Get Mystery Box with random crypto!

AMANAT партиясы

Telegram арнасының логотипі amanatpartiyasy — AMANAT партиясы A
Telegram арнасының логотипі amanatpartiyasy — AMANAT партиясы
Арна мекенжайы: @amanatpartiyasy
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.19K
Арнадан сипаттама

🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-08-27 14:55:27 ​​ Аманаттықтар еліміз бойынша балаларды мектепке даярлауды жалғастыруда

«AMANAT» партиясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Баланы мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын жалғастыруда. Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын 1 қыркүйекке дайындауға көмектесу.

Акцияға партияның Орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының қызметкерлері, партия депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері қатысады. Ел аумағындағы балалар аманаттықтардан жаңа оқу жылына арналған жиынтықтар алуда. Яғни, оларға мектеп формасы, оқулықтар мен кеңсе тауарлары бар рюкзактар берілді. Жалпы, еліміз бойынша 30 мыңнан астам баланы қамту жоспарланып отыр.

Мәселен, елордада партия мүшелері 3000-ға жуық балаға көмек көрсетті.

«Бес баланың анасы ретінде мен үшін бұл баға жетпес қолдау. Партиялықтардың осы жұмысты ұйымдастырып жатқаны қуантады. Олар өздері хабарласып, мән-жайды анықтап, бізге қолайлы уақытта табыстады. Шексіз алғысымды білдіре отырып, алдағы жобаларды жүзеге асыруда табыс тілеймін», – деп атап өтті Айжан Сақанова.

Өз кезегінде Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» фракциясының депутаты Ділмұхамед Әбизов 500 баланы мектеп формасымен қамтамасыз етті.

«Тігін фабрикасының басшысы ретінде, бұл акцияға қатыспай қала алмадым. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасын табыстағанымыздан бөлек, фабрикамызда тігілген 600 мектеп киімі 7000 теңгеден сатылды. Осылайша, өңірдегі өзге кәсіпкерлерге үлгі көрсеткіміз келді», – деп атап өтті депутат.

Алматыда филиалдың қолдауымен «Білімге құштар балдырған» атты қайырымдылық концерті өтті. Шара барысында партиялықтар мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу құралдарын табыс етті. Мегаполисте айдың соңына дейін барлығы 3000-нан астам мұқтаж отбасы қажетті заттармен қамтамасыз етіледі.

«Бүгін біз спорттық киім мен оқу құралдары бар рюкзак алдық. Менің үш балам мектепке барады. Мен үшін бұл үлкен көмек. Өйткені жаңа оқу жылының алдында бәрі қымбаттады. Жалпы, 2018 жылдан бері партиялықтардан жыл сайын көмек көрсетіліп жатыр», – деді көпбалалы ана Анар Хамитжанова.

Ақтөбе облысында акция аясында 1500 балаға көмек көрсетілді. Мысалы, облыстық мәслихат депутаттары Талғат Салфиков, Тахталифум Есенғұлов және қалалық мәслихаттағы «АМАNAT» фракциясының жетекшісі Абай Сақтағанов Ойыл ауданындағы 350 баланы мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етті.

«Екі апта бұрын мен партиядан көмек сұрадым. Немерелерімді мектепке дайындауға мүмкіндігім жоқ. Бүгін бізге мектеп формасын, кеңсе тауарларын және тағы басқа қажетті заттарды берді. Балаларға қолдау көрсетіп жатқан жандарға ризашылығымды білдіремін», – деді Зина Күнтубаева.

https://t.me/AMANATPartiyasy
403 viewsedited  11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 08:28:32
481 views05:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 08:26:24 «Жастар Рухы» 1000 ментордан тұратын пул құрады

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты «Өрлеу» кешенді жобасын іске қосты. Жоба 14-35 жас аралығындағы жастардың әлеуетін көтеруге, бастамаларын дамытуға және жаңа бағыттарға жол сілтеуге бағытталған.

Бұл туралы «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев әлеуметтіктік желідегі өз жазбасында жариялады:

«Кешенді жоба негізгі 3 бағыттан құралған.

Алғашқы бағыт «AMANAT» партиясының белсенді мүшелерінен, тәжірибелі көшбасшылар мен тәлімгерлерден жасақталған 1000 ментор пулы болмақ. Менторлар пулы IT, медиа, бизнес, спорт, өнер, саясат, қоғамдық сала және өзге қоғамның басым бағыттарында жастарға бағыт-бағдар беретін болады. Бұл құрамға «AMANAT» партиясының Жас депутаттар корпусы мүшелері де кіретін болады» ,- деді ол.

Ұйымдастырушылар менторлар пулымен шектеліп қалмаймыз дейді. Атаулы жоба ауыл жастарын, жас IT мамандары мен оқушыларды да қамтып, бағыттар бойынша бірқатар жоспарларды жүзеге асырмақ.

« Келесі бағыт ауыл жастары арасында заманауи дағдыларды жетілдіруге бағытталған жас көшбасшылар мектебінен тұрады. Қыркүйек айынан бастап, еліміздің барлық ауыл-аймақтарында арнайы оқыту лагерлеріне іріктеу жұмыстары басталады. Іріктеуден өткен жастар аймақтық топтарға біріктіріліп, арнайы шеберлік сағаттардан өтеді. Ауыл жастарының мәселесін көтеретін үздік деп танылған жастардан топтар жасақтаймыз» ,- деді «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Сондай-ақ, күз айларында оқушылар арасында өтетін пікірсайыс чемпионатына іріктеу болады.

Ал, соңғы бағыт жастардың IT және шығармашылық әлеуетін дамыту. Бұл бағыт шеңберінде жас IT мамандарына, елді-мекендердегі талантты жастарға арналған түрлі байқаулар өткізу жоспарлануда. Осылайша, «Өрлеу» - нағыз шығармашыл ауыл жастарына өз біліктіліктерін дамытуға трамплин болмақ»,- деп атап өтті Нұржан Жетпісбаев.

Жоба туралы толық ақпаратты «Жастар Рухы» әлеуметтік парақшаларынан және @Orleukz_bot телеграм чат-ботынан алуға болады.

https://t.me/AMANATPartiyasy
494 viewsedited  05:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 08:06:27 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Сырым Адамбаев Алматыдағы «ASSET» ЖШС полимерлік бұйымдарды өндіру зауытының жұмысымен танысу және кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу барысында осындай пікірімен бөлісті.

Толығырақ: Aikyn.kz
446 views05:06
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 16:04:44 ​​ «AMANAT»: Несвоевременные меры госорганов привели к дефициту ГСМ в стране

Проблемы дефицита ГСМ и подготовку к уборочным работам обсудили на заседании Республиканского общественного совета по вопросам экономики, предпринимательства и аграрного сектора при партии «AMANAT».

Председатель Совета, член фракции «AMANAT» в Мажилисе Аманжан Жамалов отметил, что на сегодня в ряде регионов страны сохраняется дефицит дизельного топлива. В регионах от партии системно работают 216 групп для мониторинга цен на товары, в том числе и ГСМ.

Так, проблемы с поставкой ГСМ отмечены в Акмолинской, Костанайской, Жетысуйской областях, ЗКО и городах Алматы, Шымкент.

Причину дефицита дизельного топлива прокомментировал министр энергетики Болат Акчулаков.

«В этом году разница цены на дизельное топливо в Казахстане и в соседних странах не 80 – 100 тенге, а свыше 200 тенге за литр. Это привело к тому, что потребление выросло в разы. Свыше 100 тысяч тонн закупают иностранные потребители. То есть фактически дизтопливо вывозится из страны», - сообщил Б.Акчулаков.

Министр энергетики заверил, что несмотря на топливный дефицит, казахстанские сельхозпроизводители обеспечиваются ГСМ бесперебойно.

«Цена при отгрузке установлена в 177 тенге за литр. Но с учетом доставки, на местах выходит цена 203 тенге за литр. Вопрос отгрузки и доставки находится на контроле. Мы на своем сайте опубликовали контакты региональных представителей, и любой сельхозпроизводитель в случае появления проблем может к ним обратиться. Для этого мы создали штаб. Дефицит на заправках будет устранен в течение нескольких дней», - сообщил министр.

Однако, члены Совета подвергли критике работу ведомств, допустивших топливный кризис в стране.

По мнению Аманжана Жамалова, несвоевременное принятие мер привело к тому, что страна осталась без резерва ГСМ в преддверии уборочной кампании.

https://t.me/AMANATPartiyasy
531 viewsedited  13:04
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 16:02:13 ​​ «AMANAT»: Мемлекеттік органдардың дер кезінде тиісті шара қабылдамауы елдегі жанар-жағармай тапшылығын туындатты

«AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында жанар-жағармай тапшылығы мен егін жинау жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланды.

Кеңес төрағасы, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде дизель отынының тапшылығы байқалатынын атап өтті. Өңірлерде тауарларға, оның ішінде жанар-жағармай бағасына мониторинг жүргізу үшін партиядан 216 топ жүйелі жұмыс істеуде.

Ақмола, Қостанай, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында жанар-жағармайды жеткізу мәселелері байқалды.

Дизель отыны тапшылығының себебін Энергетика министрі Болат Ақшолақов түсіндірді.

«Бүгінде Қазақстанда және көрші елдерде дизель отынының бағасындағы айырмашылық литріне 80-100 теңге емес, 200 теңгеден асады. Соның салдарынан тұтыну көлемі күрт өсті. Шетелдік тұтынушылар 100 мың тоннадан астам сатып алады. Яғни, дизель отыны ел аумағынан шығарылып жатыр», – деді Б.Ақшолақов.

Энергетика министрі тапшылыққа қарамастан, ауыл шаруашылығы өндірушілері жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз етіліп отырғанын жеткізді.

«Жөнелту бағасы литріне 177 теңгеге белгіленді. Бірақ жеткізу құнын қоса есептеген кезде баға литріне 203 теңгені құрап отыр. Жөнелту және жеткізу мәселесі бақылауда тұр. Біз министрлік сайтында аймақтардағы өкілдердің байланыс нөмірлерін жарияладық. Мәселе туындаған жағдайда кез келген ауыл шаруашылығы өндірушісі оларға жүгіне алады. Ол үшін біз арнайы штаб құрдық. Жанармай құю бекеттеріндегі тапшылық санаулы күнде жойылады», – деді министр.

Алайда, Кеңес мүшелері елдегі жанар-жағармай дағдарысына жол берген ведомстволар жұмысын сынға алды.

Аманжан Жамаловтың пікірінше, дер кезінде шара қабылдамаудың салдарынан егін жинау науқаны қарсаңында жанар-жағармай қоры қалмады.

Кеңес мүшелерінің пікірінше, тарифті саралаудағы негізгі мәселе – жанармай құю бекеттерін кімнің бақылайтынында болып отыр. Депутаттың айтуынша, жанар-жағармай құю бекеттеріне бірінші кезекте қазақстандықтарға қызмет көрсетуге міндеттейтін шарттар мен талаптар қажет.

https://t.me/AMANATPartiyasy
458 viewsedited  13:02
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 14:59:21
265 views11:59
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 14:55:53 ​​ Более 250 тысяч сельчан ознакомятся с проектом «Ауыл аманаты»

В ходе информационного марафона члены партии «AMANAT» намерены посетить 394 сельских населенных пункта в 179 районах. Таким образом, более 250 тысяч казахстанцев по всей стране будут подробно проинформированы о проекте «Ауыл аманаты», реализуемый партией совместно с Правительством РК.

Где получить льготный кредит под 2,5% годовых? Для чего нужно создавать кооператив? Поможет ли государство с лизингом техники? На эти и многие другие актуальные вопросы готовы дать ответ члены партийных мобильных групп, которые отправились в 40-дневный информационный марафон по всем регионам страны. Главная цель – помочь жителям сел увеличить свои доходы, уровень благосостояния и качество жизни.

Как известно, в Казахстане с 2023 года планируется масштабирование по республике пилотного проекта «Повышение доходов сельского населения», реализуемого в Жамбылской области с 2019 года.

С 2023 по 2025 годы в рамках программы ежегодно всем областям республики предусматривается выделение бюджетных кредитов на реализацию проекта. Уже подготовлен пакет поправок в законодательство, принятие которых значительно упрощает механизм получения средств и повышает эффективность реализации проекта.

«В зависимости от объема выделяемого бюджетного кредита региону и потребности в кредитовании сел, полученной по результатам скрининга, акиматы областей будут определять сельские округа, участвующие в проекте в очередном финансовом году. Претендентами на получение микрокредитов по проекту могут быть безработные и отдельные категории занятых лиц, например, начинающие предприниматели», – отметил Секретарь партии «AMANAT» Эльдар Жумагазиев.

Как отмечают партийцы, положительный опыт Жамбылской области должен убедить сельчан принять участие в программе. Так, региону было выделено 7,2 млрд. тенге из республиканского бюджета, к участию были отобраны 11 сельских округов. Количество получателей адресной социальной помощи сократилось в 3 раза, среднемесячный доход в данных селах увеличился в 1,7 раза, количество безработных уменьшилось на 36%, просрочки по микрокредитам свыше 60-ти дней отсутствуют.

Первая мобильная группа «Ауыл аманаты» стартовала 28 июля в Мангистауской области. С 1 по 5 августа мобильные группы отправятся в Акмолинскую, Восточно-Казахстанскую, Атыраускую области. В остальных регионах работы продолжатся согласно графику.
271 views11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 14:53:45 ​​ 250 мыңнан астам ауыл тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасымен танысады

Ақпараттық марафон барысында «AMANAT» партиясының мүшелері 179 аудандағы 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Осылайша, еліміздегі 250 мыңнан астам отандасымыз партияның Үкіметпен бірлесіп іске асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы туралы егжей-тегжейлі танысады.

Жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несиені қайдан алуға болады? Кооперативті не үшін құру керек? Мемлекет техниканы лизингке алуға көмектесе ме? Еліміздің барлық өңіріне 40 күндік ақпараттық марафонға аттанған партияның мобильді топ мүшелері осы және өзге де өзекті сұрақтарға жауап беруге дайын. Басты мақсат – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу.

Жамбыл облысында 2019 жылдан бастап іске асырылып жатқан «Ауыл халқының табысын арттыру» қанатқақты жобасын 2023 жылдан бастап республика деңгейінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бағдарлама шеңберінде 2023-2025 жылдары әр жыл сайын еліміздің барлық облысына жобаны іске асыруға арналған бюджеттік несиелер бөлу көзделіп отыр. Заңнамаға енгізілетін түзетулер пакеті әзірленді. Ол қаражат алу тетігін айтарлықтай жеңілдетіп, жобаны іске асырудың тиімділігін арттырады.

«Өңірге бөлінетін бюджеттік несиенің көлеміне және ауылдардың несиеге сұранысына байланысты облыс әкімдіктері кезекті қаржы жылында жобаға қатысатын ауылдық округтерді айқындайды. Жұмыссыздар және жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаты жоба аясында микрокредит алуға үміткер бола алады. Мысалы – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер», – деп атап өтті «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

Партия мүшелері атап өткендей, Жамбыл облысының оң тәжірибесі ауыл тұрғындарын бағдарламаға қатысуға ынталандыруы тиіс. Мәселен, осы өңірге республикалық бюджеттен 7,2 млрд. теңге бөлінді. Жобаға қатысуға 11 ауылдық округ іріктелді. Осылайша, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 3 есеге қысқарып, аталған ауылдарда орташа айлық табыс мөлшері 1,7 есеге ұлғайды. Жұмыссыздар саны 36%-ға азайды. Микрокредит бойынша мерзімі өткен, 60 күннен асқан төлемдер болмады.

«Ауыл аманаты» алғашқы мобильді тобының жұмысы 28 шілдеде Маңғыстау облысында басталды. 1-5 тамыз аралығында мобильді топ Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарына аттанады. Қалған өңірлерде жұмыс кестеге сәйкес жалғасады.
209 views11:53
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 12:00:39
299 views09:00
Ашу / Түсініктеме