Get Mystery Box with random crypto!

Татарлар бостандық сұрап, референдумға петиция жасап жатыр! f | ArshatGo

Татарлар бостандық сұрап, референдумға петиция жасап жатыр!

freetatarstan.com деген сайтта толығырақ жазылған бәрі.

Сеніп қалдыңыз ба? Иә, басында мен де сеніп қалғам. Бірақ петицияның арнайы сілтеме емес, pdf файл екеніне біртүрлі болып қалғам. Кейін доменді тексерсем, Украинада тіркелгені анық жазылып тұр.

Сонда қалай болғаны? Бұны украиндер өздері істеп, өздері таратып отыр. Бұл да ақпараттық соғыс. Татарлар және басқа халықтар оянсын дейді. Ақпараттық бомбаның бір түрі.

Меніңше татарлар еркіндік алуға асыға қоймайтын сияқты. Ресейде 5 ұлттың біріккен Еділ-Орал деген қозғалысы бар. Бұл ұйымға Татарстан кірмейді. Еділ-Орал әзірше ақпараттық ортада ғана белсенді. Сайттары бірнеше тілде. Қазақша бөлімінде бірақ тек 2 жаңалық бар. https://idel-ural.org/

Алдағы жылдары Ресей ыдырайтын болса, алғаш болып осылар бастауы мүмкін. Бейбіт жолмен деп ойлаймын. Ал Кавказда қайтадан соғыс басталуы мүмкін. Ичкерия жігіттері Қадыровқа қарсы әрекет бастап жатыр. Сол жақ бірінші болып көтерілуі әбден ықтимал.