Get Mystery Box with random crypto!

Кітапgram

Telegram арнасының логотипі kitappgram — Кітапgram К
Telegram арнасының логотипі kitappgram — Кітапgram
Арна мекенжайы: @kitappgram
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 15.26K
Арнадан сипаттама

Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Электронды кітаптарды да таба аласыз.
Канал жетекшісі: Әділбек Исламбек
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-25 11:44:32 Білімнің парадоксі дегеніміз — адам білген сайын оның білмейтіндігінің көбеюі. Егер сіз көп нәрсені білмеймін десеңіз, яғни сіз біраз нәрсені білетіндігіңіз.

"Нені оқымау керек?"
Айдын Рахымбаев

https://t.me/kitappgram
779 views , 08:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 11:43:06 Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол — кітап,— дейтін.— Әкем де, шешем де сол — кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің, бәрі-бәрі ұмытылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын. Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді.

"Тортай мінер ақ боз ат"
Оралхан Бөкей

https://t.me/kitappgram
795 views , 08:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 11:41:53
Ғалымдар адамның қалам ұстауына қарап ұмытшақтық ауруын анықтау әдісін тапты.

Жапондардың зерттеуі деменцияны тесттердің көмегімен адамның қалай жазып, сурет салатынын мұқият бақылау арқылы жасалған.

Деменцияның белгісі:

адам жазғанда жиі үзіліс жасайды;

• қолдың немесе дененің өткір, серпілмелі қозғалысы;

• қалам ұстауы үнемі өзгеріп отырады
.

Жапониядағы Цукуба университетінің ғалымдарының зерттеуі.

https://t.me/kitappgram
808 views , 08:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 11:34:01 Оқы, оқы дейміз, тоқымаса оқу не керек?
Адам, адам дейміз, адамшылығы болмаса адам не керек?

Ғабиден Мұстафин

https://t.me/kitappgram
795 views , 08:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 18:01:22 Сіздің қандай адам болатыныңыз, екі фактормен анықталады: сіз сөйлесетін адамдар және сіз оқыған кітаптар.

Рабин Шарма.
1.3K views , 15:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 18:00:14 Сәбит Мұқанов
Өмір мектебі

https://t.me/kitappgram
1.3K views , edited  15:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 17:58:06 Ғабиден Мұстафин
Шығанақ

https://t.me/kitappgram
1.3K views , edited  14:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 17:53:58 Қайталау

Абай отыз бірінші қара сөзінде "естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар" дейді. Соның бірі сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтара ойланып, көңілге бекіту керек. "Қайталау - ілімнің жартысы" деген.

Күндіз жаттаған нәрсені ұйықтар алдында бір қайталап алу керек. Себебі, ұйқы алдына қабылданған ақпарат ең бірінші болып консолидацияға ұшырайды. Яғни, жадыда сақталу ықтималдығы жоғары болады.

Как запомнить все.
Борис Николай Конрад

https://t.me/kitappgram
1.3K views , 14:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 17:50:08 Нейробика (миды дамытуға арналған жаттығулар):

~үйіңіздегі жиһаздардың орнын жиі ауыстырып тұрыңыз. Әр жеті немесе он күнде бір нәрсенің өзгеріп тұрғаны сананың жан-жақты ойлауына түрткі болады. Тіпті компьютеріңіздің басты бетіндегі суреттің ауысып тұруы миға оң әсерін береді;

~киім кию үлгіңізді өзгертіңіз. Ең болмағанда, ұнататын киіміңіздің түсін өзгертіңіз. Сырт көрініс адамның басқа стильге деген көзқарасын өзгертеді.

https://t.me/kitappgram
1.3K views , 14:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 10:33:41 Исламнанкеңес:

- Кітап оқуды әдетке айналдыруға көмектесетін кітаптар топтамасы:

1. Б.Бұқарбай “күміс кітап” кітабы;
2. М. Кесебаев “жылдам оқу” кітабы;
3. Ә. Исламбек “оқырман әліпбиі” кітабы;

https://t.me/kitappgram
1.8K views , 07:33
Ашу / Түсініктеме