Get Mystery Box with random crypto!

News of Aktobe region 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі aktobe_region — News of Aktobe region 🇰🇿 N
Telegram арнасының логотипі aktobe_region — News of Aktobe region 🇰🇿
Арна мекенжайы: @aktobe_region
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.72K
Арнадан сипаттама

⚜️ Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми жаңалықтары
⚜️ Официальные новости акимата Актюбинской области

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-10-06 21:54:44
56 views18:54
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 21:54:24 Өңірде Мемлекет басшысының 2025 жылға халықтың 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бойынша шаралар тиімді іске асырылуда.

Жұмыс сапары аясында өңір басшысы Темір ауданы Қалмаққырған ауылында сумен жабдықтау нысанын іске қосуға қатысты. Ералы Тоғжанов ауыл тұрғындарына арнаған сөзінде Президенттің халықты сапалы ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалатынын атап өтті.

Қалмаққырған ауылында барлығы 7,9 км. су құбыры желілері мен тиісті инфрақұрылым құрылысына мемлекет 278,1 млн. теңге бөлді. Орталықтандырылған су жүйесіне 400-ден астам адам тұратын 70-ке жуық үйлер мен амбулаториялық пункт қосылды.

«Әлихан Ойл З» мердігер компаниясы нысан іске қосылған күні көпбалалы Сұлтановтар отбасына кір жуғыш машинаны сыйға тартты.

Айта кетейік, бүгінде Темір ауданы халқының 96,7% - ы орталықтандырылған сумен, 91,7% - ы газбен қамтамасыз етілген. Ауылдық елді мекендерді газбен және сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Өңір басшысы Шұбарқұдық ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Облыс әкімі қысқа мерзімде 16 пәтерлі екі қабатты коммуналдық үйдің құрылысын қайта бастау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Өткен жылы басталған нысан құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты тоқтап қалған. Алдын ала есептеулер бойынша қосымша 45 миллион теңге қажет. Құрылыстың аяқталуын кезекте тұрғандар асыға күтуде. Ауданда тұрғын үйге кезекте барлығы 550 адам тұр.

Орталық аудандық ауруханада кадр бойынша мәселе көтерілді, нақтырақ айтқанда тар шеңберлі дәрігер мамандығынан  алты маман жетіспейді.

«Мамандар үшін жағдай жасау керек. Мен бұл міндетті барлық аудандар бойынша қойдым. Бізде медициналық университет бар, бірақ өзімізді кадрлармен қамтамасыз ете алмай отырмыз, мұндай жағдай болмауы тиіс», - деді Е.Тоғжанов.

Сондай-ақ, өңір басшысы Темір, Ойыл және Байғанин аудандарының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін 100 орындық ауданаралық аурухана салу жоспарымен танысты.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
63 views18:54
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 21:54:01   Ақтөбе облысында Президенттің халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалмақ

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Темір ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Аймақ басшысының жұмыс сапары облыстық маңызы бар «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолын аралаудан басталды. Жол 2019 жылы орташа жөндеуден кейін пайдалануға берілгенімен, қазіргі уақытта кейбір учаскелерде көптеген ақаулары бар. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен мердігер компанияның басшылығы «Ақтөбе-Қандыағаш» тас жолын қайта жаңғыртуға байланысты бұл жол арқылы жүрушілердің көбеюінен деп ақталып отыр. Олардың айтуынша, республикалық маңызы бар жолдың жүк көтергіштігіне есептелген жүк көліктерінің өтуі облыстық жолдың бұзылуына әкеліп соққан.

Облыс әкімі ауыр жүк көліктерінің бұл жолмен өтіп, жолды бұзуына байланысты сұрақ қойды.

«Басқарма, көлік инспекциясы, аудан әкімдіктерінің бақылауы қайда? Бұл жолға қаншама қаржы құйылды... Оны халыққа қалай түсіндіресіз? Мұндай жолмен адамдар қалай жүруі керек?» — деді облыс әкімі.

Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен бұл факті бойынша тексеру жүргізіледі. Жол жөндеуді міндетіне алған мердігердің жұмысына және мемлекеттік мекемелердің қызметіне баға беріледі.

Сондай-ақ өңір басшысы «Ақтөбе-Атырау» автожолының көпірін қарап, Тасқопа ауылына кіре беріс 33 км жолдың орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Жолды 3 аумаққа бөліп, 3 жылда жөндеуді аяқтау жоспарлануда. Қазіргі уақытта жол ұзындығы бойынша тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Ералы Тоғжанов «Асылхан» шаруа қожалығында болып, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев биылғы жылдың 8 айында 17,1 млрд.теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өсім 3,8 пайызға көтерілгенін баяндады.

Сондай-ақ ол «Ауыл аманаты» жобасы екі ауылдық округті, соның ішінде 1477 тұрғыны бар Ақсай ауылдық округін қамтитынын айтты. Экономикалық белсенді халықтың арасынан ауылдың 313 тұрғынының тұрақты табыс көзі жоқ.

«Бірінші кезекте жобамен жұмыссыздар қамтылуы тиіс. Оларға жеке қосалқы шаруашылығын табыс көзі ретінде пайдалануға көмектесу қажет», - деп өңір басшысы ауыл шаруашылығы өндірушілерін бағдарлама мен ауылдастарын белсенді қолдауға шақырды.  

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Ауыл аманаты» шеңберінде жобаға қатысушылар 122 жобаны жүзеге асырады, 1,1 мыңнан астам адам қамтылған 276 аула жұмылдырылады.
76 views18:54
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 21:17:10
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Атқарушы билік өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдары ерекше жандардың мемлекет тарапынан толықтай қорғалуы үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз тиіс. Біздің мақсатымыз бір» - Ералы Тоғжанов

                                 

«Как вам известно, Глава государства уделяет особое внимание улучшению качества жизни лиц с ограниченными возможностями. Представители органов власти, неправительственных организаций должны объединить усилия, чтобы совместно помочь им в полном объёме получить помощь и защиту, гарантированную государством. Наши цели едины» -  Ералы Тугжанов
122 views18:17
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 21:03:45
«Жақында біз «Асар жолы» жобасын жүзеге асырып, онымен барлық өңірлерді араладық. Біздің міндетіміз тек үй сатып алумен ғана шектелмейді, басты мақсат – масылдықтан құтылу, қамқорлығымыздағы жандарды кейін өздері меценаттық таныта алатындай бақуатты ету. Үй тек алғашқы қадам, сосын кәсіп ашуға, бала тәрбиесіне көмектесеміз. Айтайын дегенім, дәл Ақтөбеде «Асар жолы» жобасы бойынша рекордтық төлем болған», -  А.Нұрмашев

                              

«Не так давно нами был реализован проект «Асар жолы», с которым мы объехали все регионы. Наша миссия не ограничивается покупкой домов, самая главная цель - вывести из иждивенчества, сделать наших подопечных состоятельными, чтобы они могли в итоге и сами примкнуть к меценатству. Дом - это только первый шаг, далее помогаем и с открытием своего дела, с образованием детей. Хочу отметить, что именно в Актобе по проекту «Асар жолы» были рекордные сборы», -  А. Нурмашев.
128 views18:03
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 16:45:34 Ералы Тугжанов: Лица с ограниченными возможностями должны в полном объёме получать помощь и защиту,  гарантированную государством

В Актобе прошла ежегодная областная конференция, приуроченная к Международному дню инвалидов. В работе конференции приняли участие аким области Ералы Тугжанов, представители ряда государственных, неправительственных организаций и общественности. 

«Как вам известно, Глава государства уделяет особое внимание улучшению качества жизни лиц с ограниченными возможностями. Представители органов власти, неправительственных организаций должны объединить усилия, чтобы совместно помочь им в полном объёме получить помощь и защиту, гарантированную государством. Наши цели едины», - подчеркнул аким области Е. Тугжанов, обращаясь к собравшимся.   

В Актюбинской области проживают более 28 тысяч граждан с инвалидностью, которым оказывается всесторонняя социальная поддержка. Так, с начала года почти 2,5 тысячи человек были охвачены специальными социальными услугами на дому, свыше 1,8 тыс. - активными мерами содействия занятости, тысячи граждан обеспечены реабилитационными услугами. Всего через портал социальных услуг до конца года различные услуги будут оказаны почти 16,8 тыс. гражданам. 
 
441 объект по области с начала года адаптирован для беспрепятственного доступа граждан с инвалидностью, и работа в данном направлении продолжается.  Стоит отметить, что долгие годы в регионе работает инватакси - в распоряжении службы на данный момент 30 специальных автомобилей. 

Кроме того, руководство области уделяет особое внимание вопросам качественной реабилитации. В этом году в областном центре начато строительство реабилитационного центра на 150 мест, еще один реацентр откроют в с. Егиндыбулак Хобдинского района. Также в этом году в Актобе введут в эксплуатацию уникальный спортивный комплекс для лиц с ограниченными возможностями. 

В ходе конференции были обсуждены актуальные вопросы участия граждан с ограниченными возможностями в общественно-политической жизни, результаты работы портала социальных услуг, государственного заказа в социальной сфере и его эффективности, информирования граждан с ограниченными возможностями о государственной политике и др. 

«Думаю, что сегодня институты власти и общества получили от представителей целевых групп ценные предложения по улучшению качества жизни граждан с ограниченными возможностями здоровья.  Будут сделаны соответствующие выводы, направленные на соблюдение прав граждан с инвалидностью», -  резюмировала конференцию председатель ОО «Центр поддержки парализованных граждан города Актобе» Куралай Байменова.

Пресс-служба акима Актюбинской области
371 views13:45
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 16:45:23
253 views13:45
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 16:45:10 Ералы Тоғжанов: Мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекет тарапынан толықтай қорғалуы тиіс

Ақтөбеде Халықаралық мүгедектер күніне арналған дәстүрлі облыстық конференция өтті. Конференция жұмысына облыс әкімі Ералы Тоғжанов, бірқатар мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Атқарушы билік өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдары ерекше жандардың мемлекет тарапынан толықтай қорғалуы үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз тиіс. Біздің мақсатымыз бір», - деді облыс әкімі Е.Тоғжанов жиналғандарға арнаған сөзінде.

Ақтөбе облысында 28 мыңнан астам мүгедек азамат тұрады, оларға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Жыл басынан бері 2,5 мыңға жуық адам үйде арнаулы әлеуметтік қызметтермен, 1,8 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырудың белсенді шараларымен қамтылып, мыңдаған азаматтар оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді. Барлығы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жыл соңына дейін 16,8 мыңға жуық азаматқа түрлі қызметтер көрсетілетін болады.

Облыс бойынша 441 нысан жыл басынан бері мүгедектігі бар азаматтардың кедергісіз кіруіне бейімделді және бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Айта кету керек, ұзақ жылдар бойы аймақта инватакси жұмыс істейді, қазіргі уақытта аталған қызметтің қарамағында 30 арнайы көлік бар.

Сонымен қатар, облыс басшылығы сапалы оңалту мәселелеріне ерекше назар аударады. Биыл облыс орталығында 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды, Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылында тағы бір оңалту орталығы ашылады. Сондай-ақ биыл Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бірегей спорт кешені пайдалануға беріледі.

Конференция барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуының өзекті мәселелері, әлеуметтік қызметтер порталы жұмысының нәтижелері, әлеуметтік саладағы мемлекеттік тапсырыс және оның тиімділігі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттандыру және т.б. мәселелер талқыланды.

«Бүгін билік және қоғам институттары арнайы топ өкілдерінен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша құнды ұсыныстар алды деп ойлаймын. Мүгедек азаматтардың құқықтарын сақтауға бағытталған тиісті қорытындылар жасалады», - деп түйіндеді «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрағасы Құралай Байменова.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
257 views13:45
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 15:52:29 Ералы Тугжанов: Мы готовы оказать всестороннюю поддержку креативных инициатив молодежи

В Актобе сегодня прошел форум молодежи «Ақтөбе - мүмкіндіктер мекені», в рамках которого были обсуждены актуальные вопросы, касающиеся развития сферы молодежной политики.

Форум состоялся с участием акима Актюбинской области Ералы Тугжанова, основателя общественного фонда Asar Ume Асхата Нурмашева, молодых предпринимателей, успешно реализовавших стартапы в различных сферах, в том числе в креативной индустрии. По приглашению главы региона для участия в форуме в Актобе приехал непобеждённый казахстанский боец смешанных боевых единоборств Шавкат Рахмонов.

Ключевой темой обсуждения стали перспективы развития креативных индустрий в Актюбинской области. Аким области подчеркнул, что креативные индустрии выступают в качестве основного источника новых технологий, отраслей и драйвера экономического роста.

«Сегодня в регионе проживают более 170 тысяч человек в возрасте от 14 до 28 лет. Доля молодежи в общем населении составляет почти 20 процентов. В недавнем обращении к молодежи Президент Касым-Жомарт Кемелевич Токаев говоря о стремлении к знаниям, отметил, что будущее за цифровыми технологиями и инновациями, что при участии молодёжи страна должна стать конкурентоспособной, обеспечив повышение благосостояния и качества жизни граждан. Именно в этом направлении мы готовы всесторонне поддержать реализацию инициатив талантливой молодежи нашего региона», - сказал Е. Тугжанов.

Он отметил, что молодые актюбинцы уже демонстрируют большие успехи в одном из основных направлений креативных индустрий - в IT сфере. К примеру, Ермек Серикбай первым в стране создал человекоподобного робота, Айболат Кулатай разработал более 30 мобильных приложений. Оба сегодня являются основателями технологических компаний.

Креативные кластеры могут стать эффективным пространством для развития благотворительности, считает Асхат Нурмашев. Его фонд Asar Ume за последние три года обеспечил жильем 440 нуждающихся семей, в которых воспитываются более 2700 детей.

«Не так давно нами был реализован проект «Асар жолы», с которым мы объехали все регионы. Наша миссия не ограничивается покупкой домов, самая главная цель - вывести из иждивенчества, сделать наших подопечных состоятельными, чтобы они могли в итоге и сами примкнуть к меценатству. Дом - это только первый шаг, далее помогаем и с открытием своего дела, с образованием детей. Хочу отметить, что именно в Актобе по проекту «Асар жолы» были рекордные сборы», - сказал А. Нурмашев.

В рамках форума было высказано множество предложений, рассмотрены различные проекты, направленные на поддержку и развитие молодежи.

Так, в целях создания цифрового технопарка был подписан двусторонний меморандум между управлением цифровых технологий Актюбинской области и IT ассоциацией "Next Gen Aktobe".

Глава региона акцентировал внимание участников форума на обеспечении занятости молодежи, особенно в сельской местности. Для повышения доходов сельского населения в следующем году стартует проект «Ауыл аманаты». Его реализация позволит обеспечить молодых людей на селе работой с достойным уровнем доходов и остановить отток молодежи из сельской местности в более крупные населенные пункты.

«Основная цель нашей сегодняшней встречи - выслушать предложения молодых людей, занятых в разных сферах и вместе искать пути их реализации. Чем ярче и крепче пламя молодежи, тем крепче, прочнее, устойчивее будущее государства. Уверен, что ваши инициативы и старания на пути их реализации внесут значительный вклад в развитие и процветание нашей независимой страны и региона», - заключил аким области Е. Тугжанов.

Пресс-служба акима Актюбинской области
279 views12:52
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 15:52:19
220 views12:52
Ашу / Түсініктеме