Get Mystery Box with random crypto!

News of Aktobe region 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі aktobe_region — News of Aktobe region 🇰🇿 N
Telegram арнасының логотипі aktobe_region — News of Aktobe region 🇰🇿
Арна мекенжайы: @aktobe_region
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.72K
Арнадан сипаттама

⚜️ Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми жаңалықтары
⚜️ Официальные новости акимата Актюбинской области

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-10-10 16:44:59
117 views13:44
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 16:44:24 Кездесу ашық микрофон форматында өтті. Қатысушылар кешенді шешімді қажет ететін бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды. Мәселенің бірі - көгілдір отын тапшылығы. Сол себептен, «SD Indrustru» ЖШС айына 1,5 миллион дана кірпіш өндіру жобасын жүзеге асыра алмай отыр. Тағы бірнеше ШОБ субъектілері осындай жағдайға тап болды. Осыған байланысты «Бұқара-Орал» магистральді газ құбырының үшінші тармағы мен газ бұру құбырын салу шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім беру, көлік және логистика, мемлекеттік сатып алу және жергілікті қамту, жер қатынастары, АӨК, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде кәсіпкерлікті қорғау салаларына қатысты мәселелер өзекті күйінде қалып отыр. Оларды шешу облыс басшылығының қолдауын қажет етеді.

Облыс әкімі әрбір өтінішті жан-жақты сараптауды тапсырды. Мемлекеттің қолдауына тек ашық және таза жұмыс істейтіндер ғана ие болатынын кәсіпкерлерге ескертті.

Ақтөбе облысының әкімдігі, «Еуразиялық топ» ЖШС, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Атамекен» ҚР ҰКП арасында өткен кездесуде Хромтау қаласындағы шағын және орта бизнесті қолдау мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кәсіпорын басшылары марапатталды. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП «Өз ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалі «Арман-М» шаруа қожалығының басшысы Қазыбек Әлішевке табысталды. 

Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Күлшат Масалимова мен «Ақбөбек» «Оңалту орталығы» ЖШС құрылтайшысы Күлпаршын Айдарханова және тағы басқалар Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ералы Тоғжанов мемлекет тарапынан қолдаудың әлі де жалғасын табатынына тоқталып, бизнес өкілдерін еліміздің дамуына, ауылдардың көркеюіне үлес қосуға шақырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
122 views13:44
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 16:44:06 Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті дамыту бағытында нақты шаралар қабылдануда

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өңірдің бизнес қауымдастығымен кездесуінде кәсіпкерліктің жай-күйі мен дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелер талқыланды. Оған құқық қорғау және қадағалау органдарының, салалық бірлестіктердің басшылары, Ақтөбе қаласы мен барлық аудандардың бизнес өкілдері қатысты.

Шара аясында мемлекеттік және қадағалаушы органдар басшылары кәсіпкерлерді қабылдады. Сондай-ақ,  жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды.

Жиынды ашқан Ералы Тоғжанов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырғанын атап өтті.

«Шағын және орта бизнес саласы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етудің негізгі құралдарының бірі. Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті дамытуға қатысты тапсырмасын орындау мақсатында облыста бірқатар нақты шаралар атқарылып жатыр. Ақтөбелік бизнес мемлекеттік қолдаудың дағдарысқа қарсы бағдарламаларын белсенді қолдануда. Мәселен, 2021 жылы 5 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. Бұл көрсеткіш бойынша облыс өңірлер арасында жетекші орынға шықты.

3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 8 мыңға жуық жұмыс орны сақталып, өндірілген өнім көлемі 478,9 миллиард теңгені құрады. Түскен салық көлемі 47 миллиард теңгеден асты. Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Ұлттық жоба аясында 2600-ден астам жобаға қолдау көрсетілді», - деп нақтылады Ералы Тоғжанов.

Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін тек мемлекеттік бағдарламалар ғана емес, ірі компаниялар да тартылып отыр. Мәселен, облыс басшылығы Хромтау қаласы кәсіпкерлерінің жобаларын 3 пайызбен несиелендіру бойынша «ERG» компаниясымен келіссөздер жүргізуде.

«Ауыл аманаты» жобасының іске қосылуы ауыл тұрғындарының табысын айтарлықтай арттырады. Оған 24 ауылдық округтің 61 елді мекенінің тұрғындары қатысады.

«Ауыл шаруашылығын дамыту керек, бұл ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартады, қалаға көшу азаяды. Агроөнеркәсіп кешенінде бірқатар маңызды жобаларды, соның ішінде тауарлық несиелендіруді жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Биыл 500 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылып, олар халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге және жұмыс істеуге дайын шаруа қожалықтарына беріледі. Жалпы, шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты көптеген мәселе бар, біз оларды шешеміз», - деді облыс әкімі.
133 views13:44
Ашу / Түсініктеме
2022-10-10 05:11:26
476 views02:11
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 21:20:25 В Актобе прошел концерт звезд казахстанской эстрады

В Актюбинской области продолжаются мероприятия в честь 355-летия Есет батыра. Сегодня в центре искусств «Өнер орталығы» подвели итоги республиканского айтыса акынов, а вечером в центральном парке города Актобе состоялся концерт звезд отечественной эстрады.

При поддержке акимата Актюбинской области и при спонсорской помощи компании «СНПС-Актобемунайгаз» в гала-концерте для актюбинской молодежи выступили известные в стране артисты и творческие коллективы, в том числе группы «Музарт» и «Енлик», Нурмухаммед Жакып, Mona Songz, Садруддин, Nazima, Say mo.

Звезды казахстанской эстрады подарили собравшимся актюбинцам особое настроение.

Среди зрителей был и аким области Ералы Тугжанов. Глава региона поблагодарил спонсоров мероприятия и принявших приглашение артистов.

"Со вчерашнего дня в нашем городе проходят культурные мероприятия, которые популяризируют нашу историю и искусство. Сегодня мы подвели итоги айтыса акынов, посвященного 355-летию великого Есета батыра.  А сейчас проходит такой замечательный концерт, который посвящен молодежи Актобе. Такие культурно-массовые мероприятия, которые будут вдохновлять и воодушевлять нашу молодежь, мы будем часто проводить в Актобе", - отметил глава региона Ералы Тугжанов.

Пресс-служба акима Актюбинской области
68 views18:20
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 21:20:14
60 views18:20
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 21:19:51 Ақтөбеде өнер жұлдыздарының концерті өтті

Ақтөбе облысында Есет батырдың 355 жылдығын атап өту шаралары жалғасуда. Бүгін күндіз Өнер орталығында ақындар айтысы қорытындыланса, кешкілік уақытта қаланың орталық саябағында жастарға арналған отандық эстарада әншілерінің концерті өтті.

Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен және «Ақтөбе мұнайгаз» компаниясының демеушілігімен ақтөбелік жастарға арналып өткен гала концертте елімізге танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Олардың арасында «Музарт» тобы, «Еңлік» өнер ұжымы, Нұрмұхаммед Жақып, Mona Songz, Садруддин, Nazima, Say mo бар.

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары саябақ алаңына жиналған жастарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Ал олардың өнеріне тәнті болған көрерменнің ыстық ықыласы күздің қоңыр салқынын сездірмеді.

Көрермендер арасында облыс әкімі Ералы Тоғжановтың өзі де болып, концертті ақтөбеліктермен бірге тамашалады, демеушілер мен шақыртуды қабыл алған өнер жұлдыздарына алғысын айтты.

«Кешелі бері қаламызда тарихымыз бен өнерімізді ұлықтаған мәдени шаралар өтіп жатыр. Бүгін Ер Есеттің 355 жылдығына арналған ақындар айтысын қорытындыладық. Ал қазір, міне, қаламызға эстрада жұлдыздары келіп, жастарымызға әсерлі көңіл-күй сыйлап жатыр. Мен Есет Көкіұлы баһадүр бабамыздың 355 жылдығын тойлау аясында осы концертті ұйымдастыруға қолдау көрсеткен азаматтарға және шақыруымызды қабыл алған өнер жұлдыздарына ризашылығымды білдіремін. Осы концерт, осы кеш Ақтөбе жастарына арналды. Өнердің заманауи бағытына сусындатар әдемі, әсерлі кеш болды деп ойлаймын. Біз жастарға шабыт беретін, жігерлендіретін осындай мәдени-көпшілік шараларды Ақтөбеде жиі өткізетін боламыз», - деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
66 views18:19
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 14:46:56 Сегодня в Актобе открыли две полосы автодороги «Южный обход» в районе 41-го разъезда

В Актобе досрочно открыли две из четырех полос строящейся автомобильной дороги «Южный обход» в районе 41-го разъезда протяженностью 2,9 км. Ранее аким области Ералы Тугжанов поручил ответственным руководителям местных исполнительных органов и подрядной организации завершить и сдать две полосы дороги к 15 октября для беспрепятственного проезда автотранспорта. Исполнения поручения с нетерпением ждали жители 41-го разъезда и и села Ясного, которые уже более 3 лет испытывают неудобства из-за затянувшихся дорожно-строительных работ.

Осмотрев сегодня открытые две полосы, глава региона Ералы Тугжанов поручил руководству управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог, а также подрядчику ускорить темпы работ на оставшейся части 4-полосной дороги.

"Для движения транспорта открыты две из четырех полос. Состояние данной дороги было одним из основных проблемных вопросов, волнующих население. Я знаю, что граждане, проживающие в населенных пунктах вдоль дороги, просили о завершении ремонта каждый день. Поэтому мы постарались выполнить график работ как можно раньше. На второй части дороги ремонт продолжается безостановочно. Подрядчик пообещал до наступления холодов завершить подготовку основания дороги. Всю работу будем держать на контроле", - резюмировал аким области Е. Тугжанов.

Пресс-служба акима Актюбинской области
160 views11:46
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 14:46:46
136 views11:46
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 14:46:00 Бүгін, Ақтөбе қаласындағы оңтүстік айналма автокөлік жолының екі жолағы ашылды

Ақтөбеде салынып жатқан Оңтүстік айналма автокөлік жолының 2,9 шақырымы жоспарланған мерзімінен бұрын ашылды. Осыған дейін облыс әкімі Ералы Тоғжанов жауапты басшылар мен мердігер ұйымға жолдың екі жолағын автокөлік кедергісіз өтетіндей етіп қазанның 15-не аяқтап тапсыруды міндеттеген болатын.  Әсіресе бұл шешімді 3 жылдан астам уақыт бойы жол азабын көріп келе жатқан 41-разъезд, Ясный елді мекені тұрғындары зор қуанышпен қабылдап, тағатсыздана күткен еді.

Ералы Тоғжанов бірден мәселенің мән-жайын анықтап, ақтөбеліктер үшін кезек күттірмейтін проблеманы шешуге тапсырма берген болатын. Себебі жолсызға айналған бұл жолдың жөнделуінің жылдарға созылғаны қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап облыс әкімін алаңдатты.

Ал бүгін жолдың екі жолағының ашылғанын өзі барып көріп, жауапты басқарма басшылығына және мердігерге 4 жолақты жолдың қалған бөлігіндегі жұмыстар қарқынын жеделдетуді тапсырды.

«Көлік қозғалысы үшін төрт жолақтың екеуі ашылып отыр. Бұл - халықтың бізге қойған ең негізгі талаптарының бірі. Әсіресе осы жолға жақын елді мекендерде тұратын халық күн сайын сұрап отырғанын білемін. Сондықтан біз жұмыс кестесін барынша мерзімінен бұрын орындауға тырыстық. Жолдың екінші бөлігінде жұмыс тоқтамайды. Салқын түскенше мердігер жолдың негізін салып аяқтауға уәдесін берді. Барлық жұмысты бақылауда ұстайтын боламыз», - деп түйіндеді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
132 views11:46
Ашу / Түсініктеме