Get Mystery Box with random crypto!

аспанға жолданған хат…

Telegram арнасының логотипі baqytbaeva — аспанға жолданған хат… А
Telegram арнасының логотипі baqytbaeva — аспанға жолданған хат…
Арна мекенжайы: @baqytbaeva
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 70
Арнадан сипаттама

Бақытбаева Гүлбибі🌼
Инста:@baqytbaeva🍭

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-02-10 20:09:28 тізім салмайтын болдым. сыйлай беріңдер (тек мотивация болмаса болды)
18 viewsGulbibi, 17:09
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 07:39:06 маған қазақша кітап сыйлауға рұқсат
35 viewsGulbibi, 04:39
Ашу / Түсініктеме
2022-02-08 09:59:17 https://youtube.com/playlist?list=PLngdzEyKAHx_d4KmNCdc8E0443eWIAiXw


көріп шығыңдаршы... басқа фильм, киноны көріп шығатын уақыттары бір ғой.
10 viewsGulbibi, edited  06:59
Ашу / Түсініктеме
2022-02-06 17:03:33 Тағдырдың теперішті тар жолында,
Талпынғанда бақытты жан болуға,
Ең бірінші  қорғаным дәйім Алла,
Ал кейінгі демеушім сенсің Мама!
Қасымда болшы Мама!

Шешім таппай қол-аяқ байланғанда,
Жарығымда түнекке айналғанда,
Қалғанда шығуы жоқ шыңырауда,
Қолыңды созшы Мама!

Ең жақыным тым алыс суынғанда,
Өкпеме өксігім кеп тығылғанда,
Жаңбыр емес жасыма жуынғанда,
Жасымды сүртші Мама!

Ойымдағы болмаған сәттерімде,
Бір өзіме жетеді әттеңімде,
Еш жаннан демеу таппай шыбын жаным,
Қиналғанда ах ұрып құлыншағың,
Жанымда болшы Мама!

Ақылшымда сен менің төрешімде,
Әлім жоқ шақтарымда күресуге,
Ойым мың боп түскенде сергелдеңге,
Сырымды айтар жан таппай сенделгенде,
Сенен артық дос жоғын білем менде,
Сырласым болшы Мама!

Таныстың бәрі таңсық болған кезде,
Жүрегім кезбе мұңға толған кезде,
Қарабұлтқа айналса аспан лезде,
Мынау әлем бір маған қарсы шығып,
Жақыным дегендерім қашқан кезде,
Сенен артық жанашыр жоқ білемінде,
Керексің маған Мама!

....Мен сенсіз тіпті ешкім емес екем,
Қалай сенсіз өмірді елестетем,
Аман болшы бағыма аман болшы!
Мен сенің әр күніңді көктем етем!
Қызыңның естімеші жаман атын,
Ең алғашқы мәңгілік махаббатым!
Аман болшы мәңгілік махаббатым!


Бұл өлең жазылған сәт осы кезге дейінгі ең ауыр сәт,Мен өмірімде алғаш рет анамнан көмек сұрадым және ол өлең боп кетті.Кейін қанша өзгерткім келсе де қолым бармады ватсапқа хабарлама түрінде жазылған күйі қалды...
32 viewsGulbibi, 14:03
Ашу / Түсініктеме
2022-02-06 13:17:59 қартаюдан қорқам...
40 viewsGulbibi, 10:17
Ашу / Түсініктеме
2022-02-05 19:51:40
кішкентайымнан зиялылардың ішінен Ахаң маған ерекше жақын етін. Бұл сериалдан кейін махаббатым артпаса, кемімеді
18 viewsGulbibi, 16:51
Ашу / Түсініктеме
2022-02-05 19:47:46 Менің ішіме өкпенің үлкені де, кішісі де сыяды. Тісімнен шығармай тістеніп жүрсем де болар еді...

Әбдіжәміл Нұрпейісов "Қан мен тер"

@kitapuzindisi
16 viewsGulbibi, 16:47
Ашу / Түсініктеме
2022-02-05 19:43:09 менің кездескен адамның бәрін мотивейшнге тойдырып жіберетінім бар (өзім жарып жүргендей)
20 viewsGulbibi, edited  16:43
Ашу / Түсініктеме
2022-02-05 19:41:42 Гүл әпкеммен кездестім бірінші. Шаңырақ ортақ универімізде жүріп жолықпай ұят жасадық деп жағымыз талғанша шер тарқастық. 12 жарымнан аса шәйға отырған сияқты едік, бір қарасақ сағат 5 боп қапты пашти. Арқаңнан қағып, мотивацияға тойдырып жіберед бұ кісі, басыңды көтеріп адам боп қаласың кәдімгідей

Арнамызды жылға жуық уақыт оқып, Нәзөк бикешпен де жолықтық. Менің кішкене аузыма құм құйып алғаным болмаса, былайынша керiм нетіп кеттік. Шашына сындым прям. Құшақтағаны күшті-ақ)))
14 viewsGulbibi, 16:41
Ашу / Түсініктеме
2022-02-01 20:18:54 "адам аш болғанда көп жазады. біз де аш болғанда кітапты шығардық қой... қазір, тоқпыз жазуды қойдық. сен қазір ашсың, тоқтама, жаз!"
20 viewsGulbibi, 17:18
Ашу / Түсініктеме