Get Mystery Box with random crypto!

Майн Кайф (де)

Telegram арнасының логотипі asylkhan_aab — Майн Кайф (де) М
Telegram арнасының логотипі asylkhan_aab — Майн Кайф (де)
Арна мекенжайы: @asylkhan_aab
Санаттар: Блогтар , Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 532
Арнадан сипаттама

Кері байланыс үшін:
t.me/asylkhankaz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-09-18 19:24:44
Осы күндері Әзірбайжан Арменияға шабуыл жасап жатқанда ол қақтығыс мәселесін БҰҰ-да көтеріп, дабыл қаққан ел Ресей емес, Франция болды.

Армения жерінен Әзірбайжан әскерлері шығуын талап еткен Ресей емес, АҚШ болды.

Армения мен Әзірбайжанды келіссөзге шақырып, кездесу ұйымдастырып жатқан тарап та Ресей емес, Европалық Одақ.

Ал олар неге Арменияға көмек көрсетіп жатыр? Өйткені Армения өз аймағындағы демократиялық режимді ұстанатын бірен-саран елдің бірі. Иран да, Түркия да, Әзірбайжан да, Ресей де, өзге сәл алыстау көршілері де диктатуралық елдер. Тек Грузия мен Арменияда демократия.
113 viewsedited  16:24
Ашу / Түсініктеме
2022-09-18 19:19:14
Неге онда Армения шығып кете салмайды ол ұйымнан?

Өйткені Арменияның жағдайы өте қиын.

2.9 млн адам тұратын кедей Армения шығысында мұнайға бай 10 млн-дық жауы Әзірбайжан, батысында орташа дамыған НАТО мүшесі, 80 млн-дық жауы Түркия, оңтүстігінде санкция астында қалған, көп ұлтты және тұрақсыз 75 млн-дық Иран, солтүстігінде ғана демократиялық, бірақ Ресеймен қарым-қатынасы үзілген, Абхазия мен Оңтүстік Осетиядан айырылып қалған (бірақ оны мойындамайтын, өзге әлем елдері мойындамағаны сияқты), 3.5 млн-дық Грузия бар.

Мұндай ситуацияда лучше Ресей сияқты лақтырып кете беретін досың болғаны жақсы сияқты, чем болмағанына қарағанда.

Сол себепті Армения ЕАЭС елдерімен ортақ шекарасы болмаса да ЕАЭС-ке мүше, ОДКБ елдерімен ортақ шекарасы болмаса да ОДКБ елдеріне мүше.

Сөзінде тұрмайтын, өзара соғыса беретін ОДКБ болмаса, 90 млн-дық жаумен қоршалған Армения жағдайы одан да қиын болатын еді.
110 viewsedited  16:19
Ашу / Түсініктеме
2022-09-18 19:11:39
ОДКБ – бір-бірін сыртқы жаудан, террористтерден қорғау керек ұйым. 2022 жылы Қазақстанды «20 мың террористтен» қорғағаны есімізде.

Ал қазір ОДКБ аянышты хәлде:
• Ресей әскерге адам таппай, түрмедегі адамдарды соғысқа аттандырып, Қырғызстан, Тәжікстан, Карабах пен Армениядағы әскерлерін алып кетіп, өзімен өзі жүр.
• ОДКБ мүшелері болып саналатын Тәжікстан мен Қырғызстан тәуелсіздік алғалы ең көп әскер жоғалтып жатыр осы күндері. Басты себебі – қырылуда өзара.
• ОДКБ мүшесі Арменияға Әзірбайжан шабуыл жасап, Армения да 70-тен астам әскері көз жұмды, келісім бойынша Арменияны қолдау керек ОДКБ тып-тыныш.

Қазақстанға да ұят сияқты по идее, негізі қорғауы керек Арменияны келісім бойынша, но ештеңе болмағандай түр жасап біз де жүрміз.

Ертең бізге нормальный басқа ел қауіп төндірсе ешқандай ОДКБ-дан көмек күтіп қажет емес. Сол қауіп төндіретін ел ОДКБ-ның өзге мүшесі болуы да әбден мүмкін (өз көршілеріне тыныштық бермейтін который).
103 views16:11
Ашу / Түсініктеме
2022-09-18 19:04:39 2021 жылдың сәуірінде ОДКБ жайлы жазған екенмін, сол жердегі жазу әлі де актуально.
99 views16:04
Ашу / Түсініктеме
2022-09-18 19:01:23
Дипломатиялық қарым-қатынасы өте төмен деңгейдегі елдер (почти үзілген):
• Ресей – Эстония
• Ресей – Латвия
• Ресей – Литва
• Ресей – Молдова
• Беларусь – Эстония
• Беларусь – Украина
• Беларусь – Литва
• Беларусь – Латвия
• Беларусь – Молдова

Территориялық келіспеушіліктер бар елдер:
• Украина – Ресей
• Молдова – Ресей
• Грузия – Ресей
• Әзірбайжан – Армения
• Өзбекстан – Қырғызстан
• Өзбекстан – Тәжікстан
• Тәжікстан – Қырғызстан

Дипломатиялық қарым-қатынас мүлдем жоқ:
• Украина – Ресей
• Грузия – Ресей
• Әзірбайжан – Армения

Өзара соғыс немесе қақтығыстар болып жатқан елдер:
• Украина – Ресей
• Украина – Беларусь
• Әзірбайжан – Армения
• Тәжікстан – Қырғызстан

Ешқайсы өзге елдермен жақсы қарым-қатынаста емес ел:
• Түрікменстан

КСРО құрамындағы 15 республиканың 14 жоғарыда аталды. 15 елдің 14 өзара жерге, идеологияға келісе алмай, не қарым-қатынасын үзіп жатыр, не соғысып жүр. Ал суреттегі отқа оранған үйде отырған ит – жоғарыда аталмаған Қазақстан. Біз ғана барлығымен более-менее жағдайдамыз.
100 views16:01
Ашу / Түсініктеме
2022-09-18 18:50:58
31 жыл бұрын КСРО құрамында болған 15 республика қазір өзара қарым-қатынастары өте нашар. КСРО «империясынан» шыққан елдер ғана бір-бірімен осыншалықты нашар қарым-қатынаста, өзге империялар таралғанда пайда болған елдер ондай емес:
• Португалия Империясы құрамындағы елдер Лузофония ұйымына мүше и өзара көмек көрсетіп тұрады;
• Франция Империясы құрамынан шыққан африкалық елдерде ортақ валюта, ашық шекара и т.б. келісімдер бар;
• Британ Империясы құрамынан шыққан толпа елде әлі де Британия басшысы король/королева;
• Испания Империясынан шыққан елдерде ортақ тіл академиясы бар және Иберо-Американдық форматта эконоиикалық кездесулер болып отырады;

Жоғарыдағы империялар да адам қырып, соғысып, өзге халықтарды қанаған елдер. Бірақ, басты айырмашылығы – өз қатесін мойындап, кешірім сұрап, Ұлы және аянышты өткеніне емес, жарқын және тыныш болашағына қарап өмір сүруде.

Тек Ресей мен КСРО құрамынан шыққандар бір-бірімен өте нашар. Ресей (Путин) өзгелердің көзжасына толы Ұлылықты дамыған болашағынан артық көруде.
110 views15:50
Ашу / Түсініктеме
2022-09-08 23:54:28
Принц Филипп екеуі 1947 жылы үйленіп, принц Филипп 2021 жылдың сәуірінде қайтыс болса, Елизавета 2022 жылдың қыркүйегінде о дүниеге аттанды. 74 жыл бірге и 1 жыл Филиппсіз.
97 views20:54
Ашу / Түсініктеме
2022-09-08 23:47:23
Елизавета ІІ британдықтар үшін жай мемлекет басшысы емес, ол мемлекеттің символы болды. Ұлыбритания үкіметі «Ұлы мәртебелінің үкіметі» деп аталса, премьер-министр «Ұлы мәртебелі үкіметінің басшысы», Парламенттегі оппозиция «Ұлы мәртебелінің оппозициясы» деп аталатын. Сонда елде үкімет Ұлыбритания үкіметі емес, Ұлы мәртебелі королева/корольдің үкіметі, премьер-министр де елдің емес, ресми түрде королева/корольдің премьер-министрі болып саналатын.

Ұлыбританияда соңғы екі күнде мемлекет басшысы да, үкімет басшысы да Елизабет болып еді еще.

Королева/Король и есть Великобритания.
96 viewsedited  20:47
Ашу / Түсініктеме
2022-09-08 23:40:09 Еще 500 мыңдай адам бір уақытта Ұлыбритания гимнін айтқаны прям эффектно көрінді. По идее Ұлыбританияда ресми түрде бекітілген гимн жоқ. Но 1745 жылдан бері гимн сияқты айтып келе жатқан, дәстүрге айналған «God Save the Queen/King» әнұран болып кеткен. Иә…
84 views20:40
Ашу / Түсініктеме
2022-09-08 23:38:44
АҚШ Конгрессі үстіндегі жалау жартылай түсірілген хәлде тұр. Бұл арқылы АҚШ Ұлыбритания мен өзге 15 елдің басшысы Елизавета қайтыс болғанына қайғыратынын білдіруде. АҚШ астанасы Вашингтон қаласын тарихта тек Ұлыбритания ғана басып алып, Ақ Үйді өртеп кеткен болатын.

Ал қазір сол өртенген Ақ Үй мен Капитолий үстіндегі жалау Ұлыбритания басшысы қайтыс болғаны үшін түсірілгені – Әлемдегі соғыстар, халықтар арасындағы реніштің уақытша нәрсе екендігін білдіреді. Уақыт өтіп, ертең Ресейде болған трагедияға Украина осылай аянышпен қарайтын кез де келетін шығар.
83 views20:38
Ашу / Түсініктеме