Get Mystery Box with random crypto!

AMANAT партиясы

Telegram арнасының логотипі amanatpartiyasy — AMANAT партиясы A
Telegram арнасының логотипі amanatpartiyasy — AMANAT партиясы
Арна мекенжайы: @amanatpartiyasy
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.19K
Арнадан сипаттама

🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-07-18 13:47:05
В партии «AMANAT» запускают проект «Томирис» по продвижению женского лидерства

Партия «AMANAT» совместно с Министерством информации и общественного развития, а также с представительством Фонда имени Конрада Аденауэра в Казахстане при поддержке Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК объявляют о запуске проекта «Томирис».

По словам директора Академии политического менеджмента партии «AMANAT» Данияра Мукитанова, для прохождения обучающей программы будут отобраны 30 участниц со всех регионов Казахстана.

«Прежде всего, участницы пройдут курсы по лидерству, эмоциональному интеллекту, управлению проектами, публичным выступлениям и другим темам. В программе предусмотрены встречи с ведущими политическими деятелями Казахстана и Германии», – сообщил он.

Более подробно с условиями участия в проекте можно ознакомиться на аккаунтах Академии политического менеджмента в социальных сетях:

https://www.facebook.com/apm.amanat
https://www.instagram.com/apm_amanat
298 viewsedited  10:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 13:35:56 «AMANAT» партиясы әйелдер көшбасшылығын ілгерілету бойынша «Томирис» жобасын іске қосады

«AMANAT» партиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, сондай-ақ Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен «Томирис» жобасын іске қосатынын хабарлады.

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының директоры Данияр Мұқитановтың айтуынша, оқыту бағдарламасынан өту үшін Қазақстанның барлық өңірінен 30 қатысушы іріктеледі.

«Ең алдымен, қатысушылар көшбасшылық, саясаттағы гендерлік мәселелер, құқық, эмоционалды интеллект, жобаларды басқару, келіссөздер, көпшілік алдында сөз сөйлеу және басқа да тақырыптар бойынша курстардан өтеді. Бағдарламада Қазақстан мен Германияның жетекші саяси қайраткерлерімен кездесулер қарастырылған. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар өзі тұрып жатқан өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған саяси жобаларды әзірлеп, іске асыра алады», – деді ол.

Жобаға қатысу шарттарымен Саяси менеджмент академиясының әлеуметтік желілердегі аккаунттары арқылы толығырақ танысуға болады:

https://www.facebook.com/apm.amanat
https://www.instagram.com/apm_amanat
345 viewsedited  10:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 07:20:26
«AMANAT» жастар қанатының VI Съезі мәреге жетті
-
Завершился VI Съезд молодежного крыла партии «AMANAT» «Жастар Рухы»

@AMANATPartiyasy
364 viewsedited  04:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 13:48:50
304 views10:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 13:44:39 ​​ Завершился VI Съезд молодежного крыла партии «AMANAT» «Жастар Рухы»

Завершился внеочередной VI Съезд молодежного крыла партии «AMANAT» «Жастар Рухы». В последний день молодежного форума Исполнительный секретарь партии Асхат Оралов поблагодарил делегатов со всех регионов за активную работу в течение четырех дней и вручил памятные сертификаты.

Он отметил, что сегодня «Жастар Рухы» объединяет свыше 100 тысяч молодых людей по всему Казахстану, из которых 90% - это активисты в регионах.

«В своем обращении к делегатам Съезда Глава государства Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что стремление быть нужным и полезным для своей Родины – должно стать целью каждого молодого человека. Данное мероприятие в очередной раз продемонстрировало сплочённость наших юношей и девушек. Уверен, что «Жастар Рухы» станет полноценным социальным лифтом для молодых людей», - сказал Исполнительный секретарь партии «AMANAT».

По мнению Асхата Оралова, своей энергией и активным участием в строительстве Нового Казахстана молодые граждане внесут значительный вклад в эффективную реализацию реформ, инициированных Президентом.

В свою очередь, делегат из Кызылорды Нурбол Серикпай отметил, что на Съезде были приняты важные решения для дальнейшего развития молодежного крыла партии.

«Переименование нашей организации знаменует новый этап в ее более чем 20-летней истории. Сегодня в стране происходят глубинные реформы, и молодежь должна быть в центре всех изменений», - сказал он.

По словам Зарины Кайыржан из Акмолинской области, на площадке «Jas Talks» были интересные спикеры.

«Мы встретились с ребятами из других регионов, обменялись опытом, смогли не только внести какие-то свои идеи, но и обсудить предложения коллег из других городов. В целом зарядились эмоциями и настроем для реализации задач с учетом программы трансформации молодежного крыла» - отметила Зарина Кайыржан.

Делегат из Нур-Султана Ерлан Марат высоко оценил неформальную часть работы Съезда.

«Помимо пленарного заседания была очень насыщенная программа. Это информативные тренинги, семинары, увлекательная культурная программа, душевные песни под гитару у костра», - добавил Ерлан Марат.

@AMANATPartiyasy
314 viewsedited  10:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 13:41:09 ​​ «AMANAT» жастар қанатының VI Съезі мәреге жетті

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен тыс VI Съезі аяқталды. Жастар форумының соңғы күні партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов төрт күн бойы белсенді жұмыс істегені үшін барлық өңірден келген делегаттарға алғыс айтып, естелік сертификаттар табыстады.

Ол бүгінде «Жастар Рухы» Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам жас азаматты біріктіретінін, олардың 90%-ы өңірлердегі белсенділер екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Съезд делегаттарына арнаған үндеуінде Отанға қажет әрі пайдалы болуға ұмтылу – әрбір жас адамның мақсаты болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл іс-шара ұл-қыздардың бірлігі мен ынтымағын айқындады. «Жастар Рухы» жастар үшін толыққанды әлеуметтік лифт болатынына кәміл сенемін», – деді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы.

Асхат Ораловтың пікірінше, жас азаматтар қуат-күшімен, Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысуымен Президент бастамасымен қолға алынып жатқан реформаларды тиімді іске асыруға өз үлесін қосады.

Өз кезегінде қызылордалық делегат Нұрбол Серікпай Съезде партияның жастар қанатын одан әрі дамыту үшін маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті.

«Біздің ұйымның атауы өзгергені – оның 20 жылдан астам уақыт тарихындағы жаңа кезеңді білдіреді. Бүгінде елімізде терең реформалар жүріп жатыр. Жастар осы өзгерістердің бел ортасында болуы тиіс», – деді ол.

Ақмола облысынан келген Зарина Қайыржанның айтуынша, «Jas Talks» алаңында қызықты спикерлер болды.

«Біз өзге өңірлердің жастарымен кездестік. Тәжірибе алмасып, өз идеяларымызбен бөлісіп қана қоймай, басқа қалалардан келген әріптестеріміздің ұсыныстарын талқыладық. Жастар қанатын трансформациялау бағдарламасын ескере отырып, алға қойған міндеттерді іске асыру үшін тың күш-қуат пен ерекше шабыт алдық», – деп атап өтті Зарина Қайыржан.

Нұр-Сұлтаннан келген делегат Ерлан Марат Съезд жұмысының бейресми бөлігін жоғары бағалады.

«Пленарлық отырыстан бөлек, өте мазмұнды бағдарламалар болды. Яғни, ақпараттық тренингтер, семинарлар, қызықты мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Алаудың айналасында отырып, гитарамен ән шырқадық», – деп қосты Ерлан Марат.

@AMANATPartiyasy
290 viewsedited  10:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 17:36:43
262 views14:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 16:14:11 ​​ Дархан Кыдырали: «Уверен, что «Жастар Рухы» придаст импульс Новому Казахстану»

Продолжается работа открытой диалоговой площадки «Jas Talks» в рамках VI внеочередного Съезда молодежного крыла партии «AMANAT». Сегодня с молодежью встретился член Бюро Политсовета партии, генеральный директор республиканской газеты «Егемен Қазақстан» Дархан Кыдырали.

В ходе встречи он ответил на вопросы присутствующих и выразил уверенность в том, что данный Съезд придаст молодежи не только энергии, но и привьет высокие моральные ценности.
Д. Кыдырали отметил, что строительство Нового Казахстана начинается с открытого диалога с молодежью, которая изменила образ мышления.
Кроме того, гость Съезда остановился на достижениях нынешнего поколения и призвал молодежь быть созидателями. Он рассказал о понятиях национального кода, единства, солидарности и сплоченности.

«Наша молодежь лидирует чуть ли не на всех соревнованиях. Наши юноши и девушки обучаются в самых престижных высших учебных заведениях мира благодаря своим знаниям. Вот такая у нас сегодня молодежь. А для того, чтобы молодое поколение добивалось успехов, нужно идти навстречу конкретным делам и идеям. Подобные встречи необходимы для обмена мнениями, генерации новых идей. Уверен, что «Жастар Рухы» придаст импульс Новому Казахстану», – подчеркнул Дархан Кыдырали.

@AMANATPartiyasy
315 viewsedited  13:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 16:12:06 ​​ Д.Қыдырәлі «AMANAT» партиясы «Жастар Рухының» кезектен тыс VI Съезінде жастарды жасампаз болуға шақырды

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухының» кезектен тыс VI Съезі аясында «Jas Talks» ашық диалог алаңының жұмысы жалғасып жатыр. Съездің үшінші күні партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Бас директоры Дархан Қыдырәлі жастармен жүздесті.

Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі қатысушылардың сұрағына жауап беріп, форум жұмысы жастарға асқақ рух, жаңа жігер сыйлайтынына сенім білдірді.  

Ол Жаңа Қазақстанды құру ісі осындай жаңа форматтағы жүздесулерден, жаңаша ойлайтын жастардан, орамды ойталқыдан басталатынын жеткізді.

«Қазақстанның әр тарапынан келген жастар еліміздің бүгінгі көңіл-күйінің айнасы. Қаңтарда «Буырқанған бұла буын» деген мақала жазып едім. Сіздер сол буырқанған буынсыздар. Кезінде Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деді. Кейін Қасым Аманжолов «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ?!» деп тамсанды. Сіздерді Мағжан айтқан, Қасым айтқан рухты жастарсыздар деп білемін», – деді ол.

Сонымен қатар, форум қонағы бүгінгі ұрпақтың жетістіктеріне тоқталып, жастарды жасампаз болуға шақырды. Ұлттық код, бірлік, ынтымақ, ұйысу, ұғымдары туралы ой бөлісті. 

«Жастарымыз қай жарыстарда да маңдайы жарқырап көш басында  келеді. Додаға түссе дес бермейді. Бауыр-қарындастарымыз ақыл-ойының, тау қопарар талабының арқасында дүниежүзіндегі ең беделді жоғары оқу орындарда білім алып жатыр. Міне, бүгінгі жастарымыз осындай. Ал жас буын жемісті жетістіктерге жетуі үшін нақты іске, идеяға табан тіреуі тиіс. Мұндай жүздесулер ойласу, пікір бөлісу үшін қажет. «Жастар Рухы» Жаңа Қазақстанға жаңа серпін береді деп сенемін», – деп атап өтті Дархан Қыдырәлі.  

Өз кезегінде, Съезге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, ұсынысын да жеткізді. Ел тарихына, тарихи тұлғалардың жүріп өткен жолына, тағдырына қатысты сауалдарын жолдады.

@AMANATPartiyasy
258 views13:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 13:46:18
«Jas Talks» ашық диалог алаңы

@AMANATPartiyasy
177 views10:46
Ашу / Түсініктеме