Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қа | Aqorda 🇰🇿

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады

Асайын Байханов облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді:

облыс экономикасына 965 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп;
жолаушылар тасымалы секторында 31 пайыз, машина жасау ісінде 13 пайыз, құрылыс саласында 8 пайыз өсім байқалады;
73 шақырымнан астам жылумен қамту желісіне реконструкциялау жұмыстары жүргізілген;
Екібастұз жылу электр орталығындағы барлық 10 қазандық агрегат жөнделген;
техникалық суға арналған 11 шақырым жаңа құбыр тартылып, 5,4 шақырым магистральды жылумен қамту желісіне реконструкция жасалған;
облыстағы ауылдарда үш заманауи мектептің салынуы апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселені шешуге мүмкіндік берген. Өңірде 54 білім беру ұйымы толықтай жаңғыртылған;
екі жыл ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 30 жаңа медициналық нысан салынады;
облыста қоғамдық көлік жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары басталған. Былтыр қалалық автобус паркі 130 жаңа автобуспен толықтырылған. Сондай-ақ 722 шақырым автожол жөнделген;
былтыр 37 мыңнан астам халқы бар 44 ауылға жаңа су құбыры тартылған. Осылайша, облыстағы ауыл тұрғындарының 98 пайызына таза ауызсу жеткізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне Ертіс өңірін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi