Get Mystery Box with random crypto!

Майн Кайф (де)

Telegram арнасының логотипі asylkhan_aab — Майн Кайф (де) М
Telegram арнасының логотипі asylkhan_aab — Майн Кайф (де)
Арна мекенжайы: @asylkhan_aab
Санаттар: Блогтар , Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 532
Арнадан сипаттама

Кері байланыс үшін:
t.me/asylkhankaz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-10-25 10:28:13
Демократиялық, сөз еркіндігі мен заң үстемдігі бар елде биліктегі адам өз кеңсесі атынан ешқашан смс-пен халықты ешқандай мерекемен құттықтамай, сайлауға 1 ай қалғанда өзі қайта қалыпқа келтірген мерекемен мемлекет ақшасына құттықтаса, бұл:

• бұл смс-тер төленген болса «салық төлеушілер ақшасын босқа шашу», ал егер төленбей, ірі телекоммуникациялық компанияларды попросить еткен болса «өз билігін асыра пайдалану» болып саналатын еді;

• Сайлау алдында административный аппаратты қолдану арқылы сайлау алды жарнама жасап жатыр деп саналушы еді. Өйткені өзге кандидаттарда административтік аппаратты қолданып былай жасау мүмкіндігі жоқ, Тоқаевта бар. И бұл еркін және ашық бәсекелестік емес;

• Жай ғана популизм болушы еді.

Егер расымен де адамдарды мерекемен құттықтағысы келсе алдағы сайлауға қатысатын Тоқаевтың кеңсесі болып саналатын Ақ Орда емес, өзге атпен смс жіберуге болады.

Сонда да рахмет құттықтауға.
115 views07:28
Ашу / Түсініктеме
2022-10-19 00:24:02
Мао Цзэдун қаншалықты неоднозначный политик болса да, коммунисттік Қытайдың негізін қалаушысы ретінде қазір оған шаң жолатпайды. Ал Си Цзиньпин де Маодан қалғысы келмей, бар билікті өз қолына алып, уже орташа деңгейде дамыған, экономикалық және әскери держава болып саналатын Қытайды 3-ші 5 жылдықта басқаруға көшпекші. Алдағы 5 жылдық репрессия, текетірес, провокация мен Қытайдағы адам құқығының одан әрі тапталуына алып келетін сияқты.

Бүгінге дейін біз Қытайда билік қалай ауысатындығын білетінбіз. Ал енді Қытайдағы билік келесі отырыста ауыса ма, Си қайтыс болғанда ауыса ма, соғысып, қырылып, азаматтық соғыстан соң ауыса ма, білмейміз. Ал мұндай «неопределенность» ел экономикасының өсуіне, елге бизнес пен инвестицияның келуіне түрткі болады деу қиын. Как раз наоборот, кетеді.
199 viewsedited  21:24
Ашу / Түсініктеме
2022-10-19 00:19:23
Дэн Қытай дамуына қажетті реформаларды жасап, Цзян мен Ху кезінде Қытай өте жылдам дамыса, Си кезінде даму бәсеңдеп, қазір соңғы 30 жылдағы ең аз өсімді көрсетуде. Әлем елдері әр квартал сайын өткен кварталда ЖІӨ неше % өсім көрсеткені жайлы отчет береді, тура солай Қытай да 3-ші кварталдың отчетін 1-2 күн бұрын шығаруы керек еді, отырыстан кейін шығаратын болды. Экономисттер бұл Қытайдағы экономикалық проблеманың барымен, отырыс кезінде негативті ақпарат таратпау керектігімен түсіндіруде.

Осылайша, қазіргі отырыста Си 3-ші рет 5 жылға басшы болып тағайындалуы күтілуде. Олай болатын болса Си Мао кезінен бергі Қытайға керемет өсім сыйлаған жүйеден аттап, қайтадан диктатура мен тоталитаризмге оралып жатқанын көреміз. Хотя Дэн, Цзян мен Ху кезінде де Қытайда еркіндік болды деу қиын. Ал енді одан да еркін емес бола түседі.

Экономикалық өсім бәсеңдеп, халық қартаюы салдарынан туындайтын экономикалық, әлеуметтік проблемалар уақытында Си «кішігірім соғыс» арқылы рейтинг жинағысы келмейтіндігіне кепілдік жоқ.
153 views21:19
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 19:53:18 1999 жылы Қазақстанда 6 облыс/қала халқы 1 млн-нан көп болған:
• Алматы обл. – 1.56 млн
• Қарағанды обл. – 1.41 млн
• Қостанай обл. – 1.02 млн
• ОҚО (Шымкентсіз) – 1.54 млн
• ШҚО – 1.53 млн
• Алматы қ. – 1.13 млн

Ал қазір 8:
• Алматы обл. – 2.19 млн
• Жамбыл обл. – 1.21 млн
• Қарағанды обл. – 1.36 млн
• Түркістан обл. – 2.11 млн
• ШҚО – 1.34 млн
• Астана – 1.33 млн
• Алматы – 2.14 млн
• Шымкент – 1.18 млн

1999 жылы Солтүстікте Оңтүстіктен 2 есе ғана аз халық тұрыпты (3.4 млн), ал қазір 3 есе аз (2.9 млн).



Ал Маңғыстауға таң қалатыным облыс пен қалалардағы соңғы 23 жылдағы халық өсуіне байланысты. Ең үлкен өсім көрсеткендер, понятное дело, Республикалық маңызы бар қалалар. Өйткені оларға халық жан-жақтан жұмыс пен оқуға ағылып келеді (Алматы, ШҚО мен Қарағанды облыстары бөлінбегендегі көрсеткіштер):
• Астана +304.7% (328 мыңнан 1.33 млн-ға)
• Шымкент +170.8% (435 мыңнан 1.18 млн-ға)
• Алматы +88.9% (1.13 млн-нан 2.14 млн-ға)


Ал облыстар бойынша:
• Маңғыстау +140.8%
• Атырау +56.2%
• Алматы обл. +40.7%
• Түркістан обл. +36.4%
• Ақтөбе +35.3%
• Қызылорда +32.7%
• Жамбыл +22.8%
• БҚО +11.2%
• Қарағанды -3.9%
• Ақмола -5%
• Павлодар -6.4%
• ШҚО -12.3%
• Қостанай -18.2%
• СҚО -26.2%

Маңғыстаудағы 23 жылдағы адам санының өсуі Республикалық маңызы бар қалалармен бірдей, өсім 2.5 есе құраған. 1999 жылы Маңғыстау халқы ең аз облыс болған (314 мың адам). Ал қазір Маңғыстауда 757.9 мың адам өмір сүруде.

Шөлді аймақ, өнеркәсіп пен өндіріс өзге аймақтарға қарағанда қатты дамымаған аймақта 2011 жылдың желтоқсанындағы және 2022 жыл қаңтарындағы қанды оқиғалар басталғаны халықтың күрт өсуі мен әлеуметтік қамту деңгейі ол өсімді қажетті қызметтермен қамти алмағандықтан туындаған болар.
29 viewsedited  16:53
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 19:36:42
Осы жылдың алғашқы 6 айында 198 мың бала дүниеге келсе, оның 54.7% (108.4 мың) оңтүстік аймақта дүниеге келген (Алматы, Алматы обл., Жамбыл обл., Түркістан обл., Шымкент, Қызылорда обл.).

Туу саны бойынша аймақтар (мың адам):
• Түркістан обл. – 28.1
• Алматы обл. – 24.2
• Алматы қ. – 17.4
• Шымкент – 15.4
• Астана – 14.8
• Жамбыл – 12.8
• Маңғыстау – 11.2

Жалпы, Қазақстан аймақтары бойынша (мың адам):
• Оңтүстік – 75.6
• Батыс – 35.1
• Солтүстік – 23.7
• Орталық – 10.9
• Шығыс – 9.9

Суретте Маңғыстау облысы орталығы Ақтау қаласы. Мен осы облыстың демографиясына таң қаламын.
28 views16:36
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 19:30:55
Біздегі туу көрсеткіші (әр әйелге шаққандағы туу саны) 2.9 баланы құрайды екен. Ол өте жақсы көрсеткіш. Халық саны алдағы бірнеше ондаған жылда азайып кетпестігі үшін ол көрсеткіш 2.11-2.13 құрауы керек.

2021 жылы Қазақстандағы дүниеге келген сәбилердің 56.8% анасы 25-34 жас аралығында болған. Елдегі бала босанатын әйелдердің орташа жасы –28.9 жас. Бұл – елде адамдар өзге көршілерімізге қарағанда кешірек жанұя құрады деген сөз, дамыған елдердегі көрсеткіштерге ұқсас:
• Өзбекстан – 23.7
• Қырғызстан – 22.6
• Түрікменстан – 24.2
• Австрия – 29.7
• Финляндия – 29.4
• Франция – 28.8
• Польша – 27.6
• АҚШ – 27

Яғни, Қазақстанға Франция, Польша мен Финляндиядағы адамдар сияқты «кеш үйлену» мен «кеш балалы болу» тән.

30-15 жас аралығындағы адамдар саны өте аз екенін білеміз. Ал орташа балалы болу жасы 29-30 болса, алдағы 10 жылға жуық туу саны уже азая бастау керек (өйткені ата-ана болатын адамдар саны да аз).

Так что осы жылғы туу саны өткен жылдан аз болуы логично. Келесі жылы одан да аз болса тоже логично.
29 views16:30
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 19:20:23
Қазақстандікі 2020 жылдың қаңтарында былай болды.

Түсінбегендер болса: суретте қай жастағы ұлдар/қыздар нешеу екені көрсетілген. Көгілдір – ұлдар, қызғылт – қыздар. Қатты көк – «артық» ұлдар, қатты қызыл – «артық қыздар».

Туылғаннан 30 жасқа дейін ұлдар саны қыздардан көп болса, 30 жастан кейін қыздар саны ұлдардан басым. Өйткені ұлдар 30 жасқа дейін біразы қайтыс болып кетеді (алкоголь, ДТП, әскер, суицид) и қартайған сайын ұлдар көбірек көз жұмады. Ал пенсионерлер арасында 1/3 ғана шалдар, 2/3 пенсионерлер – кемпірлер.

75-80 жастағы адамдар өте аз болған себебі – Екінші дүниежүзілік соғыс. 30-15 жас аралығындағылар аз болу себебі – 90-жылдардағы жаппай шет елге көшу мен қатты экономикалық дағдарыс кезінде дүниеге келгендер.

2021 жылы Қазақстан тарихындағы ең көп бала дүниеге келген жыл болды (450 мың). Ал осы жылдың 6 айында 198 мың бала дүниеге келіпті. Так что 2022 жылы точно 2021 жылдың рекордын жаңарта алмаймыз (198×2≈390-410 мың).
34 views16:20
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 19:07:17 Кезінде демографияға қатысты түсініктер жайлы жазып едім. Соның ішіндегі қызық графиктің бірі жастық-жыныстық пирамида. Ол пирамидаға қарап біз елдегі қай жастағы адам көп екендігін, қай жаста қай жыныс басым екенін, халық пен жалпы мемлекеттің өткен 70-80 жылдағы тарихына шолу жасай аламыз. Пирамида арқылы елде болған соғыс, экономикалық кризисті де көре аламыз (Ресей, Қазақстан сияқты елдердің жастық-жыныстық пирамидасы мысалында соғысты да, дағдарысты да көруге болады).

Ол арқылы елдегі туу көрсеткішіне де болжам жасау оңайырақ. Көрсетілген ссылка бойынша жастық-жыныстық пирамиданың 3 түрін көреміз:
1. Пирамида асты үлкен және үстіне қарай азая береді. Ол туу саны өте жоғары және кедей елдерге тән. Бұл елдерде халық саны қатты өсуі байқалады.
2. Пирамида асты да, ортасы да бірдей деңгейде және ұшы кіші. Демографиясы тұрақты елдерге тән. Ол елдерде халық жай өседі және ең жақсысы осы.
3. Пирамида асты кішкентай, ортасы үлкен және ұшы кішкентай. Бұл елдерде халық қартайып жатыр және алдағы уақытта демографиялық кризис күтіледі.

Қазір Қазақстандағы туу көрсеткіші жайлы тоқталғым келген. Жалпы, демография маған ұнайтын салалардың бірі (именно демография жайлы статистикалар).
45 viewsedited  16:07
Ашу / Түсініктеме
2022-10-08 19:09:26
Украина ставкасы жайлы ештеңе айта алмайтын сияқтымын. Олар барынша Батыс берген қару-жарақ пен өз әскерлерінің батылдығы арқасында максимально жемісті соғысу арқылы Ресей әскерін өз елінен қуып шығуды ғана көздейтін сияқты.

Бірақ Украина әлем елдерінің оны қолдағанын пайдалану арқылы слишком кетіп бара жатқан сияқты. Мысалы, Нобель сыйлығын Украина, Беларусь пен Ресейдегі адам құқығын қорғайтын ұйымдарға берсе Украина басшылығы «агрессорға премия берді», - деп айыптап кетті.

Или Германия канцлері Украинаға танктер беруді қолдамай қойып еді Германиядағы Украина елшісі Германия үкіметін жамандап кетті. Хотя елшінің ондайға құқығы жоқ. Пока Батыс елдері ондайға көз жұма қарап, қолдауды жалғастыруға дайын. Но Украина дамыған елдердің көмегін и так болуы керек нәрсе сияқты қарамай, жоғарыдағыша әрекеттерін азайту керек сияқты. Әйтпесе қымбатшылық пен есірген Украина елшілерін көрген европалықтар көмекті тоқтатуды таңдап дауыс беруі де мүмкін.
9 views16:09
Ашу / Түсініктеме
2022-10-08 19:03:09
Ал Европа елдері соңғы салған санкцияларында Ресей мұнайы бағасына шектеу қойды. Типа «біз Ресей бағасын нарықтағы 93$ деген бағада емес, 45$-ға аламуға дайынбыз, ал кімде кім біз бекіткен бағада алса – оларға санкция салуымыз мүмкін, мұнай тасымалдаушы компанияларға страховка берілмейді и т.б.» - дегендей. Сондықтан Ресей алдағы уақытта қосымша табыс көзінен айырылады.

Сонда, Европаның «ставкасы»:
• Ресей қаржылай және технологиялық қиындықтар кесірінен қару-жарақ шығару азайып, соғысу қиындай түседі;
• Ресейдегі әлеуметтік жағдай қиындап, халықтың наразылығы артады (но олар почему-то Путинге емес, Батыс елдеріне наразы болатын сияқты);
• Экономикалық кризис, соғыстағы жеңілістер, Путин айналасындағыларға салынған санкциялар арқасында Ресей басшылығында наразылық болып, Путинді соғысты тоқтатуға мәжбүрлейді или алып тастайды;
14 views16:03
Ашу / Түсініктеме