Get Mystery Box with random crypto!

аспанға жолданған хат…

Telegram арнасының логотипі baqytbaeva — аспанға жолданған хат… А
Telegram арнасының логотипі baqytbaeva — аспанға жолданған хат…
Арна мекенжайы: @baqytbaeva
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 70
Арнадан сипаттама

Бақытбаева Гүлбибі🌼
Инста:@baqytbaeva🍭

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2021-11-25 16:37:27 Ол шаршады, бұл әлемнен қажыды, өткір жанарымен мына сұрғылт ғаламға өштігіп тұр. Жылдамдығы уақытқа бағынбаған көлік терезесі оның өткір жанарынан әлемді қорғап тұрғандай. Сұсты, қорқынышты... Әлем оған қызықсыз, өмір мәнсіз болғанына ұзақ уақыт болды. Тек құр денесі ғана «өлместің қамын жасап» жүргендей, жаны жәннәттық болғаны қашан... Оның өмірі бейне қара сиямен шимайланған ақ парақ іспетті, кәдеге жарамсыз, өшіріп, қайта бастауға да келмейді. Тек умаждап қоқыс жәшігінің түбіне лақтыра салу ғана қалды. Бұл жағдайдың басына келетінін де, ғаламда өзін артық сезінетін кез туатынын да еш уақытта ойламаған. Ол қазір өзге...
Аяладамаға келіп тоқтаған маршут... Денесі темірге айналғандай ауыр қозғалды. Қос жанарын төменге салып, кондуктор апайға қалтасындағы соңғы тиынын берді де, түсіп кетті. Жалғыз аяқ жолда жанарын көтерместен жүріп келеді... Ұзақ әрі үнсіз, ауыр... Жұмыс орнына қуанып, құштарлықпен қашан келгені де есінде жоқ... Бәрі сағымдай көз алдынан өтті, кетті... Сұр түсті ғимарат, қара түсті заттарға толтырылған бөлме, қоңыр түсті есікті аша салып, жоғарыда тұрған қоңыр орындырығына құлай кетті. Бес минуттық жер бес сағаттық секілді көрінді... Кенет есік қағылды, қара түсті пернетақтасынан көзін көтерместен «кіріңіз» деді. Үстіне ең қымбат костюмді киген, соңғы үлгідегі сағатты оң қолына таққан, су жаңа телефон ұстаған бұрын соңды көрмеген жан бөлмеге енді... Алдиярдың алдында тұрған орындыққа рұқсат сұрамастан жайғасып, байырдан таныс адамша хал сұрасты.
-Барлығы жақсы, кім болдыңыз?
-Алдияр, сен мені танымауың мүмкін, ал мен сені өзіңнен де жақсы танимын десем болады. Мен саған көмектесе аламын. Сенің бұл жағдайда еш кінәң жоқ... Маған сенші.
Оған бәрібір еді. Бұл адамның айтқан сөздерін айналасындағы жақын адамдары да айтқан, бейне ғаламда бүкіл сөз ұмытылып, тек осылар қалғандай, бәрінің айтары бір, бірақ ешкімнің қолынан ештеңе келмейтіні хақ. Ол күн оралмайды... Бәрі біткен...
Жанындағы белгісіз жан қанша тырысса да Алдияр сол күйі басын көтерместен, пернетақтасына белгісіз бір сөзді тере бастады.
-Алдияр, мынау саған менен сый болсын. Сау болғайсың!- деп белгісіздік кейпіндегі жан орнынан тұрып, есікті ақырын жапты да, жалғыздықтың қапасында жалғыз қалдырып, кете барды... Сағат тілі 17:26... Бос бөлме... Алдияр және ақ ұнтақ...
Қолын созып қалай алғанын, мұрнына әкеліп оны қалай иіскегенін аңғармай қалғанмен, жан-тәніне енген әр түйіршік оны қайта өмірге әкелгендей... Жаңа өмір сыйлағандай...
Өзгеше күйге енді. Бақыт құсы бағында сайрап, көңілі жайланғандай, бар әлем ән салғандай күйде. Қуанды, ол да ән салғысы келді... Ол күн болмағандай, өмірінен өшіп қалғандай... Ол бақытты. Бір сәтке... Тәтті ұйқыдан тұрғандай... Ақ ұнтақты қалады. Сиқыршы феяның ұнтағы сынды. Оны мына әлемнен алысқа алып кететін...
Түнді жанына серік қылды... Жұмыстан шықты, күн көруі қиындады, алайда сол ұнтаққа жету үшін бәрін беруге барды. Жарғанатқа айналды... Түнде өз азығын іздеуге шығатын... Жанында жүрген жолдастан қазір ешкім жоқ... Күні ұйқымен, түні түйіршікті ұнтақ сыйлаған ғажайып әлемге саяхаттаумен өтті.
...Қабір басында егіле жылаған ақ жаулықты ана.Баласының тәнін қара жерге табыстап, ішінен өзін езгілеп отыр...
-Қара басқан, құлыным-ау. Қайдан ғана сол аты жаман нәрсеге жолап едің. Қай есалаң сені үйір қылған. Болған көлік апатына өзіңді кінәлап, ұнтаққа табынып өттің-ау ғұмырдан. Жарығым-ау, жарқыным. Анаң қалай ғұмыр кешпек... Кімге сеніп қалдырдың бізді... Қарғыс атсын сол күнді.
Махаббат құшағында қос ғашық... Оқыстан шыққан жүк көлігі... Бұлыңғыр, бәрі қараңғы, қанға боялған ақ ұлпа қар... Өз сүйіктісінің жансыз денесін құшағына қыса Алдияр... Бәрінің бастауы да, соңы да осы болды... Ақ ұлпа қардың үстінде қосылған қос жүрек, ақша бұлттар жанында қайта бірікті... Бұл жолы мәңгілікке...
31 viewsGulbibi, edited  13:37
Ашу / Түсініктеме
2021-11-23 16:10:00 Жақсы көретін жігітіңді алып қашып кет (қыздармен барып)
41 viewsGulbibi, 13:10
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 22:17:13 20 жасымның соңғы аптасында есте қалатындай не жасауға болады?
157 viewsGulbibi, 19:17
Ашу / Түсініктеме
2021-11-19 15:20:56 адамдарды кешіріп те, ренішті ұмытып та үйрену керек...
22 viewsGulbibi, 12:20
Ашу / Түсініктеме
2021-11-18 21:11:10 сырласайық...
36 viewsGulbibi, 18:11
Ашу / Түсініктеме
2021-11-15 19:00:22
235 viewsGulbibi, 16:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-15 11:27:18 ең басты қолдау- ата-ананың қолдауы
40 viewsGulbibi, 08:27
Ашу / Түсініктеме
2021-11-15 08:21:47 Оралда бұршақтап қар жауып тұр. тіпті ауа - райының өзі қонақ күтуді біледі. қош келдіңіздер!
Гүлбибінің нерв талшықтарына сәлем)
9 viewsGulbibi, 05:21
Ашу / Түсініктеме
2021-11-15 06:01:03 Гүлмен вокзалда тұрмын... Адамдардың біртүрлі қарағанын сезіп тұрмын...)
8 viewsGulbibi, 03:01
Ашу / Түсініктеме
2021-11-12 15:20:13 жаңа ғана соңғы нерв талшығым ақтық сапарға атанды...
27 viewsGulbibi, edited  12:20
Ашу / Түсініктеме