салыңыз" - деген жауап келді. Енді бұл тұста мен басқарушы ретінде "жақсы, солай жасаймын" деп айтсам екі орасан қателік жасамақпын:

1. Маман маған жұмыс жасайды, мен компетенциялық (тәжірибе мен білім деңгейі) тұрғыда одан жоғары тұрамын. Бірақ ол маман бола тұра менің орныма шешім қабылдағысы келіп тұр. Яғни шекара бұзылды.

2. Басқа адамға жасаған жұмысын өткізбек болғаны - клиентті алдағысы келгені. Егер маған білдірмей жасаса бір бөлек. Бірақ ол "сіз екеуміз ғана білеміз, клиент білмейді, алдай салайық" деп айтқысы келіп тұр. Оған көз жұмсам, өз ісіме немқұрайлы қараймын, жауапкершілігім жоқ және болашақта да жеңіл ақша үшін алдауға келісіп тұрғандай болушы едім.

Осы тұрғыда маман - клиент каналын барынша дұрыс жүйелеу керек. Жоғарыдағыдай ситуацияларды толық фильтрден өткізіп, қатемен жұмыс жасап тұрған жөн. Бұндай осал каналдар күндердің күнінде компанияның репутациясына соққы келтіреді.

http://t.me/baygozy