Get Mystery Box with random crypto!

аспанға жолданған хат…

Telegram арнасының логотипі baqytbaeva — аспанға жолданған хат… А
Telegram арнасының логотипі baqytbaeva — аспанға жолданған хат…
Арна мекенжайы: @baqytbaeva
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 70
Арнадан сипаттама

Бақытбаева Гүлбибі🌼
Инста:@baqytbaeva🍭

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-01-16 21:58:38 мам, мені балалық шаққа апаршы...
17 viewsGulbibi, 18:58
Ашу / Түсініктеме
2021-12-24 15:03:04 Оқы. Көр. Жаса. Істе. Шаттан. Қыдыр. Қуан. Күл. Биле. Ән айт. Ешкімді тыңдама. Үлкендер де қателеседі.
Біреудің сызған сызығымен жүрме, ережелерді бұз, таптаурынға тосқауыл бол.
Оқы. Дамы. Бар. Арала. Рахаттан. Ләззат ал. Бір орында тұрма.

Ғашық бол. Сүй. Құлай сүй. Есің кетіп сүй. Сағын. Жақсы көр. Жақсы көруге тырыс. Жақсы көрдіруге тырыс.

Дос бол. Досы бол. Құшақтап, еркелетіп, әңгімелесіп, салғыласып, ессіздіктерді бірге жасайтындай дос бол.

Бір ғана рет берілген ғұмырыңның саған лайықталған уақыт өлшемін білмейсің. Өкінішсіз өмір сүр!
15 viewsGulbibi, 12:03
Ашу / Түсініктеме
2021-12-24 08:42:40 бүгін жоспарланған жұмыс көп еді. біріне кешіктім, екіншісін ұмыттым
27 viewsGulbibi, 05:42
Ашу / Түсініктеме
2021-12-14 14:41:44 ангинаны емдеудің тиімді тәсілін айтыңдаршы, плиз
24 viewsGulbibi, 11:41
Ашу / Түсініктеме
2021-12-13 21:09:26 барлығын қойшы үйде ауырғанға ештеңе жетпейді... барлығы сені айналшықтап, ақыры тәуір қып алады...
ал, қазір, жатырмын... 1045 рет ұйықтаған болармын. осындайда үйге барғым кеп кетеді... еркелік не істетпейді.
22 viewsGulbibi, 18:09
Ашу / Түсініктеме
2021-12-12 12:01:46 өмірімде бірінші рет кешікпейін деп едім...
енді маған "кешігіп жүресің" деп айтпаңдар
26 viewsGulbibi, 09:01
Ашу / Түсініктеме
2021-12-11 20:55:02 Егер сен енді мектеп бітірген оқушы или студент болсаң саған бір ғана кеңес берер едім.

Жоооқ, саған оқы демеймін. Өзім де қарқ қылып оқыған жоқпын. Сол үшін нені оқу керек, қайссын оқысаң көбірек пайдалы боларын нақты айта алмаймын.

Мен саған "ортаңды" қалыптастыр дегім келеді.

Жақсы адамдармен аралас, жақсылармен дос бол. Белсенді бол.

Нәтижесін студенттік өмірің аяқталар тұста көресің.

Оқу, қызық думан бәрі оқу орнының қабырғасында қалады.

Сенімен бірге кететін сенің білімің және ортаң.

Мен оқудың соңғы жылында жүргенде кездесуге адамдар көп шақыратын. "Шәй ішейік" "Әңгімелесіп қайтайық" деген сияқты.

Қарапайым емес әжептәуір беделді студенттер. Явно төрт жылын оқуға арнаған.

Бірақ түсінесің бе адамға ойымен бөлісетін орта әр кез керек. Даму үшін де.

Кей кездесуге барсаң іштері толып қалған, сөз бермейді. Айта береді, айта береді.

Сол кезде түсінесің. "Вот, бұл адамға орта жетпей жүр"

Менде өзіндік орта болды. Оқу бітіргенде соның нәтижесі көрінді.

Басқалар дипломын құшақтап әр жерге резюме лақтырып жүрді.

Сенесің бе? Мен еш жерге өтініш тастамадым. Бірақ қыс бойы 12 жерден жұмысқа шақыру келді.

Және бірнеше облыстан.

Мені жұмысқа қалап шақыратындай асып бара жатқан дымым жоқ. Тіпті орташадан төмен болуым да мүмкін.

Бірақ менде дамушы орта болды. Өздері жұмысқа кірген жерге маман қажет болғанда мені ұсынатын. Солай мені шақырды.

Бұл күшті сезім.

Оқу керек әрине. Бірақ тек оқу ғана емес. Адамды қалыптастыратын орта.

Көпшіл бол. Досқа ашық бол. Уақыт өзі іріктейді. Дамушы ортаға ұмтыл.

Ортаң қандай сен сондайсың. Егер ортаң неготивке толы болса бір күні сенің де ішкі жалыныңды өшіреді. Сенде солар сияқты армансыз адамға айналасың.

Ал армансыз адам, қанатсыз құспен тең.


Солай Джони.
19 viewsGulbibi, 17:55
Ашу / Түсініктеме
2021-12-11 17:33:43 қуантады
ұйымдастырушыларымен жеке танысқым келеді...
33 viewsGulbibi, 14:33
Ашу / Түсініктеме
2021-12-11 17:33:12
Жылдың әдемі қортындысы болсын! Сізді де күтеміз Қыстың салқын күнінде жанымызды жырмен жылытайық
Билеттер үшін: +7 778 364 8881
19 viewsGulbibi, 14:33
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 03:27:11 бүгін бізде дәстүрлі "фф пати"
шынымен, сезім ерекше, толқыныс, қимастық сезім...
"апай, ағай" деп барынша біз үшін жағдай жасап жүгіріп жүрген іні-сіңілдерімізді көріп жүрегім шынымен елжіреді
"сіздер салған сара жолмен", "сіздердің іздеріңізбен" деген ақ ниетті, жүрек жарды тілектерін естіп жауапкершілігімнің қаншалықты ауыр екенін ұқтым...
артымда із қалдыра алғаныма қуанамын... Сен менің жүрегімдесің - ФИЛФАК
2 viewsGulbibi, 00:27
Ашу / Түсініктеме