Get Mystery Box with random crypto!

1.ЖАУАПКЕРШІЛІК. Жұмыс күні аяқталуға жақын. Соңғы минутты кү | Авторлық блог | Амангелді Байғозы

1.ЖАУАПКЕРШІЛІК.

Жұмыс күні аяқталуға жақын. Соңғы минутты күтпей-ақ ноутбугымды жаптым. Үйге қайтуға заттарымды жинауға көшіп ем, күтпеген жерден басшы келіп қалды. Ертеңге тапсырма берді. Бірақ сөзін естіп, көзіне қарағанда басшым ол тапсырманың ертең дайын болатынына сенбейді. Мен де біраз мәрте ол сенімсіздікке себеп болған әрекеттер жасағанмын.

[Талқы жауапкершілік жайлы]



Бұл ситуация - катастрофа. Соған разбор жасайық:

1. Басшы неліктен сенбейді?
-Маманның жауапкершілігі жоқ екенін біледі және оған көзі әбден жеткен.

2. Басшы соны біле тұра неліктен ситуацияға жай қарайды?
-Басшының да басшысы бар демек, жалпы компанияның бизнес моделі сондай болып тұр. Маманның басшысының тікелей бастығы да оған қатаң талап қоймайды. Бұндай жүйе әсіресе нарықта өз орнын шегелеп алған үлкен компанияларда болады. Бірнеше отделдың осал жұмысы - жалпы компанияға зардабын келтірмейді.

3. Неліктен жауапкершілігі жоқ маманды жұмыстан қумайды?
-Бұл жүйе басшының көңілінен шығып тұр. Оның комфортына үлкен кедергі тиіп жатқан жоқ.

4. Бұндай маманды болашақта не күтіп тұр?
-Адамда прогресс қашан болады дейді. Критикалық стрессовый ситуацияларда болады. Жаңа қабілеттер ашылады. Бойыңда бұрын-соңды байқамаған таланттар ашылады. Ал адам табиғатынан комфортты іздейді. Зарплата түсіп тұрса, жан тыныш болса рахат емес пе? Болашақта бұндай маман стаждың арқасында ғана көтеріле алады.


Бұл сенің өмірің. Сәттілікке тәуелді болып, сол өміріңді шанс күтіп отырумен өткізбе.
Кездейсоқтыққа үміттенбе.