Get Mystery Box with random crypto!

Aqorda 🇰🇿

Арна мекенжайы: @aqorda_resmi
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 51.92K
Арнадан сипаттама

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2024-04-06 13:39:51 Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ведения бизнеса»
 

Закон направлен на упорядочение форм госконтроля и надзора в отношении субъектов бизнеса, улучшение условий ведения бизнеса.

В частности, на уровне отраслевых законов определены механизмы применения мер оперативного реагирования, проведения расследований, порядок проведения профилактического контроля без посещения субъекта контроля.

Приняты поправки, улучшающие условия ведения бизнеса, в том числе в сферах:

рыбного хозяйства, предусматривающие возможность искусственного выращивания рыбы на перспективных земельных участках сельскохозяйственного назначения;
карантина растений, предусматривающие снижение административной нагрузки на перемещение подкарантинной продукции (отмена фитосанитарного сертификата);
промышленности, предусматривающие обеспечение отечественным сырьем казахстанских предприятий обрабатывающей промышленности;
нефтегазовой отрасли, предусматривающие конкретизацию перечня документов, подтверждающих происхождение продуктов переработки сырой нефти;
финансового рынка, предусматривающие упрощение процедур для бизнеса при взаимодействии с банками;
регистрации юридических лиц, предусматривающие перевод в электронный формат оказания государственных услуг по госрегистрации/перерегистрации юридических лиц и их филиалов и др.

Эти меры призваны улучшить условия ведения предпринимательской деятельности, обеспечить прозрачность проведения проверок, баланс интересов потребителей, субъектов предпринимательства и государства.

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
12.6K views10:39
Ашу / Түсініктеме
2024-04-06 13:39:00
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
 
Заң бизнес субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау формаларын ретке келтіруге, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған.
 
Нақтырақ айтқанда, салалық заңдар деңгейінде жедел ден қою шараларын қолдану, тергеу жүргізу тетіктері, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі айқындалды.
 
Бірнеше салада бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартатын өзгерістер мен  толықтырулар, соның ішінде
балық шаруашылығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы перспективалы жер учаскелерінде балықты жасанды жолмен өсіру мүмкіндігін қарастыратын;
өсімдіктер карантиніне байланысты карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыруға әкімшілік жүктемені азайтуды; (фитосанитариялық сертификаттың күшін жоюды);
өнеркәсіп саласында отандық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын өз елімізде шығатын шикізатпен қамтамасыз етуді:
мұнай-газ саласында шикі мұнайдан қайта өңделген өнімдердің шығу тегін растайтын құжаттар тізбесін нақтылауды;
қаржы нарығында банктермен өзара іс-қимыл жасау кезінде бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетуді;
заңды тұлғаларды тіркеу кезінде заңды тұлғалар мен олардың филиалдарын және т.б. мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық форматына ауыстыруды көздейтін бірқатар түзету енгізілді.
 
Аталған шаралар кәсіпкерлікпен айналысу үшін қолайлы жағдай туғызуға, жүргізілетін тексерулердің ашықтығын, сондай-ақ тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге арналған.
 
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi
13.8K views10:39
Ашу / Түсініктеме
2024-04-06 11:21:16
Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева в связи с тяжелой ситуацией из-за паводков

t.me/aqorda_resmi
13.7K views08:21
Ашу / Түсініктеме
2024-04-06 06:00:08 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті

Президент облыстағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отыр. Су басу қаупін сейілту үшін барлық шара қабылданып жатыр және бұл жұмыстар одан әрі күшейтіледі.

Үкімет қарғын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді, сондай-ақ материалдық шығындар өтеледі.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновпен  сөйлесу барысында Президент ешқандай отбасы, бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
15.7K views03:00
Ашу / Түсініктеме
2024-04-03 15:30:07
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтады.

Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басым бағыттары және оны одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ Қазақстан мен ЕЭК арасындағы өзара ықпалдастықтың жай-күйі туралы баяндалды.

Сонымен қатар кездесуде 2030 және 2045 жылдарға дейінгі «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ биыл мамыр айында Мәскеуде өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

t.me/aqorda_resmi
12.6K views12:30
Ашу / Түсініктеме
2024-04-02 10:00:12
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

Кездесу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.

Президент Жоғары аудиторлық палатаға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді және рационалды жұмсалуын республикалық, сондай-ақ жергілікті деңгейде қатаң бақылауды қамтамасыз ету міндеті жүктелетінін айтты.

Әлихан Смайылов мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі ой-пікірін жеткізді, сондай-ақ ведомствоның осы жылға арналған жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі жүктелген міндетті сапалы орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.

t.me/aqorda_resmi
16.3K views07:00
Ашу / Түсініктеме
2024-04-01 16:30:28
Мемлекет басшысы «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Протокола о внесении изменения в Договор между Республикой Казахстан и Литовской Республикой о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 9 августа 1994 года».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
12.8K views13:30
Ашу / Түсініктеме
2024-04-01 15:30:15 Глава государства принял министра обороны Руслана Жаксылыкова

Президент – Верховный главнокомандующий Вооруженными силами Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад руководителя оборонного ведомства о состоянии боевой готовности армии.

Руслан Жаксылыков:


доложил об оперативной и боевой подготовке армейских подразделений, основных усилиях, направленных на обучение органов управления и личного состава. Отмечена важность эффективного взаимодействия Вооруженных сил с центральными и местными органами власти в кризисных ситуациях, в том числе в текущий противопаводковый период;
проинформировал об оснащении Вооруженных сил современной техникой и вооружением, развитии войск территориальной обороны, совершенствовании военной инфраструктуры;
сообщил о запланированных на 2024 год мероприятиях в рамках председательства Казахстана в ШОС и ОДКБ, а также о проведении крупномасштабных учений, в том числе международного уровня;
доложил о работе ведомства по военно-патриотическому воспитанию, весеннему призыву на срочную воинскую службу, мерах по повышению социального статуса военнослужащих и престижа воинской службы.

Президент отметил важность деятельности казахстанского миротворческого контингента на Голанских высотах под эгидой ООН.

Глава государства поставил перед министром ряд задач, направленных на дальнейшее повышение боевого потенциала Вооруженных сил.

t.me/aqorda_resmi
13.0K views12:30
Ашу / Түсініктеме
2024-04-01 13:07:46
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Указом Главы государства Смаилов Алихан Асханович назначен Председателем Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
12.7K views10:07
Ашу / Түсініктеме
2024-03-31 07:16:35
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Указом Главы государства Бозумбаев Канат Алдабергенович назначен Заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан, он освобожден от ранее занимаемой должности.

t.me/aqorda_resmi
12.6K views04:16
Ашу / Түсініктеме