Get Mystery Box with random crypto!

Жарыққа қанша төлейміз? Бәріміздің үйімізде тұрмыстық техника | Авторлық блог | Амангелді Байғозы

Жарыққа қанша төлейміз?

Бәріміздің үйімізде тұрмыстық техника бар. Әрбір құрылғы қолданысы үшін ақша төлесек те, қанша-қалай деп басты қатырмаймыз. Ал мен қазір сол шығын көрсеткішін есептеу жолын жазамын.

Рhilips брендінің светодиодты лампасы мен миксерін мысал қып келтіремін:

1. Светодиодты лампа. Тұтынуы 9 Вт. Оны 7 сағат қолданасыз делік. Сонда тәулігіне 45 Вт*сағ болады. Яғни 45 Вт*сағ үшін астананың тұрғыны болсаңыз соңғы тарифке сәйкес шамамен күніне 1,00935 тенге төлейсіз. Айына 30 тенге. Ол тек бір лампа.

2. Миксердің кезегі келді. Орташа тұтыну қуаты 450 Вт. Бірақ жиі қолданбаймыз. Егер үйде кондитер тұрмаса оны айына орта есеппен 4-5 сағат іске қосамыз делік. Яғни айлық тұтыну көрсеткіші 2250 ватт. Оның төлемі 50 тенге шамасын құрайды.

-

Қалай есептейміз?

1. Алдымен қызмет көрсететін кәсіпорынның сайтынан немесе операторынан тариф жайлы мәлімет аласыз. Сізге 22,50 тенге/кВт*ч сияқты ақпарат беруі мүмкін. Оның мәні: бір сағатта 1000 вт қолдансаңыз 22,50 тенге төлейсіз дегенді білдіреді.

Осыдан өзіңіздің бір сағатта тұтынатын қуат мөлшерін анықтайсыз да математикадағы бәрі сүйіп қолданатын пропорция әдісі арқылы бір сағаттық шығыныңызды табасыз.

http://t.me/baygozy