Get Mystery Box with random crypto!

Aqorda 🇰🇿

Арна мекенжайы: @aqorda_resmi
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 51.92K
Арнадан сипаттама

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2024-03-23 15:45:05
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
 
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты.

Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын, терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады.

Өз кезегінде Владимир Путин қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

t.me/aqorda_resmi
14.5K views12:45
Ашу / Түсініктеме
2024-03-23 10:00:19 Сегодня Глава государства Касым-Жомарт Токаев проведет совещание с членами Совета Безопасности по мерам в связи с терактом в Российской Федерации.

t.me/aqorda_resmi
13.7K views07:00
Ашу / Түсініктеме
2024-03-23 10:00:03 Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді.

t.me/aqorda_resmi
15.3K views07:00
Ашу / Түсініктеме
2024-03-22 22:23:24 «Казахстан решительно осуждает террористический акт против мирных граждан в Москве», – заявил Президент Касым-Жомарт Токаев

Он считает, что терроризму не может быть никакого оправдания, и призывает государства - члены ООН заявить о своем единодушном неприятии подобного рода насилия в отношении невинных граждан.

По поручению Главы государства правоохранительные органы Казахстана при необходимости окажут помощь российским органам правопорядка.

Президент Казахстана также выразил соболезнования Президенту Владимиру Путину в связи с многочисленными жертвами в ходе теракта.

t.me/aqorda_resmi
13.6K viewsedited  19:23
Ашу / Түсініктеме
2024-03-22 22:17:26 «Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды», – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.

Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

t.me/aqorda_resmi
15.5K viewsedited  19:17
Ашу / Түсініктеме
2024-03-21 13:30:46
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Ерболат Досаев Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады:

➤ биылғы екі айдың қорытындысы бойынша қала экономикасының қарқынды өскені, Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсімі 1,7 пайызға жеткен;
➤ жергілікті бюджетке түскен қаржы 55 пайызға, яғни 287,5 миллиард теңгеге дейін көбейген;
➤ негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып келеді. 190 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім көрсеткіші 24,5 пайызды құраған;
➤ былтыр тамыз айында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау аясында мегаполисті полиорталық ретінде дамыту, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту, құрылыстардың тығыз салынуын болдырмау және басқа да мәселелер бойынша жаңа талаптарды енгізу жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр;
➤ қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалуы жайында мәлімет берді:
– тұрғындар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша биыл 23 қаңтардағы жер сілкінісінен кейін тексерілген 183 нысанға айтарлықтай зақым келмеген;
– 4 наурыздағы жер сілкінісінен кейін түскен өтініштер бойынша 363 нысанға кешенді тексеру жұмыстары басталған;
– 2024 жылы 13,2 мың нысанға сейсмоаудит жүргізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдай кезінде азаматтарды уақытылы құлақтандыру мақсатында биыл 1 маусымға дейін пилоттық режимде «Mass Alert» жүйесі енгізіледі;
➤ қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту, аулалардың аумақтары мен жасыл желектерді күтіп ұстаудың жаңа әрі кешенді тәсілі туралы айтты. Осы ретте қызмет көрсететін ұйымдармен 3 жылға сервистік келісім-шартқа қол қойылған. Бұл шаралар олардың қаржылық орнықтылығын және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы одан әрі әртараптандыру, Алматының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сумен қамту және су тарту жүйесін жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
13.1K views10:30
Ашу / Түсініктеме
2024-03-21 13:00:04
Мемлекет басшысы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевты қабылдады

Дәулет Сәрсенбаев ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады:

былтыр қала аумағында орналасқан 16 сейсмикалық станцияның 11-не 527 миллион теңгеге құрал-жабдық сатып алынғаны туралы мәлімет берді;
2021-2023 жылдарға арналған мақсатты қаржыландыру бағдарламасының нәтижесінде 25 бақылау пункті ашылған;
халықаралық ынтымақтастық аясында 10 жаңа станция ішінара жаңғыртылып, 6 жаңа станция пайдалануға берілген.

Мемлекет басшысы сейсмикалық қауіпсіздік халықты қорғау деңгейіне, экономикалық нысандар мен қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін ұлттық қауіпсіздіктің негізгі факторы саналатынын айтты. Президент ерте құлақтандыратын озық жүйе енгізуге және сейсмологтардың біліктілігін арттыруға қатысты бірнеше мәселеге назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми орталыққа жер сілкіністерін болжаудың ғылыми әдістерін қолдану және енгізу жөнінде маңызды міндет жүктелетінін айтты.

Мемлекет басшысы орталықтың жұмысында ғылыми зерттеулерді дамыту және инновациялық технологияларды енгізу қажет екенін атап өтті.


t.me/aqorda_resmi
14.0K views10:00
Ашу / Түсініктеме
2024-03-20 15:15:57
Глава государства Касым-Жомарт Токаев прибыл с рабочей поездкой в Алматы

Завтра Президент примет участие в праздничных мероприятиях по случаю Наурыза.

t.me/aqorda_resmi
13.1K views12:15
Ашу / Түсініктеме
2024-03-20 07:00:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді.

t.me/aqorda_resmi
14.9K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2024-03-18 12:00:11
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.

t.me/aqorda_resmi
14.6K views09:00
Ашу / Түсініктеме