Get Mystery Box with random crypto!

Тағдырдың теперішті тар жолында, Талпынғанда бақытты жан болуғ | аспанға жолданған хат…

Тағдырдың теперішті тар жолында,
Талпынғанда бақытты жан болуға,
Ең бірінші  қорғаным дәйім Алла,
Ал кейінгі демеушім сенсің Мама!
Қасымда болшы Мама!

Шешім таппай қол-аяқ байланғанда,
Жарығымда түнекке айналғанда,
Қалғанда шығуы жоқ шыңырауда,
Қолыңды созшы Мама!

Ең жақыным тым алыс суынғанда,
Өкпеме өксігім кеп тығылғанда,
Жаңбыр емес жасыма жуынғанда,
Жасымды сүртші Мама!

Ойымдағы болмаған сәттерімде,
Бір өзіме жетеді әттеңімде,
Еш жаннан демеу таппай шыбын жаным,
Қиналғанда ах ұрып құлыншағың,
Жанымда болшы Мама!

Ақылшымда сен менің төрешімде,
Әлім жоқ шақтарымда күресуге,
Ойым мың боп түскенде сергелдеңге,
Сырымды айтар жан таппай сенделгенде,
Сенен артық дос жоғын білем менде,
Сырласым болшы Мама!

Таныстың бәрі таңсық болған кезде,
Жүрегім кезбе мұңға толған кезде,
Қарабұлтқа айналса аспан лезде,
Мынау әлем бір маған қарсы шығып,
Жақыным дегендерім қашқан кезде,
Сенен артық жанашыр жоқ білемінде,
Керексің маған Мама!

....Мен сенсіз тіпті ешкім емес екем,
Қалай сенсіз өмірді елестетем,
Аман болшы бағыма аман болшы!
Мен сенің әр күніңді көктем етем!
Қызыңның естімеші жаман атын,
Ең алғашқы мәңгілік махаббатым!
Аман болшы мәңгілік махаббатым!


Бұл өлең жазылған сәт осы кезге дейінгі ең ауыр сәт,Мен өмірімде алғаш рет анамнан көмек сұрадым және ол өлең боп кетті.Кейін қанша өзгерткім келсе де қолым бармады ватсапқа хабарлама түрінде жазылған күйі қалды...