Get Mystery Box with random crypto!

Майн Кайф (де)

Telegram арнасының логотипі asylkhan_aab — Майн Кайф (де) М
Telegram арнасының логотипі asylkhan_aab — Майн Кайф (де)
Арна мекенжайы: @asylkhan_aab
Санаттар: Блогтар , Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 532
Арнадан сипаттама

Кері байланыс үшін:
t.me/asylkhankaz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-09-27 22:21:44
Ал студенттерді көбірек қабылдайтын елдер (кстати, все данные 2019 года):

1. АҚШ – 957.5 мың
2. Ұлыбритания – 550.9 мың
3. Австралия – 458.3 мың
4. Германия – 368.7 мың
5. Канада – 323.2 мың
6. Ресей – 282.7 мың
7. Франция – 252.4 мың
8. Қытай – 221.7 мың
9. Япония – 202.9 мың
10. Түркия – 185 мың
11. Нидерланды – 124.9 мың
12. Аргентина – 121.6 мың
13. Южная Корея – 111.6 мың
14. Малайзия – 89.2 мың
15. Испания – 82.3 мың
16. Австрия – 75.9 мың
17. Украина – 68.7 мың
18. Сауд Арабиясы – 63.4 мың
19. Польша – 62.1 мың
20. Қырғызстан – 61.4 мың

Қазақстан бұл рейтингте Италия, Швейцария, Бельгия, Индия, Гонконг пен Мексикадан кейінгі 27-орында и 40.7 мың студент оқиды екен.

Евросоюз елдерінде 1.228 млн шет ел студенттері оқиды.

Иә, Қырғызстанда 61.4 мың студент и ең көп шет елден студент оқытатын елдер арасында Топ-20 ел қатарында (если ЮНЕСКО-ға сенсек).
82 viewsedited  19:21
Ашу / Түсініктеме
2022-09-27 22:13:36
Төмендегі жасағаным – қай ел студенттері көбіне шет елге кететінін көрсетеді. Неожиданный ақпараттар да бар:

1. Қытай – 1 088.4 мың
2. Индия – 516.2 мың
3. Вьетнам – 132.6 мың
4. Германия – 123.5 мың
5. АҚШ – 109.8 мың
6. Франция – 108.7 мың
7. Южная Корея – 100.6 мың
8. Непал – 95.3 мың
9. Қазақстан — 90.3 мың
10. Бразилия – 89.2 мың
11. Өзбекстан – 85.9 мың
12. Италия – 84.5 мың
13. Нигерия – 71.8 мың
14. Түрікменстан – 68.2 мың
15. Иран – 66.7 мың
16. Пакистан – 64.6 мың
17. Марокко – 63 мың
18. Сауд Арабиясы – 58.9 мың
19. Ресей – 57.6 мың
20. Индонезия – 55.9 мың

Получается, 19 млн-дық Қазақстаннан шет елге 260 млн-дық Индонезия, 140 млн-дық Ресей, 215 млн-дық Пакистан, 80 млн-дық Иран, 220 млн-дық Нигерия, 60 млн-дық Италия, 200 млн-дық Бразилияға қарағанда көбірек студент оқуға кетеді.

Бұл жақсы ма или жаман ба?
83 views19:13
Ашу / Түсініктеме
2022-09-27 22:02:23
Әлемде 6.1 млн студент өз елінен тыс жерде білім алады. 2000 жылмен салыстырғанда шет елде оқитын студенттер саны 3 есе артқан (2 млн-нан 6.1 млн-ға дейін).

Халықаралық студенттердің 57.7% АҚШ, Евросоюз, Ұлыбритания, Канада мен Австралия елдерінде оқиды.

На днях маған Қазақстанда шет елден неше адам оқитыны мен қанша қазақстандық шет елде оқитыны жайлы ақпарат қызық болып, іздеп көрдім. Жауабын көргенде таң қалдым и осында бөлісуді жөн көрдім короче.

Ақпаратты ЮНЕСКО сайтынан таптым. Сайтта елдердің рейтингі жоқ. Сондықтан сайттағы разбросанный ақпаратты жинақтап, жеке рейтингімді жасадым. Ол жерде қай елден көп студенттер шет елге оқуға кететіні мен қай елдерге шет елден студенттер келетінін көресіздер.
90 views19:02
Ашу / Түсініктеме
2022-09-23 22:27:52 Не де болса, Қазақстан оларға қол ұшын созып, жағдайын жасап, документтер мен ВНЖ жасау жолында жеңілдіктер жасауы керек сияқты. Қазақ пен орыс бауырлас халық болмаса да (ну типа тілі, діні жағынан), ыммен бір-бірін түсінетін, ғасырлар бойы бірге өмір сүрген, бірге қаналған, бірге ашаршылық өткізіп, бірге соғысқан халық. Иә, меніңше, «КСРО кезінде орыстар қазақтарды қанады» деу арқылы орыстарды кінәлау дұрыс емес. КСРО басшылығындағы тоталитарлық коммунисттік диктатура орысты да, эстондықты да, украинді де, қазақты да, татарды да, чувашты да қанады. Просто кәріс, татар, шешендер көбірек қаналса, орыстар азырақ дегендей.

Ал Қазақстанға и Қазақстан арқылы өзге елге кетпекші орыстар Ресей тұрғындарының арасындағы ең адекватты, ақшасы мен білімі бар мамандар, ертеңгі демократиялық, ашық Ресейді құратын негізгі күші. Қазақстан мен қазақстандықтар оларға қиын күн туғанда жақсылық жасау арқылы ертеңгі демократиялық Ресей алдында жақсы очко жинайды. Ал Ресей ертеңі демократиялық болары сөзсіз. Ол полюбому болады. Ал Ресей еркіндікке қол жеткізіп, дамыған ел болмай, Қазақстан ондай бола алмайды (по-моему).
18 viewsedited  19:27
Ашу / Түсініктеме
2022-09-23 22:22:19
Минустардан:
• Үй бағасы өседі
• Елде кикілжің артуы мүмкін
• Ресей ертең азаматтарын іздесе бізге артық жұмыс

Жақсы тұстары:
• Елде экономикалық белсенділік өсуіне алып келеді (баға мен сұраныс өсуі арқылы)
• Өте аз бөлігі қалып қойғанның өзінде ол Қазақстан үшін жаңа маман, жұмыс қолы. Ал қазір адам үшін елдер арасында талас болып жатыр. Көшіп келушіге қарағанда кетушісі көп Қазақстан үшін 10-20 мың адамның қалып қойғаны да үлкен жетістік.
• Әлем жаңалықтарына «ресейліктер Қазақстанға қашып жатыр» деу арқылы Қазақстанның сәл де болсын жақсырақ аты шығатын болады. Айтпесе қаңтар, диктатура, қала атын ауыстыру сияқты позорный нәрсемен ғана жаңалыққа шығамыз.
17 views19:22
Ашу / Түсініктеме
2022-09-23 22:09:21
Основной поток қазір Түркия, Грузия, Қазақстан мен Армения елдеріне келуде. Ал основной емес поток Монғолия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Эмираты.

Жыл басынан бастап Қазақстанға 1.66 млн ресейлік келсе, 1.64 млн ресейлік кеткен. Ол деген сөз елді тек 20 мың Ресей азаматы ғана тұрғылықты орын ретінде таңдаған. Бұл жалпы елге келген ресейліктердің 1.2% ғана. Қалған 98.8% Қазақстанды уақытша ел ретінде таңдап, кейіннен Түркия, Грузия, Таиланд, Эмираты, Европа елдеріне кеткен.

Европа елдерінен қазір Германия «соғыс пен мобилизациядан қашқан» азаматтарға қол ұшын созуға дайын екенін айтты. Сондықтан, бізге ағылып жатқан ресейліктер авиабилеттер арзандағанша или өзге елге виза алғанша Қазақстанда болып, кейіннен өзге елдерге кетеді.

Негізгі қысым тек Астана, Алматы мен шекаралас қалаларға түсетін шығар. Ағылып келгенінің ең басты минусы – Қазақстандағы онсыз да жоғары үй бағасының өсуіне алып келуде. Ертең олар кетсе бағалар қайтадан түседі деу қиын. Бізде баға тек өседі.
19 views19:09
Ашу / Түсініктеме
2022-09-23 22:01:24
Ресей халқы 1992 жылдан бері азайып келуде. 2021 жылы азаю темпі бойынша рекорд болып, 1 млн адамға аз бола түсті.

Қазір Ресей азаматтары өз қаласына жақын елдерге қашуда. Қазақстан Ресейдің Сібір, Урал, Приволжье мен Оңтүстің федералдық округтерімен шекаралас. Ол округтерде 82 млн адам өмір сүреді. 2021 жылдың 24 ақпанында соғыс басталғанда ресейліктер өміріне қауіп төнген жоқ еді, соның өзінде сәуірге дейін 3 млн-ға жуық адам шет елге кетіп қалды (кейін қайтып келгендер де болды). Ал қазір 20-40 жас аралығындағы ер адамдар өміріне қауіп төнуде и шет елге кетушілер қарасы, скорее всего, соғыс басталғандағыдан көп болады.

Ресейліктер баратыр ел де көп емес. Соғыс басталғалы Европа елдеріне ұшақтар ұшпайды, шекаралас Эстония, Литва мен Латвия шекараны почти жауып тастады, пока что тек Финляндия ашық еді, ол да жабуды ойлап жатыр. Солтүстікте еще Норвегия (пока) ашық. Бірақ олардың барлығына виза қажет.

Виза қажет еместерден Түркия, Грузия, Армения, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Монғолия сияқтылар бар.
22 views19:01
Ашу / Түсініктеме
2022-09-23 21:51:44
Ресей демографиясына қарайтын болсақ Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде дүниеге келгендер (1941-45), сол кезде дүниеге келгендер жанұя құратын жасқа жеткен жылдары (1960-70) және балалары жанұя құратын жасқа жеткендегі жылдары адам аз туылғанын көреміз (1985-2005).

Бұл деген сөз – Ресей демографиясына әлі де Екінші дүниежүзілік соғыс әсер етіп жатыр дегенді білдіреді. Оның үстіне 1985-2000 жылдар аралығында соғыс кезінде туылғандардың немерелері жанұя құрып жатқанда қатты экономикалық дағдарыс орын алып, туу саны 1960-70 жылдардағы поколениеден де аз болды.

Получается, Ресей тарихындағы ең аз туылған поколение 1990-2000 жылдар аралығындағы адамдар. Қазір сол ең аз поколение жанұя құрып, бала дүниеге алып келетін жаста. Бірақ Ресей өзінің ең «в рассвете сил» болып тұрған, но аз поколение жағдайын жасап, олар көбірек бала дүниеге алып келіп, өз болашағын Ресеймен байланыстырып, Ресейді дамытуға жағдай жасаудың орнына, оларды соғысқа жіберуде. Соғысқа бармағаны шет елге қашып жатыр.
26 viewsedited  18:51
Ашу / Түсініктеме
2022-09-22 23:29:07
Сондықтан, Президенттікке кандидат бола алатын адамдар санын 6.4 млн адамнан 24.8 мың адамға дейін қысқартатындай талаптар қойып тастап, оны «еркін және әділетті сайлау» деп айту – екіжүзділік. Еще адам тіркелгеннің өзінде қуғындалып, сайлау кезінде өтірік бюллетеньдер тасталып, мұғалімден мен дәрігерлерді биліктегі адамға дауыс беруге міндеттеу кесірінен точно жеңіске жете алмайды.

Суретте Швецияда дүниеге келген Эстония экс-президенті Тоомас Хендрик пен 39 жасында Франция президенті атанған Эммануель Макрон (Францияда 23 жастан бастап президент болуға болады екен).

Қазақстанда Хендрик шет елде дүниеге келген болғаны үшін, Макрон 40-қа толмағаны үшін, Трамп мемлекеттік жұмыста істемегені үшін сайлауға қатыстырылмаушы еді.
66 views20:29
Ашу / Түсініктеме
2022-09-22 23:20:44 Мынау енді слишком ұзақ текст болды, ну и ладно.

Қазақстанда, менің санағаным бойынша, 2.72 млн ер адам және 3.7 млн әйел адам 40 жастан асқан. «40 жастан асқан» деген талапқа елдегі тұрғындардың 33.6% дұрыс келеді (әр 3-ші қазақстандық).

БҰҰ жасаған «Trends in International Migrant Stock: The 2019 Revision» зерттеуі бойынша Қазақстан тұрғындарының 3.8 млн шет елде дүниеге келген (1991-кейін келген қандастар, 60-жылдары келген орыс-украин мамандар, 40-жылдары көшірілген кавказ халықтары, поляктар, кәрістер мен немістер және т.б.). Сонда әр 5-ші қазақстандық шет елде дүниеге келген.

40 жастан асқан и туылғаннан Қазақстан азаматы болғандар саны уже 5.16 млн (халықтың 27%).

Министрліктің айтуынша, 36% қазақстандықтардың жоғары білімі бар. 1999 жылы ол көрсеткіш 12.5% болған (ерлер 12%, әйелдерде 13.2%). Получается, 40 жастан асқан адамдар жоғары білімді 2000-жылдарға дейін алғаны белгілі болса, 40 жастан асқандар арасында 12-13% адамда ғана жоғары білім бар.

Бізде 40 жастан асқан и Қазақстанда туылған 5.16 млн адамнан уже 265 мың ер адам мен 391 мың әйел адам қалды. Жалпы Қазақстан халқының 3.4% 3-ші талаптан өте алды.

Ал енді, елде 99 мың шенеунік бар. Олар 20-63 жас аралығындағы адамдар. Получается, ~50 мыңдай адам 40-63 жас аралығындағы мемлекеттік қызметте істегендер. Оның барлығында жоғары білім бар делік. Сонда Қазақстанда дүниеге келген және жоғары білімі бар, 40 жастан асқан және мемлекеттік қызметте істеген адамдар саны уже 40 мың адамды құрайды. Елде неше «сайланатын лауазымдағы» адамдар бары жайлы ақпарат таба алмадым.

Қазақстан халқының 84.8% орысша жаза алады, ал қазақша тек 62%. Орысша жазу деген талап жоқ, но қазақшаны еркін білу деген талап бар. 40 мың адамның 62% ~ 24.8 мың адам.

Әр кандидат кандидатурасын бере алдында қазақша емтихан тапсырады. Одан өте алмаса тіркелмейді. Вряд ли 24.8 мың адамның барлығы емтиханнан өте алады.

24.8 мыңның барлығы өтті дегеннің өзінде барлық талапқа Қазақстан халқының 0.013% ғана сәйкес келіп тұр. Егер жай ғана «40 жастан асқан және жоғары білімі бар» болғанда уже 645 мың адам кандидат бола алатын еді (4.03% адам). Мемлекеттік жұмыста істегендік жайлы талап уже кандидаттар санын 26 есеге қысқартып отыр. Ол кандидат әлі қаншама мың адамның қолы мен документтер жинауы керек.

Осындай жағдайда Тоқаев БҰҰ төрінен «Қазақстан демократиялық тұрғыда ашық және әділ сайлау өткізгелі жатыр», - дейді.
66 viewsedited  20:20
Ашу / Түсініктеме