Get Mystery Box with random crypto!

аспанға жолданған хат…

Telegram арнасының логотипі baqytbaeva — аспанға жолданған хат… А
Telegram арнасының логотипі baqytbaeva — аспанға жолданған хат…
Арна мекенжайы: @baqytbaeva
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 70
Арнадан сипаттама

Бақытбаева Гүлбибі🌼
Инста:@baqytbaeva🍭

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2021-11-12 11:40:42 Оралға осы барғанымда, Тоқсан сегіздің арқасында Гүлбибімен танысып, мына бір үлкен ісі жайлы шет жағасын естіп, қатты қуанып, әрі қызығып едім. тек сол кезде Оралда болмайтыным мен кейбір Гүлбибінің жолындағы кедергілер алаңдатқан-ды. алайда, соның барлығын жеңіп, шешіп, ақыры үлкен нәтижеге қол жеткізгеніне қуанып жатырмын. жарайсың, тек қана алға, әрі сәттілік!

[Оралдағы жандар, сіздер де барып, қолдау көрсетіңіздер]
16 viewsGulbibi, 08:40
Ашу / Түсініктеме
2021-11-11 19:15:18 Осы шараны ұйымдастыру барысында қаншама нерв кетті
Барлығы шарадан соң
41 viewsGulbibi, edited  16:15
Ашу / Түсініктеме
2021-11-11 19:05:39
+Универге оның афишасы дайын болмады...
345 viewsGulbibi, 16:05
Ашу / Түсініктеме
2021-11-11 11:52:00 Жуырда...
15 viewsGulbibi, 08:52
Ашу / Түсініктеме
2021-11-10 10:36:14 98....99....100... асфальт бойында жүйіткіп келе жатырқан көліктермен жарыса, ойнағандай бірнен соң бірі жарқырай "кім жеңер екен?" дегендей қатар орналасқан жарық шамдары.
Бүгінгі ауыр күннің біткеніне ол іштей қуанды. Әдеттегі ше көлікке жайғасқан бойы отырғышқа құлай кететін. Содан кейін 1...2....3... қаз-қатар орналасқан шамдардың бірін көрсе бірін көрмейді.
Ол бүгін тағы жылап ұйқыдан тұрды. "Сен аман болсаң, мен сенің жаныңдамын" деген сөзді қайталаған түсіндегі жанның өмірден өткені ұйқыдан тұрған соң ғана есіне түсетін. Сағат 05:00. Қанша жерден кеш жатса да, тұрар уақыты осы. Оның үйі қаланың дәл ортасында орналасқаны көп-қабатты үйлердің бесінші қабаты еді. Жазу үстеліне жақындап, алдында "орындалуы керек" тапсырмалардың әлі де біте қоймағанына іші ашыды. "Қашан бітер екен?", "Қашан тыныш жүрер екем" деген сауалдар жауапсыз қоқыс жәшігіне салына берді.
Қала ұйқыда... Аула... Соңғы маркалы қымбат көліктер. Жарық шам астында ағаштан жасалған орындықта, жапырақтары сарғая түсе бастаған жалғыз ағашты саялай қарт отыр. "Мына кісі таң атпастан не істеп отыр?" деген сұрақ оны күнде мазалайтын. Күннің суығына да, жаңбырына да қарамастан шам астындағы қарттың құпиясы да "керек емес ойларының" қоқыс жәшігіне қосылды. Ол қазір өзгерген, шаршаған, қажыған. "Тірі өлік" кейпінде бір-бірімен тығылысқан бесінші номерлі маршрутқа аяғы тигеніне қуанып мінеді. Отыратын орын түгіл тұратын орынның өзіне зар боласың. Бүгін маршурт іші бос...Терезе жанындағы орынға отыра кетті, бұрынғыдай қала келбетіне тамсана қарауды баяғыда қойған. Құлағындағы құлаққапта да бұрынғы әуендер емес. Телефоннан көзін алып, айналасына зер салды. Қақ алдында ойыншығын қапсыра құшақтаған кішкентай бала. Көзінен қорқыныш сезіледі. Айналасында ешкім жоқ. Түсер уақыт жақындады, алайда дәл жанында отырған бүлдіршінді қимады. Көзі мөлдіреп, ойыншығын әлде кім тартып алардай ұстап отыруы таныс көрінді. Жол ақысын төлеп болып бұрыла бергенінде әлігі балақай із-түссіз жоғалды да кетті. Не болғанын түсінбей аң-таң. Таңданысты қалпымен жұмысқа қалай кіріп, жұмысын бастап кеткенін өзі түсінбей қалды. Жұмыс әдеттегіше кеш бітсе де, қолына ең сүйікті ыстық кофесін алып, асықпай іше бастады. Қалың ойдың қармауына шырмалды да кетті. Таңертемен жалғыз өзі отыратын қарт, маршруттағы бейтаныс кішкентай бүлдіршін бұның есіне өзін түсірді. Әркез мына қатігез ғаламда өзін жалғыз сезінетін ойын өзі туындатып алатын. Ал, шындығында ол мүлде жалғыз емес еді. Ол енді ұқты терезе сыртындағы қарт өзінің көңілі, қажыған, шаршаған, жалғыздықты жанына серік еткен. Көзден ғайып болған бүлдіршін оның ұсақ нәрсеге қуанатын, әлемге ерекше көзбен қарап,әр нәрседен жақсылық іздейтін жанның бөлшегі....

Ойы аяқсыз қалуына телефон шырылы кінәлі. "Келіп тұрмын" деген оның даусын естігеннен соң қалай киініп, қалай жұмыстан шыққанын байқамай қалды. Көлік ішіне кірген бойда "сен ұнататын ірімшік қосылған самса, сенің әлі түстік ішпегеніңді білем" деп оның қолына жаңа ғана пештен шыққан ыстық самсаны ұстатты. Оның бойы ғана емес, жан дүниесі де жылыды. Сол сәтте " үйге тез жетші, сенің жақсы көретін асыңды әзірледік" деген құрбыларынан хабарламалар бірінен соң бірі келе бастады. Көлік терезесінен қаланың әдемлігіне көз тастады. Бәрі өзі ойлағандай сұр түсті емес екен...


1045 күн бұрын жазылған.
11 viewsGulbibi, 07:36
Ашу / Түсініктеме
2021-11-04 15:46:38 бүгін бізге бір ауылдың әкімі келді. қай ауыл екенін ұмытып қалдым.

А: - Бұл Гүлбибі қарындасың. Ә: -иә,танимын, жазушы қыз ғой. А: -қой, танымайсың. Ә: -газеттен әңгімелерін оқығам *** Ә:- қателеспесем, анаға сағыныш туралы әңгімең бар емес па, иә?
мен: -Иә. Ә: - айттым ғой, сол қыз деп. газетте суреттіңді көргем содан сақталып қалдың. маған ерекше ұнады сол әңгімең, ағайың келгенде қолыма ұстатып жіберген, жұмыстан босағанда қарағанмын, 2020 жылы газетке шығарған сияқтысың. мен: -иә, сол уақыттарда шықты ғой көбі. Ә: - сенің әңгімелеріңді былай жай оқи салуға болмайды. сезініп, ішіне еніп оқығанда күшті әсер етеді екен. мен:- рақмет, аға. Ә: - жазуыңды қойған жоқсың ғой, иә, әйтеуір. жаза түс, бұрқыратып жазшы. Пы/сы: мен өзімді өте төмен бағалаған екенмін.
18 viewsGulbibi, edited  12:46
Ашу / Түсініктеме
2021-11-03 15:04:29 1045 арман: өз балаларым дүниеге келіп, айналасын тани бастағанда осы каналдағы жазбаларды оқыту.
25 viewsGulbibi, 12:04
Ашу / Түсініктеме
2021-11-03 13:56:40 С.ағай: -Гүлбибі, саған психолог болу керек.
Мен: - Неге, ағай?
С.ағай: -Даусыңда бір әуез бар, тыңдаған адамға жағымды. Құдай саған берген екен бар таланты.
26 viewsGulbibi, 10:56
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 17:48:05 біз білетін Томирис көз алдымда өлді...
26 viewsGulbibi, 14:48
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 17:45:17 біздің жастарға шынымен театр мәдениетін үйрету керек екен.... өкінішті...
156 viewsGulbibi, 14:45
Ашу / Түсініктеме