Get Mystery Box with random crypto!

Майн Кайф (де)

Telegram арнасының логотипі asylkhan_aab — Майн Кайф (де) М
Telegram арнасының логотипі asylkhan_aab — Майн Кайф (де)
Арна мекенжайы: @asylkhan_aab
Санаттар: Блогтар , Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 532
Арнадан сипаттама

Кері байланыс үшін:
t.me/asylkhankaz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-10-28 22:37:50
Табиғатқа зияны жоқ сутекті энергия көзі ретінде қолдануды Қытай мен Евросоюз алдыңғы орынға қойып отыр. Бірақ, табиғатқа именно сутекті қолданғанда зияны тимейді, бірақ сутекті алу кезінде зияны болуы мүмкін, сутекті қай көзден алғанға байланысты. Сутекті әртүрлі нәрседен алуға болады:
• Көмірден – арзан, алайда атмосфераға қатты зиян;
• Газ/мұнай – орташадан арзан, табиғатқа зиян;
• судан – қымбат және табиғатқа зиян емес.

Қытай қазіргі таңда сутекті көмірден өндіреді. Болашақта «жасыл сутек» өндіруді көздеп жатыр.

Ал Евросоюз қазірдің өзінде әлемдегі «жасыл сутек» өндіруден көшбасшы (2.7 ГВт жасыл сутек өндіреді). 2030 жылға қарай Евросоюз 40 ГВт «жасыл сутек» алуды жоспарлауда.

Ал Қазақстандағы салынғалы жатқан зауыт жылына 2 млн тоннаға тең 20 ГВт-тық «жасыл сутек» өндіретін болады. Ол сутекті ең таза жолмен – суды электролиздеу арқылы алмақшы. Суды электролиздеуге қажетті электроэнергияны жел және күн электростанцияларын салып, солардан алмақшы.
78 viewsedited  19:37
Ашу / Түсініктеме
2022-10-28 22:23:09 Жыл басында адамзат жасаған объектілер арасындағы ең қымбат объектілердің 2-шісі Қазақстанда орналасқандығын айтып едім.

Кешегі Евросоюз басшысы келген соң ең қымбат объектілердің арасындағы 3-5 орынға жайғасатын объект тоже Қазақстанда болайын деп тұр.

Шарль Мишель визиті кезінде Германия жобасы, немістің Svevind Energy Group салғалы жатқан әлемдегі ең ірі «жасыл сутек» өндіретін зауыт құрылысы жайлы келісімге қол қойылды. Зауыт аясындағы жалпы инвестиция көлемі 50 млрд $ (17×Expo-2017 құнына тең!!!!!).
78 viewsedited  19:23
Ашу / Түсініктеме
2022-10-28 22:17:24
Ал Орталық Азия үшін экономикалық тұрғыда ең маңыздылары, әрине, Қытай, Ресей мен Евросоюзбен өтетін саммиттер. Өйткені Орталық Азияға келетін инвестициялар да, Орталық Азиядан шығатын товарлар да осы нарықтарға тәуелді.

2 апта бұрын Астанада «Ресей – Орталық Азия» саммиті өтсе, күні кеше «Европалық Одақ – Орталық Азия» саммиті болды. Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан үшін тем более, Европалық Одақтың маңыздылығы Ресейге қарағанда үлкен. Қазақстанның негізгі инвесторлары в основном Евросоюз елдері (Нидерланды, Германия, Франция, Италия), Қазақстан тауарларын сатып алушы негізгі елдер де Евросоюз мүшелері (Италия, Германия, Франция).

Бірақ, Евросоюз басшылығымен саммит өткенде Қазақстан бір шулап қалады. Өйткені Евросоюз басшылығы всегда кездесулерде адам құқықтары, сөз бостандығы, демократия жайлы сөз көп қозғайды. Бұл жолы да Шарль Мишельдің Астанаға келуін Қазақстандық саяси активисттер пайдаланып, билікке партия тіркеу, түрмедегі Мамайды босату және т.б. талаптарын айтып қалды.
79 views19:17
Ашу / Түсініктеме
2022-10-28 22:09:23
Жыл сайын Орталық Азия елдері мен өзге ірі ел арасындағы жиналыстар болып отырады. Тұрақты түрде өтетіндері:
• Япония – Орталық Азия
• АҚШ – Орталық Азия
• Қытай – Орталық Азия
• Индия – Орталық Азия
• Ресей – Орталық Азия
• Евросоюз – Орталық Азия

Бұралдың арасындағы Япония, АҚШ пен Қытай елдері мен Орталық Азия елдері саммиті Сыртқы істер министрлері арасында өткізілсе, Ресей, Индия, Евросоюз бен Орталық Азия елдері арасындағы саммит мемлекет басшылары арасында өткізіледі. Ол деген сөз – Ресей, Индия мен Евросоюз Орталық Азияға ерекше назар аударатындығын көрсетеді. Негізі Қытай да ерекше назар аударады, но Си Цзиньпин коронавирус басталғалы шет елге шығуын азайтқандықтан соңғы саммиттер тек министрлер деңгейінде өтіп жүр.
88 views19:09
Ашу / Түсініктеме
2022-10-25 16:45:11 Президентіміз айтып жатқан реформалар, демократизация процессін мына жаңалықтан-ақ көруге болады. 2019 жылы Елбасы кеткенге дейінгі митингтерден қазіргі митингтердің қандай айырмашылығы бары түсініксіз. Екеуі де заңсыз, екеуінде де халықты автозакқа отырғызып, РУВД-ға алып кетеді.

Хотя Тоқаевтың сөзінше халық жай ғана ескертіп, рұқсат алмай-ақ митинг өткізуге құқылы (Тоқаев қол қойған заң да солай дейді).
155 viewsedited  13:45
Ашу / Түсініктеме
2022-10-25 16:42:26 Бүгінге соңғы рейтинг – Бұқаралық ақпарат еркіндігі (сөз еркіндігі). Бұл жерде:
• 0-30 – өте үлкен проблемалар бар ел;
• 30-50 – үлкен проблемалар бар ел;
• 50-65 – проблемный ел;
• 65-75 – орташа деңгей;
• 75-85 – жақсы деңгей;
• 85-100 – өте жақсы деңгей;

Қазақстан соңғы 5 жылда ешқандай өзгеріс болмаған (157-156 орындар арасында жүрміз). Хотя осы аралықта Судан 175 орыннан 159 орынға, Өзбекстан 169 орыннан 156 орынға көтерілген. Так что, өкінішке орай, сөз еркіндігі бойынша да Қазақстан жағдайы жақсарып келе жатыр деу қиын.


https://en.wikipedia.org/wiki/Press_Freedom_Index
122 views13:42
Ашу / Түсініктеме
2022-10-25 16:30:42 Келесі көрсеткіш – Демократия индексі. Бұл рейтингте:
• 0-4 балл – авторитарлық режим/диктатура
• 4-6 балл – аралас режим
• 6-8 балл – несовершенная демократия
• 8-10 балл – совершенная демократия

Біздің көзімізге демократиялық болып көрінетін Украина, Армения, Грузия сияқты ашық түрде сайлау өтетін, президент пен Парламент депутаттары ауысып отыратын елдердің өзінде 5.12-5.57 балл и аралас режимге жатады. Өйткені ол елдерде де билік авторитарлық/диктатуралық болып кету қаупі жоғары.

Ал Қазақстан ол рейтингте 128 орында және 3.08 балл жинаған. Елбасы басқарған 2018 жылы көрсеткішіміз 3.05 балл болды. Хотя 2014 жылы демократия көрсеткішіміз 3.14 болған. Получается, соңғы 8 жылда -0.06 баллға нашарласа, соңғы 3 жылда +0.03 баллға жақсарған. Осылайша Тоқаев билікте қала беріп, 3 жыл сайын +0.03 баллға жақсара берсек 92 жылда диктатуралық режим статусынан шығамыз, 104 жылдан соң Грузия деңгейіне, 430 жылдан соң
Черногория, Македония мен Молдова деңгейіне жетеміз. Франция, Германия, Швеция деңгейіне ғасырлар қажет.

3 жылда +0.03 балл деген сөз өзгеріс емес.

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D0%BA%D1%81_%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%BE%D0%BA%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%B8
112 viewsedited  13:30
Ашу / Түсініктеме
2022-10-25 16:17:20 Келесі көрсеткіш – елдегі коррупция деңгейі. Соңғы 3 жылда жемқорлық деңгейі 4 баллға жақсарған. 100 баллдық шкаламен санағанда 4 балл мақтайтындай нәрсе емес. Өйткені соңғы 3 жылда Арменияда жемқорлық деңгейі 14 баллға, Мальдивыда 11 баллға жақсарған. Так что Тоқаев қатты қаласа, одан да жақсы етуіне болатын еді.

Жалпы рейтингте Қазақстан әлі де «жемқорлық деңгейі жоғары елдер» қатарына кіреді.


https://en.wikipedia.org/wiki/Corruption_Perceptions_Index
107 views13:17
Ашу / Түсініктеме
2022-10-25 16:12:22 Тоқаев билікке келгелі 3.5 жыл болды. Бұл уақытта Сан-Маринода 7 президент, Швейцарияда 3 президент ауысып үлгерсе, Латвия, Аргентина, АҚШ сияқты елдерде президенттің алғашқы мерзімі аяқталып, «Президент алғашқы 4 жылында сөз берген нәрселерді жасай алды ма? Тағы да 4 жыл беруге стоит па?» - деген сұрақ туындап, сайлау өтіп жатқан болушы еді.

Тоқаев билікте болған 3.5 жылдағы басты жетістігі ретінде «Жаңа Қазақстан» құруды бастағаны, елдегі демократизация процессі – митингке еркін түрде мемлекеттен рұқсат алмай, ескертіп қойып-ақ шыға беру туралы заң, партия тіркеуді жеңілдету туралы заң жайлы айтады.

Значит елде саяси (партия тіркеу, саяси көзқарасын ашық білдіру, еркін және ашық сайлау) және азаматтық еркіндік (сөз еркіндігі, адам құқығы) жақсарды дегенді білдірсе керек. Халықаралық рейтингтерге көз жүгіртіп өтсек.

Алғашқысы – Freedom House жүргізетін рейтинг. Ол рейтингте елдегі саяси және азаматтық еркіндікке бөлек баға беріп (1 – өте еркін, 7 – еркіндік өте аз), екеуінің ортақ көрсеткішіне 0-100 дейінгі баға беріледі (0 – еркіндік жоқ, 100 – өте еркін).

Freedom House рейтингі бойынша Қазақстанда 2019 жылдан бері не саяси, не азаматтық еркіндік жақсармаған:
• Саяси еркіндік – 7 (минималды еркіндік)
• Азаматтық еркіндік – 5 (еркін емес деңгей)

0-100 балл аралығындағы жалпы еркіндік бойынша көрсеткішіміз – 24 балл и 158 орын. Бізге қарағанда Джибути, Пәкістан, Нигер сияқты елдер еркінірек. Более менее еркін елге айнау үшін жалпы көрсеткішіміз 24 емес, 50 баллдан жақсы болуы керек. Ал саяси және азаматтық еркіндік деңгейі жақсы елге айналу үшін 75 баллдан көп болуы тиіс. Ал бізге пока 24 балл ғана и ол соңғы 3 жылда өзгермеген.

https://en.wikipedia.org/wiki/Freedom_in_the_World
111 viewsedited  13:12
Ашу / Түсініктеме
2022-10-25 10:54:37 Фильмдерде допрос кезінде жақсы және жаман полицейский болады ғой, допроста отырған адамды ұрсып, қорқытып-үркіту, зорлықпен жауап алғысы келіп, одан кейін жақсы полиция келіп «лучше былай айта салсай, ешқандай ұрыс-керіссіз и сені жібереміз» дегендей добрый болады ғой? Хотя екеуі де заңсыз жолмен улика алумен айналысуда.

Так вот, Тоқаев жақсы полиция сияқты сол допростағы. Жаманы – Елбасы (қайталап айтамын, что екі полицейский де заңсыз жолмен улика алмақшы, и по сути, екеуі де жаман):
• Елбасы кезінде Республика күнін алып тастады, чтобы акцентті «Назарбаев Қазақстанға сыйлаған тәуелсіздік күніне» аудару үшін, ал Тоқаев Республика күнін қайта қалыпқа келтірді;
• Елбасы кезде (почти) Астана атауы Нұр-Сұлтан болды, Тоқаев билікті өз қолына толық алған соң қайтадан Астана етті;
• Елбасы кезінде «Елбасы» статусы енгізіліп, Тоқаев кезінде алып тасталды;


Кім жақсы? Тоқаев жақсы. Бірақ:
• 2009 Республика күнін алып тастағанда Тоқаев мерекені алып тастауды қолдап дауыс берген Сенат төрағасы болды;
• Астана атын ауыстырғанда инициатор да өзі болды;
• 2007 жылы Елбасы статусын бекітіп, Елбасыға шексіз билікті сыйлаған кезде де Тоқаев елдегі екінші адам болды.

Получается, барлық онша емес шешімдерге тікелей қатысы бар Тоқаев 15-20 жылдан соң өз шешімдерін алып тастау арқылы ғана жақсы көрінуде адамдарға.

Неге Ұлыбританияда онша емес шешім ҰСЫНҒАН (қабылдаған жоқ бірақ ол шешімді), кейін ол онша емес шешімнен бас тартқан премьер-министр Лиз Трасс сол онша емес шешім ұсынғаны үшін отставкаға кетсе, бізде кезінде онша емес шешім ҚАБЫЛДАП, кейіннен сол шешімнің күшін өзі жойса – молодец и тағы 7 жыл отыруы керек?

Жай ғана бізде 30 жыл бойы адамдардың саяси сауатты болуына жағдай жасалған жоқ. 30 жылда Польша, Эстония, Словения, Хорватия, Литва, Грузияда демократиялық қоғам, Украина, Қырғызстан, Арменияда более менее демократиялық қоғам құрылса, бізде саяси сауатты емес, Ақ Орда атынан жіберілген смс-ке алданып қалатын қоғам ғана құрылды. Бұл қоғамның пайда болуында Тоқаевтың да рөлі өте зор екенін ұмытпау керек.
118 viewsedited  07:54
Ашу / Түсініктеме