Get Mystery Box with random crypto!

Aqorda 🇰🇿

Арна мекенжайы: @aqorda_resmi
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 51.92K
Арнадан сипаттама

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2024-03-05 10:30:20 Мемлекет басшысы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мәулен Әшімбаев:

Парламент Сенатының реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының өткен айлардағы қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берді;
Президенттің елімізді және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларының жүзеге асырылуы Сенат үшін негізгі басымдық саналатынын айтты;
қазіргі уақытта әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қоны, байланыс және цифрландыру, ғылым және білім мәселелеріне қатысты заңдар сенаторлардың қарауында жатқанын жеткізді. Сенаторлар ғылым, сот жүйесін реформалау, органикалық өнімдердің айналымы, қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі 10 заң жобасын Мәжілістің қарауына ұсынған;
биыл Бюджет, Құрылыс, Су, Салық және Цифрлық кодекстерін, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Масс-медиа туралы» және «Жылу энергетикасы» туралы заң жобаларын қарау жоспарланып отырғанын мәлімдеді;
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Қазақстанның Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның жұмысы туралы баяндады;
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының қызметін таныстырды. Қазіргі кезде Съезді дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр;
Сенаттың мәслихат депутаттарымен арадағы жұмысы жандана түскенін айтты. Бұл іске «Өңір» депутаттық тобы мен Сенат жанындағы жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес белсенді атсалысуда;
биыл еліміздегі мәслихат институтының құрылғанына 30 жыл толады. Осыған орай сәуір айында халықаралық конференция өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Президент елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қолдаудың рөлі зор екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтардың дамуына барынша көмек көрсету мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты деп санайды. Оның пікірінше, бұл іске жергілікті өкілді органдардың депутаттарын кеңінен тарту қажет.

t.me/aqorda_resmi
13.5K views07:30
Ашу / Түсініктеме
2024-03-04 14:00:07
Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған.

Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
13.0K views11:00
Ашу / Түсініктеме
2024-03-02 12:45:39 Состоялся телефонный разговор Касым-Жомарта Токаева с Президентом России Владимиром Путиным

В ходе телефонного разговора главы государств отметили динамичное развитие двустороннего многопланового сотрудничества в духе стратегического партнерства и союзничества.

Собеседники обсудили ход реализации договоренностей, достигнутых в рамках официального визита Президента России в Астану в ноябре прошлого года и недавнего рабочего визита лидера Казахстана в Казань. Отмечена важность эффективного продвижения совместных проектов в сферах энергетики, транзита и логистики.

Лидеры стран также обменялись мнениями по актуальным вопросам международной повестки дня.

t.me/aqorda_resmi
13.8K views09:45
Ашу / Түсініктеме
2024-03-01 06:00:25 Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем благодарности

Дорогие соотечественники!

Поздравляю вас с Днем благодарности!

Это важный праздник, который содействует укреплению сплоченности нашего народа. Выражая друг другу признательность и почтение, мы продвигаем такие основополагающие ценности, как дружба, согласие и солидарность. Все это способствует консолидации нашей нации.

Милосердие, сострадание, готовность прийти на помощь – эти качества, испокон веков присущие нашему народу, особенно ярко проявляются во времена испытаний.
Сегодня мы твердо следуем по пути построения Справедливого Казахстана, шаг за шагом реализуя масштабные преобразования. В этот судьбоносный период нам крайне важно беречь общенациональное единство, ставя интересы страны превыше всего.

Убежден, что мы как прогрессивная нация достигнем всех намеченных нами высоких целей. Выражаю искреннюю благодарность всем гражданам, которые своим неустанным трудом вносят вклад в поступательное развитие Казахстана.

Желаю вам счастья и благополучия!

t.me/aqorda_resmi
12.6K views03:00
Ашу / Түсініктеме
2024-02-27 16:01:30 Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам использования пастбищ».

Документ направлен на совершенствование законодательства в области управления и использования пастбищ. Поправки вносятся в 5 законодательных актов, в том числе Земельный, Лесной кодексы.

Первый блок поправок направлен на устранение дефицита пастбищных угодий для выпаса сельхозживотных личного подворья.

В этих целях введен новый подвид пастбищ – «общественные пастбища», которые будут использоваться исключительно для выпаса местным населением сельхозживотных личного подворья. Они не будут передаваться в аренду.

Пастбища, не относящиеся к общественным пастбищам, могут: передаваться в аренду, использоваться для сенокошения.

Введен запрет на перевод общественных пастбищ, как и пастбищ, в другие виды сельхозугодий. Исключена возможность получения без конкурса земель на праве временного безвозмездного землепользования (на 5 лет) для отгонного животноводства, выпаса скота. Земли для этих целей будут предоставляться исключительно в конкурсном порядке.

Для рационального использования ресурсного потенциала лесов лесные/природоохранные учреждения ежегодно будут информировать акиматы об участках лесного фонда, на которых возможны сенокошение и пастьба скота, с указанием занятых и свободных площадей, места их расположения.

Вторым блоком поправок обновлены требования по составлению и утверждению планов по управлению пастбищами и их использованию.

Третьим блоком поправок усилены механизмы по борьбе с деградацией и опустыниванием пастбищ, а также по их обводнению.

В частности, для восстановления и улучшения состояния пастбищ предусмотрено проведение геоботанического обследования, мониторинга и инвентаризации пастбищ, а также другие меры.

Введена обязанность землепользователей и собственников не допускать уничтожение плодородия почв, использовать сельхозземли в соответствии с видом угодий.

t.me/aqorda_resmi
12.8K views13:01
Ашу / Түсініктеме
2024-02-27 13:00:50
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті.

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.

Президент азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі Үкімет пен барлық ведомство қызметінің басым бағыты ретінде әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін атап өтті.

Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.

t.me/aqorda_resmi
14.5K views10:00
Ашу / Түсініктеме
2024-02-12 14:30:22
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады

Асайын Байханов облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді:

облыс экономикасына 965 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп;
жолаушылар тасымалы секторында 31 пайыз, машина жасау ісінде 13 пайыз, құрылыс саласында 8 пайыз өсім байқалады;
73 шақырымнан астам жылумен қамту желісіне реконструкциялау жұмыстары жүргізілген;
Екібастұз жылу электр орталығындағы барлық 10 қазандық агрегат жөнделген;
техникалық суға арналған 11 шақырым жаңа құбыр тартылып, 5,4 шақырым магистральды жылумен қамту желісіне реконструкция жасалған;
облыстағы ауылдарда үш заманауи мектептің салынуы апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселені шешуге мүмкіндік берген. Өңірде 54 білім беру ұйымы толықтай жаңғыртылған;
екі жыл ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 30 жаңа медициналық нысан салынады;
облыста қоғамдық көлік жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары басталған. Былтыр қалалық автобус паркі 130 жаңа автобуспен толықтырылған. Сондай-ақ 722 шақырым автожол жөнделген;
былтыр 37 мыңнан астам халқы бар 44 ауылға жаңа су құбыры тартылған. Осылайша, облыстағы ауыл тұрғындарының 98 пайызына таза ауызсу жеткізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне Ертіс өңірін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
16.0K views11:30
Ашу / Түсініктеме
2024-02-12 13:00:09
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады

Берік Әбдіғалиұлы облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді:

негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14 пайызға өсіп, 210,1 миллиард теңгеге жеткен. Осы ретте жеке инвестицияның үлесі 90 пайызды құраған;
өткен жылы өңірде жалпы сомасы 10 миллиард теңге болатын 3 ірі жоба іске асырылған;
биыл кем дегенде 16 жобаны, оның ішінде өнеркәсіп және геология бағыттары бойынша 8, туризм және сауда салаларында 3, агроөнеркәсіп кешенінде 5 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде өңірде 700 жаңа жұмыс орны ашылады;
биыл аграрлық салада құс фабрикасын, ет өңдеу кешенін салу, 3000 гектар аумақта картоп және көкөніс өсіретін фермерлік шаруашылықтарды іске қосу көзделіп отыр;
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 3600 орындық 6 мектеп салынады. Оның біреуі биыл Жезқазан қаласында пайдалануға берілмек.

Сонымен қатар:

биыл іске қосылатын 10 спорт нысаны жайында баяндады:
320 адамға арналған бассейні бар көпфункционалды спорт кешені, Жезқазған қаласында «Қазақмыс» корпорациясы «Намыс» СК балалар мен жасөспірімдер спорт академиясы, Жезді және Жаңаарқа кенттерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Қаражалда жабық бассейн, сондай-ақ ангар типті 5 ойын кешені салынады.
облыстағы жылыту маусымының және жылумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы айтты:
инфрақұрылымды одан әрі дамытуға байланысты 2029 жылы Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында екінші жылу электр орталықтарының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл орталықтар жылу тапшылығы мәселесін шешуге тиіс.
Жезқазған – Қызылорда және Жезқазған – Арқалық жолдарының құрылыс-монтаждау, сондай-ақ Үйтас-Айдос су құбырын реконструкциялау жұмыстары басталғаны жайында баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
16.8K views10:00
Ашу / Түсініктеме
2024-02-12 09:30:03
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады

Николай Подгузов банк жұмысының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берді:

Еуразиялық даму банкінің Қазақстан экономикасына салатын жыл сайынғы инвестициясы екі жыл қатарынан 1 миллиард доллардан асқанын айтты;
банктің 2022-2023 жылдардағы инвестициясының жылдық көлемінің жалпы сомасы 4,2 миллиард долларды құрағаны туралы баяндады. Бұл Стратегияда бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жоспардан шамамен 1,5 есе көп;
Қазақстандағы әлеуетті жобаларға бөлу үшін банктің 2024 жылға қарастырып отырған қаржы көлемі 3,5 миллиард доллардан асқан:
➤ инвестицияны, ең алдымен, көлік инфрақұрылымы, жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп және су ресурстары сияқты стратегиялық маңызды салаларға салу жоспарланып отыр.
биыл банк Қазақстанның қаржы нарығын дамыту және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың жаңа құралдарын енгізу ісіне атсалысуға ниетті екенін жеткізді;
Орталық Азияның су-энергетика саласына жасалған зерттеу нәтижелерін таныстырды:
➤ банк суды үнемдейтін және энергетикалық тұрғыдан тиімді технологиялар бойынша аймақтық сараптама орталықтарын дамыту үшін 10 миллион долларға дейін гранттық қаржы бөлуге дайын. Бұған қоса, суды есепке алудың цифрлық технологияларын, суармалы жерлерге толықтай лазерлік жоспарлау тәсілін енгізуге және заманауи ирригациялық құрал-жабдықтар өндіретін өңірлік өндірістік-сервистік кластер құруға бағытталған жобаларға 400 миллион долларға дейін қаржы бөлмек.

Мемлекет басшысы биыл жазда Алматы қаласында Еуразиялық даму банкінің жылдық қорытынды жиналысын және іскерлік форумын ұйымдастыру мәселесін құптайтынын жеткізді. Аталған форумның күн тәртібінде Орталық Азияның су-энергетика кешеніне, көлік жүйесі құрылымы мен қаржы құралдарын дамытуға қатысты мәселелер қамтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде банк қолдау білдірген инфрақұрылымдық жобалардың маңызды екенін айтты.


t.me/aqorda_resmi
13.4K views06:30
Ашу / Түсініктеме
2024-02-12 09:00:11 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпан күндері Қатарға мемлекеттік сапармен барады

Сапар барысында Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

t.me/aqorda_resmi
15.7K views06:00
Ашу / Түсініктеме