Get Mystery Box with random crypto!

< тәуелділік > тәуелділік - рухани құлдырауға себеп болатын с | ғажайып

< тәуелділік >

тәуелділік - рухани құлдырауға себеп болатын сезім. қазіргі кезде тәуелділік түрлері көбейіп кетті( көбінесе адамдар телефондағы мәнсіз контентке немесе өмір сапасын азайтатын видеоларға, бірнеше сағат бос хат алмасуға, тамаққа, әсіресе тәттіге және газды сусындарға тәуелді. бір топ адам шопоголизммен ауырса, екінші бірі айналасының көңіл бөлгеніне тәуелді. темекі, ішімдік тағы да басқа зиянды әдеттер адамды және айналасын құртуда. біреулер сериалдың соңына жетпей тынышталмаса, екінші бірі ақшаның артынан қуып шаршауда. тағы да екі топқа бөліп қарастырайықшы: бірінші топ тәуелділікті жақын досы етіп, мұңайғанда жанына жалау етіп жұбанады, әрі одан құтылуды ойлаған да емес. екінші бір тобы қанша тырысса да, қанша рет өзіңе уәде берсе де құтыла алмай әлек. пост екінші топқа, яғни өмірін өзгерткісі келетін, рухани дамудың жаңа шыңына шыққысы келетін жандарға арналады.

бірінші өзім туралы айтайын. әлі де "не нәрсеге тәуелдісің?" десе айтар жауабым табылады. бірақ "қандай тәуелділіктен құтылдың?"десе де жауап бере аламын. біздің үйде кола өте-өте көп ішіледі. ал менің газдалған сусындардан бас тартқаныма бір жылдай уақыт болып қалыпты. және бұрын музыкаға тәуелді, құлаққабың жоғалтса не сындырса өмірінің мәні кетіп қалатын адам болғанмын. қазір бұрынғыдай қажеттілік үшін тыңдамаймын, тіпті серуенге музыкасыз шыға аламын хаха. бұрын ол жәй арман болған) енді телефонға тәуелсіз адамдар қатарына қосылғым келеді.

жалпы тәуелділік мида қалай пайда болады? әрі одан қалай құтыламыз?

ми бірнеше бөліктен тұрады. бірі ойларынды сараптап, эмоция қалдырған сәттерді естелік жәшігіне салып отырады. бірі ояна сала автоматты түрде жасайтын істерінді басқарады. және солай әр бөлік түрлі сезімдерге, денедегі әр процесске жауап береді. ең қызығы мидың әр бөлігі бір-бірімен тікелей байланыста болады, әрі әсерін тигізіп отырады. ал мотивация мен ләззат, құмарлық сезімін басқаратын бөлік базальды ганглиялар деп аталады. егер олардың жұмысы тым жоғары дәрежеде болса адам уайымшыл болып кетеді. ал базальды ганглиялардың жұмысы жәй, әлсіз болса адамның мотивациясы төмен, депрессияға түскіш, тәуелділікке берілгіш болады.

әр әрекеттің бастамасы сияқты тәуелділіктен құтылу үшін тәуелді екенінді мойындау керек. "жоқ, маған темекі шеккен ұнайды. круто көрінеді" деп өзінді ақтау, "қоойшы, сериал көру жәй сүйікті ісім" деп одан басқа ісің жоқ екенің аңғармау, "ол көңіл бөлмей кетті, мен бірдене дұрыс жасамадым!" деп телефонды ұстаған сайын, парақшасын аңдып отыруды тоқтат. жәй ғана өзіңді тыңдап көрші. мүмкін арғы жағында шынайы ойларың: "мен тәуелдімін! мен стресстемін, көмектесші! мен мәселеден қашып жүрмін! маған махаббат жетпеді!" деп дабыл қағып жатқан болар?
☆ кеше қойған "неге тәуелдісің?"деген сұрағыма жазбаша жауап жазған болсаң сен ең алғашқы қадамды жасадың, жарайсың! ал сұраққа жауап бермесең дәл қазір қандай тәуелділіктен құтылғың келетінің ойланып, өз-өзіңе мойындап көр.

бұл тақырыптың жалғасы керек пе?