Get Mystery Box with random crypto!

​​ «AMANAT»: Мемлекеттік органдардың дер кезінде тиісті шара қ | AMANAT партиясы

​​ «AMANAT»: Мемлекеттік органдардың дер кезінде тиісті шара қабылдамауы елдегі жанар-жағармай тапшылығын туындатты

«AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында жанар-жағармай тапшылығы мен егін жинау жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланды.

Кеңес төрағасы, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде дизель отынының тапшылығы байқалатынын атап өтті. Өңірлерде тауарларға, оның ішінде жанар-жағармай бағасына мониторинг жүргізу үшін партиядан 216 топ жүйелі жұмыс істеуде.

Ақмола, Қостанай, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында жанар-жағармайды жеткізу мәселелері байқалды.

Дизель отыны тапшылығының себебін Энергетика министрі Болат Ақшолақов түсіндірді.

«Бүгінде Қазақстанда және көрші елдерде дизель отынының бағасындағы айырмашылық литріне 80-100 теңге емес, 200 теңгеден асады. Соның салдарынан тұтыну көлемі күрт өсті. Шетелдік тұтынушылар 100 мың тоннадан астам сатып алады. Яғни, дизель отыны ел аумағынан шығарылып жатыр», – деді Б.Ақшолақов.

Энергетика министрі тапшылыққа қарамастан, ауыл шаруашылығы өндірушілері жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз етіліп отырғанын жеткізді.

«Жөнелту бағасы литріне 177 теңгеге белгіленді. Бірақ жеткізу құнын қоса есептеген кезде баға литріне 203 теңгені құрап отыр. Жөнелту және жеткізу мәселесі бақылауда тұр. Біз министрлік сайтында аймақтардағы өкілдердің байланыс нөмірлерін жарияладық. Мәселе туындаған жағдайда кез келген ауыл шаруашылығы өндірушісі оларға жүгіне алады. Ол үшін біз арнайы штаб құрдық. Жанармай құю бекеттеріндегі тапшылық санаулы күнде жойылады», – деді министр.

Алайда, Кеңес мүшелері елдегі жанар-жағармай дағдарысына жол берген ведомстволар жұмысын сынға алды.

Аманжан Жамаловтың пікірінше, дер кезінде шара қабылдамаудың салдарынан егін жинау науқаны қарсаңында жанар-жағармай қоры қалмады.

Кеңес мүшелерінің пікірінше, тарифті саралаудағы негізгі мәселе – жанармай құю бекеттерін кімнің бақылайтынында болып отыр. Депутаттың айтуынша, жанар-жағармай құю бекеттеріне бірінші кезекте қазақстандықтарға қызмет көрсетуге міндеттейтін шарттар мен талаптар қажет.

https://t.me/AMANATPartiyasy