Get Mystery Box with random crypto!

AMANAT партиясы

Telegram арнасының логотипі amanatpartiyasy — AMANAT партиясы A
Telegram арнасының логотипі amanatpartiyasy — AMANAT партиясы
Арна мекенжайы: @amanatpartiyasy
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.19K
Арнадан сипаттама

🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-08-01 11:52:51 ​​ Партия «AMANAT» вернула в госсобственность 27 тысяч га земли в Костанайской области

Комиссия «Жер аманаты» при партии «AMANAT» посетила Костанайскую область. По итогам выездного совещания в регионе в госсобственность возвращено 27,9 тысяч га пастбищных земель.

В частности, в Федоровском районе возвращено 7,1 тысяч га, в Наурзумском районе20,8 тысяч га, а в Мендыкаринском районе заключен меморандум с одним из крупных крестьянских хозяйств о безвозмездной передаче 3,4 тысяч га для общественного пользования.

«Всего с начала текущего года в Костанайской области возвращено 60 тысяч га неиспользуемых земель. Дополнительно в судебном производстве находится вопрос о возврате 24 земучастков общей площадью 45,4 тысячи га. В целом, работа комиссии «Жер аманаты» посодействовала возвращению в госсобственность 267 тысяч га земли», – сказал Секретарь партии Даулет Карибек.

В ходе беседы с жителями Мендыкаринского района партийцы выступили с инициативой. В настоящее время, согласно действующего законодательства, допускается изъятие земель в радиусе от 5 до 20 км вокруг сельского населенного пункта для общественного пользования. Члены Комиссии предлагают оставлять подобные изъятые участки на балансе сельских округов, чтобы не допустить их передачи в частные руки.

С этим согласен предприниматель Еркин Буканов. Он также отметил, что государству следует больше внимание уделять агробизнесу.

«У нас сейчас так получается, что большие хозяйства, целые аграрные компании всегда получают землю, им стоит только попросить. Нужно, чтобы народ имел возможность участвовать в конкурсе на распределение земли, чтобы было по справедливости», – отметила жительница села Архиповка Мендыкаринского района Светлана Калиевская.

Член комиссии, общественный деятель Мурат Абенов обратил внимание, что определенные личности просто владеют землей, не занимаясь никакой деятельностью, что приносит вред экономике.

«Для чего идет возврат земли? Не для того, чтобы государство обратно под себя все взяло. В первую очередь это делается для того, чтобы передать землю тем, кто готов на ней работать. Вопрос я еще по-другому хочу поставить. Мы сужаем вопрос до уровня выпаса скота. На самом деле это вопрос справедливости», – сказал он.

«Очень многие латифундисты держали эти земли, не давали другим пользоваться, или раздавали в аренду. У нас были случаи, когда доходило до того, что в одних руках собиралось до 1 млн га в Карагандинской области, около 3 млн га в Мангистауской области», – подчеркнул член комиссии, блогер Галым Байтук.

Подробнее:
𝐀𝐦𝐚𝐧𝐚𝐭𝐩𝐚𝐫𝐭𝐢𝐚𝐬𝐲.𝐤𝐳
288 viewsedited  08:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 11:48:50 ​​ «AMANAT» партиясы Қостанай облысында 27,9 мың га жайылымды мемлекет меншігіне қайтарды

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы Қостанай облысында болды. Аймақтағы көшпелі кеңес қорытындысы бойынша мемлекет меншігіне 27,9 мың га жайылым жер қайтарылды.

Атап айтқанда, Федоров ауданында 7,1 мың га, Науырзым ауданында – 20,8 мың га қайтарылды, ал Меңдіқара ауданында ірі шаруа қожалықтарының бірімен 3,4 мың га жерді көпшіліктің қолданысы үшін өтеусіз беру туралы меморандум жасалды.

«Біздің комиссияның басты мақсаты – пайдаланылмай жатқан, оның ішінде заңсыз жеке меншікке өтіп кеткен жайылымдарды қайтару және оларды ауыл тұрғындары үшін қолжетімді ету. Жыл басынан бері Қостанай облысында 60 мың га пайдаланылмай жатқан жер қайтарылды. Сонымен қатар, жалпы ауданы 45,4 мың га болатын 24 жер учаскесін қайтару мәселесі бүгінде сот өндірісінде. Жалпы, «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы 267 мың га жерді мемлекет меншікке қайтаруға көмектесті»,- деді партия Хатшысы Дәулет Кәрібек.

Меңдіқара ауданының тұрғындарымен пікірлесу кезінде партия мүшелері өз бастамаларын алға тартты. Қазіргі уақытта, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елді мекен маңындағы 5-тен 20 шақырымға дейінгі радиустағы жерді көпшіліктің пайдалануы үшін тәркілеуге рұқсат етіледі. Комиссия мүшелері осындай қайтарылған учаскелерді жеке қолға беруге жол бермеу үшін ауылдық округтердің балансында қалдыруды ұсынады.

Бұл бастаманы кәсіпкер Еркін Бұқанов қолдап отыр. Ол сондай-ақ мемлекет агробизнеске көбірек көңіл бөлуі керек екенін атап өтті.

«Бізде қазір үлкен шаруашылықтарға, тұтас аграрлық компанияларға сұраса болды әрдайым жер беріледі. Әділ болуы үшін халықтың да жерді үлестіру конкурсына қатысуға мүмкіндігі болуы керек», - деп атап өтті Меңдіқара ауданы Архиповка ауылының тұрғыны Светлана Калиевская.

Комиссия мүшесі, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов белгілі бір адамдар жерді жай ғана иеленіп, оны игермей отырғанына, ал бұл әрекет экономикаға зиян келтіретініне назар аударды.

«Жер не үшін қайтарылып жатыр? Мемлекет бәрін өзіне қайтарып алу үшін емес, бұл қадам ең алдымен оны игеруге дайын адамдарға беру үшін жасалады. Сұрақты басқалай қойғым келеді. Мәселе мал жаюға ғана қатысты емес. Анығында, бұл жерде маңыздысы – әділдік орнату. Жер мәсеселін қала аумағында да, елді мекенде де қарастырып жатырмыз»,- деді ол.

Комиссияның тағы бір мүшесі, блогер Ғалым Байтоқ жерді жөн-жосықсыз иеленіп отырғандарға қарсы іс-қимыл мәселесіндегі елеулі жетістіктерді атап өтті.

«Латифундистердің басым көпшілігі жерді өзге адамдардың пайдалануына мүмкіндік бермеді немесе жалға беріп отырды. Тіпті, Қарағанды облысында 1 млн, Маңғыстау облысында 3 млн га жуық жер бір адамның қолында болған жағдайлар болды. Комиссияның алдағы міндеті – осы мәселенің барлығын бақылауда ұстау»,- деді ол.

Толығырақ: 𝐀𝐦𝐚𝐧𝐚𝐭𝐩𝐚𝐫𝐭𝐢𝐚𝐬𝐲.𝐤𝐳
319 viewsedited  08:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:59:54 При партии «AMANAT» создано 216 общественных групп для мониторинга цен на продукты и товары

Сегодня Исполнительный секретарь «AMANAT» Асхат Оралов в режиме видеоконференцсвязи провел совещание с региональными филиалами партии по вопросам высоких цен на продукты питания и товары народного потребления.

С этой недели во всех областях и районах страны приступили к работе 216 партийных групп мониторинга и надзора. Они инспектируют торговые объекты и мониторят цены на социально значимые продукты. Об этом заявил Исполнительный секретарь «AMANAT» Асхат Оралов.

В частности, он обратил внимание, что кроме внешних факторов, ускоренному росту инфляции в стране способствовало значительное увеличение посредников и спекулянтов в торговой системе.

«14 июля на расширенном заседании Правительства Глава государства Касым-Жомарт Токаев обозначил конкретные задачи по стабилизации цен на товары и росту доходов граждан. Тем не менее, принимаемые государственными органами действия не в полной мере способствуют сдерживанию роста цен. Недобросовестные продавцы узнают время обходов заранее, к тому же многих проверяющих от государственных органов знают в лицо», – сказал Исполнительный секретарь.

По данным Бюро национальной статистики, годовая инфляция в июне составила 14,5%. За год больше всего подорожали продовольственные товары – на 17,9%. Цены на непродовольственные товары выросли на 11,1%, платные услуги на 8,9%.

«Согласно исследованию Института общественной политики партии «AMANAT», более 80% казахстанцев отмечают удорожание цен. Это вдвойне актуально для социально уязвимых слоев населения. Мы наблюдаем эту ситуацию в растущем количестве обращений в общественные приемные партии во всех регионах. Так, с начала года доля обратившихся за социальным обеспечением выросла на 30%. В связи с этим, для выявления реальной картины на местах мы создали 216 специальных групп для мониторинга цен на продукты и товары. Уже можно сказать, что цены на полках магазинов значительно отличаются от тех, что в отчетах госорганов», – подчеркнул Асхат Оралов.

Исполнительный секретарь добавил, что в состав мониторинговых групп входят не только партийцы, но и сторонники – общественные активисты, представители неправительственных организаций, бизнесмены, журналисты и независимые эксперты. Результаты работы будут рассматриваться в Мажилисе Парламента и в Правительстве.

О текущей ситуации в регионах рассказали депутат Мажилиса, председатель Агропромышленного комитета при партии Кайнар Абасов и депутат Мажилиса, член Республиканского совета по вопросам экономики, предпринимательства и аграрного сектора при партии Галым Амреев.

О ситуации в Восточно-Казахстанской области проинформировала член мониторинговой группы, депутат Усть-Каменогорского городского маслихата Зоя Новолодская.

«Со вчерашнего дня в регионе мониторингом охвачено 84 торговых объекта. В результате проведенного анализа, выявлены факты завышения цен на привозные овощи на 19% (картофель, морковь, лук репчатый, капуста белокочанная). Предприниматели на момент мониторинга не имели возможность предоставить накладные документы, отражающие закупочные цены. Была проведена разъяснительная работа, и данные объекты взяты на партийный контроль», – сказала она.

В партии «AMANAT» отметили, что мониторинговые группы будут работать ежедневно. Информация об изменениях цен на социально значимые продукты в регионах будут рассматриваться на заседаниях Комиссии партийного контроля. В случаях выявления будут разработаны рекомендации по устранению проблем, устанавливаться конкретные сроки и ответственные лица.

Подробнее: Amanatpartiasy.kz
90 viewsedited  10:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:56:10
93 views10:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:55:23
96 views10:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:51:59 «AMANAT» партиясы жанынан азық-түлік пен тауар бағасына мониторинг жүргізетін 216 қоғамдық топ құрылды

«AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бейнеконференция байланысы арқылы партияның өңірлік филиалдарымен азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлар бағасының қымбаттау мәселесіне қатысты кеңес өткізді.

Осы аптадан бастап еліміздің барлық облыс және аудандарында 216 партиялық мониторинг және қадағалау тобы жұмысқа кірісті. Олар сауда нысандарын тексереді және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторинг жүргізеді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.

Атап айтқанда, ол елдегі инфляцияның жедел өсуіне сыртқы факторлардан басқа, сауда жүйесіндегі делдалдар мен алыпсатарлардың айтарлықтай көбеюі ықпал еткеніне назар аударды.

«14 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында тауарлар бағасын тұрақтандыру және азаматтардың табысын арттыру бойынша нақты міндеттерді белгіледі. Дегенмен, мемлекеттік органдар қабылдаған іс-шаралар бағаның өсуін тежеуге толық көлемде ықпал етпейді. Бағаны жөн-жосықсыз көтеретін сатушылар тексеру уақытын алдын ала біліп отырады және олар мемлекеттік органдар тексерушілерінің түрін таниды», деді Атқарушы хатшы.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, маусым айында жылдық инфляция 14,5%-ды құрады. Бір жыл ішінде ең көп қымбаттаған – азық-түлік тауарлары (17,9%). Азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,1%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 8,9%-ға өсті.

«Қоғамдық саясат институтының әлеуметтік зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтардың 80%-дан астамы бағаның өсуіне алаңдайды. Бұл мәселе әсіресе, әлеуметтік осал топтар үшін өте өзекті. Біз осы жағдайды партияның барлық өңірдегі қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен өтініштердің артуынан байқап отырмыз. Мәселен, жыл басынан бері әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен жүгінгендердің үлесі 30%-ға өсті. Осыған байланысты біз жергілікті жердегі нақты жағдайды анықтау үшін азық-түлік пен тауарлар бағасына мониторинг жүргізетін 216 арнайы топ құрдық. Қазірдің өзінде дүкен сөрелеріндегі бағалар мен мемлекеттік органдардың есептері бір-біріне сәйкес келмейді деуге болады», деп атап өтті Асхат Оралов.

Атқарушы хатшы мониторинг тобына тек партиялықтар ғана емес, сондай-ақ қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бизнесмендер, журналистер мен тәуелсіз сарапшылар да кіретінін айтты. Жұмыс нәтижелері Парламент Мәжілісінде және Үкіметте қаралады.

Аймақтардағы қазіргі жағдай туралы Мәжіліс депутаты, партия жанындағы Агроөнеркәсіптік комитет төрағасы Қайнар Абасов және Мәжіліс депутаты, партия жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі Ғалым Әміреев.

Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай туралы мониторинг тобының мүшесі, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Зоя Новолодская айтып берді.

«Кешеден бері өңірде 84 сауда нысанына мониторинг жүргізілді. Жүргізілген талдау нәтижесінде әкелінетін көкөністердің (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) бағасын 19%-ға көтеру фактісі анықталды. Мониторинг кезінде кәсіпкерлер сатып алу бағасын көрсететін құжаттарын ұсына алмады. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аталған нысандар партиялық бақылауға алынды», - деді ол.

«AMANAT» партиясында мониторинг жүргізетін топтар күн сайын жұмыс істейтіні айтылды. Аймақтардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өзгергеніне қатысты мәліметтің мән-жайы Партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралады. Өзгеріс анықталған жағдайда мәселені шешу үшін ұсынымдар әзірленіп, нақты мерзімі мен жауапты тұлғалар белгіленеді.

Толығырақ: Amanatpartiasy.kz
91 viewsedited  10:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 17:01:20 Итоги обучения сельских акимов подвели в Академии политменеджмента партии «AMANAT»

Свыше 2300 акимов сел, сельских округов и исполнительных секретарей территориальных филиалов партии завершили обучение по развитию компетенций в сфере повышения экономической активности населения. Специальные курсы были разработаны Академией политического менеджмента партии «AMANAT» в рамках проекта «Ауыл аманаты», реализуемого совместно с Правительством РК.

Итоги образовательной программы подвели сегодня на площадке партийного пресс-центра. Как отметила и.о. директора Академии Сауле Бактымбет, участники научились проводить маркетинговый анализ и определять перспективные направления для развития экономики села.

По словам организаторов, всего обучение прошли 2346 акимов сел, сельских округов и исполнительных секретарей территориальных филиалов партии, из которых 89% составляют мужчины и 8% женщин-акимов (192 чел.). Обучение было организовано в формате выездных 3-х дневных семинаров на тему «Повышение компетенций руководителя в сфере роста экономической активности населения с целью повышения доходов». В качестве спикеров были приглашены 30 сертифицированных тренеров, экспертов в области сельского хозяйства, промышленности и туризма, которые провели в общей сложности 80 семинаров.

В целом, вопрос повышения доходов населения – один из ключевых приоритетов для партии «AMANAT». Партийный проект «Ауыл аманаты» – это подпрограмма принятого 14 апреля текущего года комплексного плана «Программа повышения доходов населения до 2025 года». Основная цель – всесторонняя поддержка сельхозтоваропроизводителей, максимальное вовлечение сельчан в аграрный бизнес, решение вопросов, связанных с продовольственной безопасностью и улучшением качества жизни граждан. Для достижения поставленных задач при партии запущен специальный проектный офис.

Подробнее: Аmanatpartiasy.kz
301 viewsedited  14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 16:59:55
218 views13:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 16:59:14
220 views13:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 16:59:02 «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ауыл әкімдерінің оқуын қорытындылады 

2300-ден астам ауыл, ауылдық округ әкімдері және партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласындағы біліктілікті жетілдіру курстарын аяқтады. Арнайы курстарды «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ҚР Үкіметімен бірлесіп іске асырылып келе жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында әзірледі.

Бүгін партияның баспасөз орталығында білім беру бағдарламасының қорытындысы шығарылды. Академия директорының м.а. Сәуле Бақтымбет атап өткендей, арнайы курсқа қатысқан азаматтар маркетингтік талдау жүргізуді және ауыл экономикасын дамытатын болашағы бар бағыттарды анықтауды үйренді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлығы 2346 ауыл, ауылдық округ әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары оқытылды. Олардың 89%-ы ер адамдар болса, 8%-ы – әйел-әкімдер (192 адам). Оқыту «Табысты көбейту мақсатында халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласында басшының біліктілігін жетілдіру» тақырыбында көшпелі 3 күндік семинар форматында ұйымдастырылды. Спикер ретінде тиісті сертификаты бар 30 тренер, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм саласындағы сарапшылар шақырылды. Олар жалпы саны 80 семинар өткізді.

Тұрғындардың табысын арттыру мәселесі – «AMANAT» партиясы үшін негізгі басымдықтардың бірі. «Ауыл аманаты» партиялық жобасы – биыл 14 сәуірде қабылданған «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарының қосалқы бағдарламасы. Бұл жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін партия жанынан арнайы жобалық кеңсе іске қосылды.

Толығырақ: Аmanatpartiasy.kz
257 viewsedited  13:59
Ашу / Түсініктеме