Get Mystery Box with random crypto!

'Зенит' шабуылшысы Сердар Азмун Франция чемпионатына ауысуы мү | ДОДА

"Зенит" шабуылшысы Сердар Азмун Франция чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Foot Mercato басылымы.

Басылымның мәліметінше, "Лион" клубының өкілдері Иран құрамасының ойыншысымен келіссөздер жүргізуде. "Зенит" басшылары болса Азмунды 20 млн еуроға бағалап отыр. Қос тарап ортақ мәмілеге келген жағдайда ойыншы жазғы трансферлік маусымда "Лион" жейдесін киюі мүмкін. Лионнан бөлек "Наполи", "Лацио", "Рома", "Фенербахче", "Вильярреал", "Байер" және "Интер" командалары қызығушылық танытуда.