Get Mystery Box with random crypto!

Aqorda 🇰🇿

Арна мекенжайы: @aqorda_resmi
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 51.92K
Арнадан сипаттама

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2024-03-15 19:32:03
Ауызашарда Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Илья Жақанов, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының тең төрағасы Ахмет Мурадов, Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов сөз сөйледі.

* * *

На ауызашаре также выступили Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Илья Жаканов, сопредседатель Ассоциации чеченцев и ингушей Казахстана «Вайнах» Ахмет Мурадов, председатель Управляющего комитета Астанинского хаба государственной службы Алихан Байменов.

t.me/aqorda_resmi
12.6K views16:32
Ашу / Түсініктеме
2024-03-14 14:00:10
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Берік Асылов:

еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттарына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді;
құқықтық көмек көрсету және шетелде жасырынған қылмыскерлерді іздестіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелерін баяндады. Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, сот төрелігін жүзеге асыру үшін Қазақстанға қайтарылған;
активтерді қайтару мәселесі бойынша Еуропа Кеңесі, Интерпол, ЭЫДҰ және ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдармен өзара түсіністікке қол жеткізілгені жайында мәлімет берді;
ел экономикасына 2,7 триллион теңге салған 220 инвесторға құқықтық көмек көрсетілгенін айтты. Аталған жұмыстың нәтижесінде инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімі арта түскен;
еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқық саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде заңдылықты одан әрі нығайту және азаматтарды, соның ішінде кәсіпкерлерді қылмыстық элементтерден қорғау шараларын қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларға қатысты уәкілетті органдардың шешімдері бойынша «прокурорлық сүзгіні» тиімді пайдалану маңызды екенін айтты. Осы орайда Президент аталған органдардың тартылатын инвестиция туралы деректерінің дұрыстығына бақылауды және жауапкершілікті күшейту қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтаруға бағытталған заманауи технологияларды кеңінен қолдану керек екенін атап өтті.


t.me/aqorda_resmi
13.4K views11:00
Ашу / Түсініктеме
2024-03-14 10:45:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Нұрлан Жақыпов:

Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берді;

холдинг қызметінің басым бағыттары туралы баяндады:
➤ олардың қатарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жоғары технологиялық өнім шығару, шетелден тікелей инвестиция тарту, Қор компанияларының экономиканы кросс-субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тартуы және «Самұрық-Қазына» компанияларының IPO-ға шығуы мен SPO кіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.

t.me/aqorda_resmi
15.6K views07:45
Ашу / Түсініктеме
2024-03-13 14:30:14
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президентке сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, аналитикалық блок айтарлықтай күшейтіліп, Жоғарғы Соттың жалпы нормативтік қаулыларының үшінші бөлігіне түзетулер енгізілді. Бұдан бөлек, тергеу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейі жақсара түсті. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартатын жағдайлардың және алқабилердің қатысуымен сотта қаралатын істердің саны мен бітімгершілік келісіммен аяқталған азаматтық даулардың үлесі артты.

Мемлекет басшысына сот реформасының барысы туралы мәлімет берілді. Мысалы, депутаттық корпуспен бірлесе отырып, Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер жөнінде бастама көтерілді. Атап айтқанда, заңды өрескел бұзғаны үшін тәртіптік іс қозғау институтын қайта қарау, сот төрелігінің сапасын тексеретін комиссия жұмысын жетілдіру, дербес кассациялық саты құру ұсынылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау ісінде сот жүйесі ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі реформалау жұмыстарын жалғастыру маңызды деп санайды.


t.me/aqorda_resmi
13.9K views11:30
Ашу / Түсініктеме
2024-03-12 19:00:33
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары

Государственный визит Президента Касым-Жомарта Токаева в Азербайджанскую Республику


t.me/aqorda_resmi
12.6K views16:00
Ашу / Түсініктеме
2024-03-11 06:00:30 Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева по случаю начала месяца Рамазан
 
Дорогие соотечественники!
 
Сердечно поздравляю вас с началом месяца Рамазан, имеющим особое значение для нашего народа.
 
В дни священного поста Ораза в обществе на первый план выходят такие непреходящие ценности, как доброта и честность, милосердие и сострадание. Это время, когда ярко проявляются единство и солидарность мусульман.
 
Месяц Рамазан призывает к духовному очищению, помощи нуждающимся, благотворительности, способствуя тем самым продвижению общечеловеческих идеалов.
 
Страна, в которой чтут свои религиозные и культурные традиции, царят мир и согласие, преодолеет любые вызовы. Уверен, что, сохраняя гармонию и взаимопонимание, наш народ будет неуклонно следовать по пути прогресса.
 
Желаю всем крепкого здоровья, благополучия и успехов!
 
Ораза қабыл болсын!

t.me/aqorda_resmi
13.4K views03:00
Ашу / Түсініктеме
2024-03-08 06:01:51
t.me/aqorda_resmi
12.8K views03:01
Ашу / Түсініктеме
2024-03-08 06:00:20 Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Международным женским днем

Дорогие женщины!


От всей души поздравляю вас с Международным женским днем!

Этот светлый весенний праздник, олицетворяющий красоту и гармонию, дает возможность вновь выразить признательность и уважение прекрасной половине человечества.

Вы играете неоценимую роль в развитии страны, успешно трудясь в самых разных сферах. Ваша неиссякаемая энергия и ответственное отношение к делу неизменно приносят свои плоды на любом поприще.

Многие из вас беззаветно посвящают себя заботе о детях, воспитанию подрастающего поколения, многие превосходно совмещают эту благородную миссию с профессиональной карьерой и общественно полезной деятельностью.

Создание условий для полноценной самореализации, защита прав женщин, укрепление института семьи всегда будут ключевыми приоритетами государственной политики.

Уверен, созидательные усилия всех женщин нашей страны станут одним из важнейших факторов обновления системы ценностей нашего общества и построения Справедливого Казахстана.

Пусть этот праздничный день наполнит ваши сердца теплом и радостью!
Желаю вам счастья, добра и благополучия!

t.me/aqorda_resmi
14.2K views03:00
Ашу / Түсініктеме
2024-03-08 06:00:06
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Қымбатты ханымдар!


Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сұлулық пен үйлесімді айшықтайтын шуақты көктем мерекесінде біз барша асыл жандарға ерекше құрмет көрсетіп, ықылас-ілтипат білдіреміз.

Сіздер түрлі салада жемісті еңбек етіп, елімізді өркендетуге белсенді атсалысып келесіздер. Кез келген шаруаға жауапкершілікпен қарап, әрбір істің берекесін арттыруға ұйытқы болып жүрсіздер.

Ардақты аналар бүкіл саналы ғұмырын баласының болашағына арнап, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп отыр. Осы мәртебелі миссиясын кәсіби қызметімен және қоғамға пайдалы жұмыстармен бірге атқарып жүрген арулар да аз емес.

Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы.

Еліміздің қыз-келіншектері жасампаздық қасиетімен қоғамның құндылықтар жүйесін жаңартуға және Әділетті Қазақстанды құруға өлшеусіз үлес қоса береді деп сенемін.

Көктем мерекесі көңілдеріңізге шаттық сыйласын!
Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
13.7K views03:00
Ашу / Түсініктеме
2024-03-06 11:00:26
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Ержан Сәденов:

елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді;
ведомство өз қызметі барысында Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндады:
– соның нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген;
– ұрлық, тонау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және көшеде жасалған қылмыстар, кәмелетке толмаған және бұрын сотталған азаматтар істеген қылмыстар айтарлықтай азайған;
құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірыңғай заң әзірлеу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде арнайы бөлімше құру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді;
ұйымдасқан қылмысқа, есірткі қылмысына, экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстарының нәтижесін таныстырды. Киберқылмысқа қарсы күрес жүргізетін дербес қызмет құрылатынын жеткізді;
орта буынға жататын басшылық құрамды кезектен тыс аттестаттациядан өткізуге дайындық барысы жайында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
13.9K views08:00
Ашу / Түсініктеме