Get Mystery Box with random crypto!

«Өздерің қандай болсаңдар, басшың да сондай болады» деген тәмс | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

«Өздерің қандай болсаңдар, басшың да сондай болады» деген тәмсіл болушы еді ғой. Сол сөздің хақтығына тағы да куә болдым. Соңғы кезде гивөкшелер мен оңай олжаға құныққандар тым көбейіп кетіп еді. Апама жездем сай, демекші, билік міне, халықтың ашқарақ тұсын өз позициясына тиімді пайдалануда. Вакцина алғандар арасында миллиондап ақша ойнатып, пәтер тігіп жатқаны соның айғағы. Тек биліктің ұмытқаны, Тоқаев пен Цойдың парақшасына жазылып, вакцина алу сәтін сториске қоюы керек деген де бапще қатып кетер еді... Екі досыңды ертіп келсең 10 мың теңгелік бонус береміз десе, ертең-ақ, жақындарымызды сүйреп, пункт алдынан табылғалы жүрміз.

Менің қорқатыным, лотерея үшін денсаулығын сатқандар бір күні ақша мен жалған атақ үшін ары мен ұятын, Отанын сатуы мүмкін. Себебі, ең басты байлығы - денсаулығын ақшаға айырбастап жібергендер үшін бұл аса маңызды шешім болмақ емес.

Билік өздерінше сәтті науқан өткізіп жатырмыыз деп мастанып жүр. Бұл біздің болашақ буынға көрсетіп жатқан үлгіміз екенін, келер ұрпақтың алдында ұлт ретінде моральдық құндылығымыздың жоғалып бара жатқандығын қашан ұғынар екенбіз?!

Мәжбүрлі вакцинация жайлы. «Сократқа у ішкізген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.» - дейді Хәкім Абай. Билік әрі айтты, бері айтты. Ақша тікті, ұтыс ойнатты. Болмағасын «ебін тауып, жөнге салуға кірісті.»

Вакцинаның құндылығы ұжымдық иммунитетте. Ал ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін халықта медициналық сауаттылықтан бөлек елге деген уайым мен патриоттық сезім керек. Алайда, билікте жоқ бұл қасиеттерді бұқара өз бойынан көрудің еш мәні жоқтығын біледі. Сондықтан, ешкім тәуекелге барып, басын бәйгеге тіккісі келмейді. Бәлкім билікте шынымен ұлтжанды, елдің қамын ойлаған, әрдайым халықтың сөзін сөйлеуге даяр, елдің сенімен ие тұлғалар болғанда, халық еш қарсылықсыз вакцина алар еді. Өкінішке орай, халықтың дені жұмысынан айырылып қалмас үшін, бастығына жағынбақ хәлде егілініп жатыр. Оған жоғарыдағы лотореяны қосыңыз.

Айтпақшы, Шешенстанда вакцинасыз мешітке кіргізбейді.

Сарышұнақ болуға сәл-ақ қалдық-ау…