Get Mystery Box with random crypto!

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ауыл әкімдері | AMANAT партиясы

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ауыл әкімдерінің оқуын қорытындылады 

2300-ден астам ауыл, ауылдық округ әкімдері және партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласындағы біліктілікті жетілдіру курстарын аяқтады. Арнайы курстарды «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ҚР Үкіметімен бірлесіп іске асырылып келе жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында әзірледі.

Бүгін партияның баспасөз орталығында білім беру бағдарламасының қорытындысы шығарылды. Академия директорының м.а. Сәуле Бақтымбет атап өткендей, арнайы курсқа қатысқан азаматтар маркетингтік талдау жүргізуді және ауыл экономикасын дамытатын болашағы бар бағыттарды анықтауды үйренді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлығы 2346 ауыл, ауылдық округ әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары оқытылды. Олардың 89%-ы ер адамдар болса, 8%-ы – әйел-әкімдер (192 адам). Оқыту «Табысты көбейту мақсатында халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласында басшының біліктілігін жетілдіру» тақырыбында көшпелі 3 күндік семинар форматында ұйымдастырылды. Спикер ретінде тиісті сертификаты бар 30 тренер, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм саласындағы сарапшылар шақырылды. Олар жалпы саны 80 семинар өткізді.

Тұрғындардың табысын арттыру мәселесі – «AMANAT» партиясы үшін негізгі басымдықтардың бірі. «Ауыл аманаты» партиялық жобасы – биыл 14 сәуірде қабылданған «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарының қосалқы бағдарламасы. Бұл жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін партия жанынан арнайы жобалық кеңсе іске қосылды.

Толығырақ: Аmanatpartiasy.kz