Get Mystery Box with random crypto!

Кітапgram

Telegram арнасының логотипі kitappgram — Кітапgram К
Telegram арнасының логотипі kitappgram — Кітапgram
Арна мекенжайы: @kitappgram
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 15.26K
Арнадан сипаттама

Бұл парақша кітап оқуды дәріптейді. Есте сақтау қабілетіне байланысты жазбалар да салынады.
Электронды кітаптарды да таба аласыз.
Канал жетекшісі: Әділбек Исламбек
Парақшаның сілтемесі: https://t.me/kitappgram

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-08-30 09:56:36 Есте сақтау қабілетін жақсартуға арналған жаттығулар:

Көзге арналған жаттығулар.

Егер күнде таңертең 30 секунд бойы көзіңізге жаттығу жасап тұрсаңыз, есте сақтау қабілеті 10%-ға жақсарады.

Сондай-ақ көзді жұмып, өткенді еске түсіру де пайдалы екен.

https://t.me/kitappgram
1.5K views06:56
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 09:54:32 Ақпаратты:

• дауыстап оқығанда ақпараттың 10%-ы есте қалады;
• тыңдағанда 15%-ы;
• көру арқылы қабылдасаң 50%-ы есте қалады;
• қолмен ұстау, оқиға болған жерге бару, сол ақпаратқа қатысты заттарды шынайы көру ақпараттың 80%-ын есте сақтауға мүмкіндік береді.

https://t.me/kitappgram
1.6K views06:54
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 09:52:27 Стэнфорд университетінің нейробиолог ғалымдары ми мүмкіндіктерін зерттейді.

Нәтижесінде адам өз миының мүмкіндіктерінің 2 пайызын ғана қолданады екен.

Адам егер миының толық мүмкіндіктерін пайдаланатын болса, онда ол 100 000 энциклопедиялық кітап, 3 университет материалын және 6 шет тілін жетік меңгере алады деген тұжырым бар.

https://t.me/kitappgram
1.5K views06:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 15:01:44 Мидың жұмысын жақсартатын, есте сақтауға пайдасын тигізетін лайфхактар:

Дауыстап оқу

Дауыстап оқу жылдам оқуға кедергі болса да, ара-арасында оқып тұрудын әбестігі жоқ. Әсіресе, шет тілінде сөздің дұрыс оқылуын үйрену үшін дауыстап оқу маңызды.
Дауыс арқылы, әріп арқылы миға түрлі ақпарат барады және осы екеуіне жауапты ми бөліктері белсенді болады.

Жақсы тәжірибенің бірі- бүлдіршіндерге ертегіні дауыстап оқып беру, суретін көрсету. Сонда әрі визуалды, әрі аудиалды ақпарат ағыны жүреді.

https://t.me/kitappgram
2.6K views12:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 14:59:32 Бәрін ұмытып кете беруді қалай ұмытуға болады?

Жапондық нейробиолог "Бәрін ұмытып кете беруді қалай ұмытуға болады?"атты кітаптың авторы Такаси Цукияма таңертең тұрғанда мидың ойлау жұмысын атқаратын аймақты дұрыс ояту керек екенін зерттеген. Ол үшін біз қимылдау және айналамызбен қарым-қатынас орнату арқылы жүзеге асыра алады екенбіз:

~жаяу жүру немесе басқа жеңіл спортпен айналысу
~бөлмені жинау
~тамақ дайындау
~өсімдіктерге қарау
~жақындарыңмен әңгіме-дүкен құру
-дауыстап кітап оқу (минимум 10мин)
~әрдайым позитивті болу керек
~шүкіршілік айта білу керек.

Осы іс-әрекеттерді жиі орындайтын болсақ, есте сақтау қабілеті жақсара түседі.

https://t.me/kitappgram
2.5K views11:59
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 14:57:41
Мидың жұмысын жеңілдету үшін қағазға жазу

Мидың мүмкіндіктері көп екен деп, барлық шаруаны оған артып қоюға болушы еді. Бірақ бұл жерде өнімділіктен гөрі тиімділікті қарау керек.
Иә, рас, ми миллиардтаған ақпаратты есте сақтай алады. Бірақ оған қаншама энергия кетеді. Ал бізге тиімдісі- қажетті ақпараттарды уақытында қолдана білу.

Мысалы, ұсақ істерді, ертеңге арналған жоспарды, рецептті қағазға жазып қойсақ, мидың жұмысын жеңілдетеміз.

https://t.me/kitappgram
2.4K views11:57
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 14:54:47 Уоррен Баффеттен бір журналист сұхбат үстінде жетістігінің сырын сұрағанда ол үстел үстіндегі кітаптарды көрсетіп:
"Күніне 500 бет кітап оқыңыз. Күніне 500 бет кітап оқу бәрінің қолынан келеді. Бірақ оған бел шешіп кірісетіндер санаулы ғана",- деген екен.

"Кітапты қалай таңдайсыз?"деген сауал қойылыпты. Ол:
"Менімен талғамы, ойы, айтар сөзі бірдей достарым ұсынған кітаптарды оқимын. Реті келсе, оқуға кеңес берген кітабының қызықты тұсын сұрап аламын. Кітаптың желісі қызықтырса оқимын. Қызықтырмаса, уақыт шығындамаймын",-деген.

https://t.me/kitappgram
2.3K views11:54
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 10:30:46 Адамдардың арасындағыдай кітаптардың да арасында жақсы немесе жаман қоғамға түсіп қалуға болады.

Клод Гельвеций

https://t.me/kitappgram
2.7K views07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 09:30:45 Кітап таңдауға арналған талғам қалыптастыру

Ойша оқитын кітап көп, бірақ неден бастап оқуды білмесеңіз талғамы бірдей досыңыз ұсынған кітапты оқыңыз.
Кез келген адам ұсынған кітапты оқи берген дұрыс емес. Талғамы бірдей досыңыздың ұсынған кітабы сізге пайдалы ақпарат, жаңа инсайд алып келеді.

https://t.me/kitappgram
2.8K viewsGulzat, 06:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 09:29:16 #Исламнанлайфхак
Оқығыңыз келетін кітаптардың тізімін жасаңыз!

Бұл тізім- болашақта сіңіргіңіз келетін ақпараттардың көзі. Ол тізім көбейген сайын сіздің зейініңіз ашылып, оқудағы жылдамдығыңызды арттырады.

https://t.me/kitappgram
2.7K viewsGulzat, 06:29
Ашу / Түсініктеме