Get Mystery Box with random crypto!

Майн Кайф (де)

Telegram арнасының логотипі asylkhan_aab — Майн Кайф (де) М
Telegram арнасының логотипі asylkhan_aab — Майн Кайф (де)
Арна мекенжайы: @asylkhan_aab
Санаттар: Блогтар , Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 532
Арнадан сипаттама

Кері байланыс үшін:
t.me/asylkhankaz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-10-02 13:18:35
Екінші дүниежүзілік соғыста соғысқан елдердің көрсеткіштеріне тоқталайын.

Антигитлерлік коалиция (қай жылдан бастап және кімдерге қарсы соғысты в основном):
• Ұлыбритания (1939 и Германия, Италия, Жапония)
• Франция (1939 и Германия, Италия)
• КСРО (1941 и Германия)
• АҚШ (1941 и Жапония, Германия, Италия)
• Қытай (1937 и Жапония)

Үштік одақ елдері:
• Германия (1939 и Франция, КСРО, Ұлыбритания, АҚШ)
• Италия (1939 и Франция, Ұлыбритания, АҚШ)
• Жапония (1937 и Қытай, АҚШ, Ұлыбритания)

Получается, бір мықты Империялар өзге мықты Империяларға қарсы соғысты. Екі дүниежүзілік соғыс та мықты елдер арасында болғандықтан бірі 4 жыл, екіншісі 6 жыл жүрді.

Ал Батыс елдеріне қарсы Ресей соғысса барлық ел жалғыз Ресейге қарсы соғысады. Вряд ли ол соғыс ұзаққа созылады. Екі вариант бар:
• Либо бірін-бірі атом бомбасымен қырады.
• Ресей бірнеше апта ішінде беріледі.

Егер Ресей атом бомбасын қолданса, вряд ли Индия, Қытай сияқты елдер дальше нейтралды болып қала береді.
63 views10:18
Ашу / Түсініктеме
2022-10-02 13:10:59
Соңғы кезде «Үшінші дүниежүзілік соғыс» жайлы көп естіп жүрміз. Но Ресей мен Батыс елдері арасында соғыс болса, ол Дүниежүзілік болмайтын сияқты.

Бірінші Дүниежүзілік соғыста кімдер қатысты?
Антанта мен одақтастары:
• Ұлыбритания
• Франция
• Ресей
• АҚШ
• Жапония
• және өзге империя емес елдер

Орталық елдер одағы:
• Германия
• Австро-Венгрия
• Османдар
• және өзге империя емес елдер


Ал Екінші Дүниежүзілік соғыста қатысқан негізгі елдерге келетін болсақ.
Антигитлерлік коалиция:
• Ұлыбритания
• Франция
• КСРО
• АҚШ
• Қытай
• өзге елдер (өте көп)

Үштік одақ:
• Германия
• Жапония
• Италия
• және өзге елдер (Финляндия, Румыния, Болгария, Венгрия сияқты)

Получается, дүниежүзілік соғыс болуы үшін екі жақтан да әскері мен экономикасы мықты елдер қатысуы керек. Ал Ресей мен Беларусьті олай атауға тіл бармайды, еще и не факт что даже Беларусь Ресей жағында соғысатыны.

Екі жақтың көрсеткіштеріне тоқталамын.
70 viewsedited  10:10
Ашу / Түсініктеме
2022-09-29 22:59:48 Ал мынау Амальдің өткен жылғы саяхаты.
71 views19:59
Ашу / Түсініктеме
2022-09-29 22:59:08 Қазір Амаль АҚШ-та жүр.

Босқындар мәселесі всегда актуально ғой. 2011-16 жылдары сириялықтар, 2017-18 жылдары рохинджа, 2020-21 жылдары ирактықтар, сириялықтар мен ауғандар, 2022 жылы украинден, қазір Қазақстандағы ресейліктер...
71 viewsedited  19:59
Ашу / Түсініктеме
2022-09-29 22:58:01
Амальмен бірге Рим Папасы (Католик шіркеуі басшысы), Архиепископ Кентерберийский (Англиканство шіркеуі басшысы), жүріп өткен қалаларының әкімдерімен кездесіп шықты.

Шілдеде Сириядан басталған саяхат қарашада Ұлыбританияда аяқталды.

2022 жылдың көктемінде Амаль тағы да саяхатқа шықты. Бұл жолы украин босқындарға қолдау көрсету үшін.
67 views19:58
Ашу / Түсініктеме
2022-09-29 22:54:27
Бұл Амаль. Оның жасы 9-да. Ол сириялық қыз. Амаль ата-анасын іздеп жолға шыққан босқын. 2021 жылдың шілдесінде Түркия мен Сирия шекарасынан шығып, Греция, Италия, Франция, Швейцария, Германия, Бельгия мен Ұлыбритания арқылы жүріп өтті.

3.5 метрлік кукланы Ұлыбритания активисттері Европа халқының назарын босқындарға аудару үшін жасалған болатын. Амаль – араб тілінен аударғанда «үміт» мағынасын береді.

Сириядан Ұлыбританияға өзге босқындардың жүретін жолы арқылы жүріп өту арқылы босқындарға бейжай қарамауға шақырған Амаль Европада танымал болып кетті.
73 views19:54
Ашу / Түсініктеме
2022-09-27 22:53:16
Сіздің ойыңызша, 90 мың қазақстандық шет елде оқуы жақсы нәрсе ма, әлде жаман ба? Неге олай?
Final Results
60%
Жақсы
32%
Без разницы
8%
Жаман
50 voters96 views19:53
Ашу / Түсініктеме
2022-09-27 22:50:51 Соңғы 6 күнде Қазақстанға 98 мың ресейлік келген болса, 64 мың ресейлік Қазақстаннан шет елге кеткен. Получается, көп бөлігі Қазақстанда қалмақшы емес.

Бірақ, олардың арасында уже жұмыс тауып жатқан бағалы кадрлер де бар. Қазақстанда медициналық жұмысшылар, инженерлер и т.б. мамандар жетіспейтіні белгілі. Ресейден келген бұл толпа ақшасы бар, ақылды, Ресейдегі диктатураны қолдамайтын адамдар Қазақстанға керек-ақ. Тем более осыған дейін Қазақстан студенттері Ресейде оқып, біраз бөлігі қайтып келмей қалатын болса, соның орнын толтыруға үлкен мүмкіндік.
98 views19:50
Ашу / Түсініктеме
2022-09-27 22:41:37 Қырғызстаннан шет елге шығып оқитындар саны 13.3 мың адам:
• Ресей – 7.3 мың
• Түркия – 1.8 мың
• Қазақстан – 1.3 мың

Қырғызстанда шет елден келіп оқитын 61.4 мың студенттер:
• Өзбекстан – 36.6 мың
• Индия – 12.3 мың
• Пакистан – 6 мың
• Қазақстан – 2.2 мың
• Ресей – 2 мың
• Тәжікстан – 2 мың

Өзбекстан студенттерінің 73% Қырғызстан мен Қазақстанда оқиды екен.

Ал Түркияға келетін 185 мың студенттің:
• Сирия – 37.2 мың
• Әзірбайжан – 27.4 мың
• Йемен – 18 мың
• Ирак – 9.8 мың
• Иран – 8.8 мың
• Ауғанстан – 7.5 мың

– елдерінен оқиды екен. Ал түркиялықтардың негізгі кететін елдері – Германия, Нидерланды, Ұлыбритания, АҚШ пен Франция.

Австралия табысының 10% білім саласы құрайды екен. 450 мыңнан астам шет елден келген студент оқытып, оның біраз бөлігі Австралияда қалып қою арқылы сапалы кадрлерді де өзіне қалдырады. Негізгі келушілер Қытай, Индия мен Непалдан.

Ең студенттер көп келетін 10 елдің арасында тек Ресей, Франция мен Түркияда ғана алғашқы орында қытай студенттері емес. Қалған 7 елде ең көп келетін студенттер – қытайлар. Ресейде қазақтар, Францияда марокколықтар, Түркияда сириялықтар.
93 views19:41
Ашу / Түсініктеме
2022-09-27 22:28:19
Шет елде оқитын 90.3 мың студент қай елдерде оқитыны жайлы ақпарат:
• Ресей – 71.4 мың
• Түркия – 2.3 мың
• Қырғызстан – 2.2 мың
• Чехия – 2 мың
• АҚШ – 2 мың
• Ұлыбритания – 1.3 мың
• Польша – 1.2 мың
• Германия – 1.1 мың

Ал Қазақстанға келесі елдерден студенттер оқуға келеді екен:
• Өзбекстан – 26.1 мың
• Индия – 4.5 мың
• Түрікменстан – 3.3 мың
• Ресей – 1.5 мың
• Қырғызстан – 1.3 мың
• Қытай – 1 мың
• Монғолия – 1 мың

Получается, в основном Ресейде оқиды біздің студенттер (Ресейдегі шет елдік студенттің 1/4 бөлігі қазақстандықтар), ал бізде в основном Өзбекстан студенттері білім алады.
86 viewsedited  19:28
Ашу / Түсініктеме