Get Mystery Box with random crypto!

AMANAT партиясы

Telegram арнасының логотипі amanatpartiyasy — AMANAT партиясы A
Telegram арнасының логотипі amanatpartiyasy — AMANAT партиясы
Арна мекенжайы: @amanatpartiyasy
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.19K
Арнадан сипаттама

🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 50

2022-04-20 10:02:39 ​​ Президент «AMANAT» партиясын жаңғырту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кезектен тыс өткен XXII Съезде партияны жаңғырту жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Асхат Оралов партия Төрағасына Алматы, Шымкент қалаларындағы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жұртшылықпен кездесулердің нәтижелері, сондай-ақ қоғамдық қабылдаулардың жұмыстары жөнінде баяндады. Наурыз айынан бері Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау 6 өңірде, атап айтқанда Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында тұрғындармен кездесулер өткізді. Маусым айының соңына дейін еліміздің барлық өңірінде қабылдауларды жалғастыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы негізгі бағдарламалық құжаттарды, партия жанындағы қоғамдық кеңестердің қызметін, жергілікті жерлерде сайлауалды бағдарламаның орындалуын тексеруді, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, сондай-ақ «Ашық партия» тұжырымдамасы аясында «Talqylau» диалог алаңының іске қосылғаны жөнінде баяндады.

Президент тұрғындармен кері байланыс жасау ісін күшейту, аймақтарда депутаттық фракциялардың тиімділігін арттыру және партияның жастар қанатын жаңғырту қажеттігіне баса мән берді.

Мемлекет басшысы азаматтарды толғандырған мәселелерді шешу үшін «AMANAT» партиясында барлық қажетті ресурс бар екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, партияның аймақтық филиалдары осы мәселеде негізгі рөл атқаруға тиіс және өз деңгейінде мазмұнды қоғамдық диалогты нығайтуы қажет.
-
Президент поручил активизировать трансформацию партии «AMANAT»

Глава государства принял Исполнительного секретаря партии «AMANAT» Асхата Оралова.

Касым-Жомарт Токаев был проинформирован об исполнении его поручений по трансформации партии, озвученных на внеочередном XXII Съезде.

Асхат Оралов доложил Председателю партии об итогах встреч с общественностью в городах Алматы, Шымкент, Туркестанской и Восточно-Казахстанской областях, а также о работе общественных приемных. Так, с марта Республиканская мобильная общественная приемная провела встречи с гражданами в 6 регионах - Акмолинской, Карагандинской, Павлодарской, Кызылординской, Северо-Казахстанской и Туркестанской областях. До конца июня планируется продолжить приемы во всех регионах страны.

Кроме того, Исполнительный секретарь партии «AMANAT» рассказал о работе по актуализации ключевых программных документов, деятельности общественных советов при партии, ревизии исполнения Предвыборной программы на местах, активизации первичных партийных организаций, запуске диалоговой площадки «Talqylau» в рамках концепции «Открытая партия».

Президент акцентировал внимание на необходимости усиления обратной связи с населением, повышения эффективности депутатских фракций в регионах и перезагрузки молодежного крыла партии.

Глава государства подчеркнул, что у партии «AMANAT» есть все необходимые ресурсы, чтобы поддержать людей в решении волнующих их вопросов. По его мнению, ключевую роль здесь должны играть региональные филиалы партии, на уровне которых важно укреплять содержательный общественный диалог.

𝗔𝗸𝗼𝗿𝗱𝗮.𝗸𝘇

@AMANATPartiyasy
401 viewsedited  07:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 16:18:06
«AMANAT» партиясы Орталық аппаратында көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Онда тұрақты түрде брифингтер, баспасөз конференциялары және медиа саласының өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер өтеді.
——————————————————
——————————————
Сегодня в Центральном аппарате «AMANAT» открыт многофункциональный пресс-центр, где на постоянной основе будут проводиться брифинги, пресс-конференции и встречи в различных форматах с представителями медиасферы.


@AMANATPartiasy
455 viewsedited  13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 12:01:58
523 views09:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 11:58:19 Многофункциональный пресс-центр открыт при партии «AMANAT»

В целях реализации концепции «Открытая партия» сегодня в Центральном аппарате «AMANAT» открыт многофункциональный пресс-центр, где на постоянной основе будут проводиться брифинги, пресс-конференции и встречи в различных форматах с представителями медиасферы.

Пресс-центр при партии «AMANAT» призван стать одним из эффективных инструментов обратной связи партии с населением, повышения открытости и публичности партийцев, а также внедрения новых подходов работы со СМИ.

«На прошедшем 1 марта внеочередном Съезде Председатель партии «AMANAT» Касым-Жомарт Токаев обозначил основные задачи по модернизации партии, в том числе по усилению обратной связи с избирателями и повышению открытости партийцев. В целях оперативного информирования об исполнении Предвыборной программы, работе депутатской фракции и реализации партпроектов сегодня открывается многофункциональный пресс-центр. Это один из шагов на пути к повышению прозрачности деятельности партии», - подчеркнул на открытии Секретарь партии «AMANAT» Ринат Кертаев.

Пресс-конференции будут также транслироваться онлайн в партийных аккаунтах в социальных сетях. Помещение пресс-центра оснащено необходимым мультимедиа оборудованием для удобства журналистов и спикеров. Руководителем пресс-центра при партии «AMANAT» назначена Кымбат Кали.

«Пресс-центр призван стать местом обсуждения и распространения информации по актуальным вопросам партийной повестки. Помимо классических пресс-конференций мы предлагаем также свою диалоговую площадку для организации самых разных встреч, как в деловой, так и в неформальной обстановке», - отметила К.Кали.

Планируется, что основными темами брифингов станут законотворческие инициативы депутатской фракции партии «AMANAT», деятельность общественных советов и Республиканской общественной приемной, реализация партийных проектов и исполнение Предвыборной программы.

@AMANATPartiyasy
434 views08:58
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 11:56:06 ​​«AMANAT» партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды

«Ашық партия» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында бүгін «AMANAT» Орталық аппаратында көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Онда тұрақты түрде брифингтер, баспасөз конференциялары және медиа саласының өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер өтеді.

«AMANAT» жанындағы баспасөз орталығы партияның халықпен кері байланысының, партиялықтардың ашықтығы мен жариялылығын арттырып, сондай-ақ БАҚ-пен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерді енгізудің тиімді құралдарының бірі болмақ.

«1 наурызда өткен кезектен тыс Съезде «AMANAT» Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияны жаңғырту, оның ішінде сайлаушылармен кері байланысты күшейтуге және партиялықтардың қоғаммен ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысты негізгі міндеттерді атап өтті. Сайлауалды бағдарламаның орындалуы, депутаттық фракцияның жұмысы және партиялық жобалардың іске асырылуы туралы жедел ақпарат беру мақсатында бүгін көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Бұл – партия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жолындағы қадамдардың бірі»,- деп атап өтті «AMANAT» партиясының Хатшысы Ринат Кертаев.

Сондай-ақ, баспасөз конференциялары партияның әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында онлайн режімде көрсетіледі. Баспасөз орталығы журналистер мен спикерлерге ыңғайлы болу үшін қажетті мультимедиа жабдығымен жабдықталған. «AMANAT» партиясы жанындағы баспасөз орталығының жетекшісі болып Қымбат Қали тағайындалды.

«Баспасөз орталығы партияның күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ақпаратты талқылау және тарату орнына айналуы тиіс. Дәстүрлі баспасөз конференцияларынан бөлек, іскерлік әрі бейресми жағдайда түрлі кездесулер ұйымдастыру үшін диалог алаңын ұсынамыз»,- деді Қ.Қали.

Баспасөз мәслихатының негізгі тақырыптары «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының заң шығару бастамалары, қоғамдық кеңестер мен Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі, партиялық жобаларды іске асыру және сайлауалды бағдарламаны орындау болады деп жоспарланып отыр.

@AMANATPartiyasy
471 viewsedited  08:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 10:35:08
818 views07:35
Ашу / Түсініктеме