Get Mystery Box with random crypto!

Кітапgram

Telegram арнасының логотипі kitappgram — Кітапgram К
Telegram арнасының логотипі kitappgram — Кітапgram
Арна мекенжайы: @kitappgram
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 15.26K
Арнадан сипаттама

Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Электронды кітаптарды да таба аласыз.
Канал жетекшісі: Әділбек Исламбек
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-08-02 10:32:43 Адам есімін жаттау жолдары

Әңгіме барысында адамның есімін қайта қайта қолдану керек.
Мысалы, "Арман, қай университетте оқыдың?","Саған қай елдің асханасы ұнайды, Арман?"

Дейл Карнеги "Дос табу және адамдарға ықпал ету" кітабында адамға ең ұнамды сөз өзінің есімі деп айтқан. Ол рас, әркімге өз есімі әдемі естіледі.

https://t.me/kitappgram
1.4K views , 07:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 10:31:00 Миы белсенділер ұзақ өмір сүреді

И.П.Павлов ғалым 86 жыл,Кант 81 жыл, Платон 81 жыл, Ньютон 84 жыл, Пифагор 76 жыл, Сенека 70 жыл өмір сүрген.

Бұның ішінде Пифагор, Сенека, Платонның замандастарының орташа өмір сүру ұзақтығы 30-35 жыл болған.

Кант пен Сенека бала кезінде өте әлсіз, аурушаң болған екен. Алайда орта жаста біліммен шұғылдана келе, екеуі де денсаулығын шыңдай білген.

Ал Луи Пастердің оқиғасы тіпті қызық. 40 жасында миына қан құйылған ғалым ауруға берілмей, мидың өзін әбден зерттепті. Одан кейінгі 30 жылында адамзат үшін өте күрделі жаңалықтар ашты.

https://t.me/kitappgram
1.4K views , 07:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 10:28:09 Миы саудың тәні сау, тәні саудың жаны сау.

Миы әрдайым белсенді болған адамдар жай адамға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Әрі ми ауруларына сирек ұшырайды.

Мидың жұмысы барлық органға әсер етіп, салауатты өмір салтын ұстануға сеп болады.

https://t.me/kitappgram
1.4K views , 07:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 10:26:31
Әбу Насыр Әл-Фараби қай кітапты 100 мәрте қайталап оқыған?

Адам баласы тарихын зерттеп жүрген бір оқымыстының қолына Аристотельдің "Даңқ туралы" деген кітабы түседі. Тарихшы кітапты аяғына дейін ақтарып шығады. Кітаптың соңғы бетінен:"Мен бұл кітапты жүз мәрте оқып шықтым" деген жазуды көреді. Сөйтсе мұны жазған Әбу Насыр Әл-Фараби екен.

Әбу-Насыр еш уақытта қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқып қоя салмаған. Кітапта жазылғанның мағынасын толық түсінгенше ерінбей қайталап оқи берген. Сөйтіп, кітапта айтылған жайлардың мағынасына терең ой жіберіп, жаңа ұғымдардың есігін ашып отырған. Сол есік арқылы ғылым әлемінің таңғажайып сырларын анықтаған екен.


https://t.me/kitappgram
1.5K views , 07:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 10:19:16 Сәкен Сейфулин
Тар жол тайғақ кешу

https://t.me/kitappgram
1.6K views , edited  07:19
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 10:18:06 Мұхтар Мағауин
Тазының өлімі

https://t.me/kitappgram
1.6K views , edited  07:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 14:23:53 Исламнанкеңес:

- Тіл байлығын дамытуға арналған кітаптар топтамасы:

1. Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Әуезовтың барлық шығармалары;
2. Бауыржан Омарұлы "11-ші қаламұш" кітабы;
3. Берік Садыр "Ауыл әзілдері" кітабы.

https://t.me/kitappgram
523 views , edited  11:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 14:21:44 Есте сақтауды дамытуға арналған #Исламнанкеңес:

жаяу серуендеу

Таза ауада жарты сағат серуен құру ми жұмысын 15%-ға арттырады. Қан айналым жүйесі жаңарып, қиындықтарды жоюға өзіндік үлесін қосады.

https://t.me/kitappgram
537 views , edited  11:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 14:18:30 Миға кері әсер ететін әрекеттер:

1. ұйқының қанбауы
Ұйқысыздықтың салдарынан адам сергек күйінде мидың әр жері баяу ұйқы фазасына ауыса бастайды. Бұл уақытта адамның ұсақ моторикасы бұзылады.

Ұдайы ұйқысыздық ми жасушаларының өлуіне әкеп соғады.

2. таңғы ас ішпеу
Таңғы ас ішпеу адамның еңбекке қабілеттілігі мен күні бойғы тонусына кері әсер етеді. Мұнда тек ағзаға қажетті қуат алу мәселесі ғана емес, таңғы асты ішпеу қандағы қант мөлшерін азайтады. Ал бұл өз кезегінде, миға нәрлі заттардың жетуін төмендетеді және қиындатады.

3. артық қант мөлшері
Ағзада қанттың шамадан тыс көп болуы ақуыз бен нәрлі заттарды сіңіруді қиындатады.
Нәтижесінде қант деңгейі төмен болған жағдай қайталанады: нәрлі заттар миға жетпей қалады.

https://t.me/kitappgram
552 views , 11:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 14:13:24
Кітаптағы ақпараттар мен кеңестерді есте сақтап, өмірде қолдана білу үшін:

~оқығалы жатқан кітабыңыз жайлы фильм, театрда қойылым болса міндетті түрде көріңіз. Сізге сол кітаптың маңыздылығын түсіндіріп, кейіпкерлерге жан бітіп, сізге ерекше әсер сыйлайды;

~әрбір кітапқа арналған қойылым, фильм бола бермеуі мүмкін. Алайда кітапты жазған автордың сұхбатын, мақаласын, ойларын оқу арқылы шығармаға деген қызығушылығыңызды арттыра аласыз.

https://t.me/kitappgram
570 views , 11:13
Ашу / Түсініктеме